авторы: Merlan (15 қаңтар, 07:01 жарияланды)
Тақырыбы: Бастауыштың бал дәмі.

Ән: «Ақтілек» Орындайтын: Алмасова Маржан.

Жанаргүл Аманқосқызы: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Осыданжыл бұрын жаутаңдап мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне бой түзеп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздеріне деген жауапкершілік пайда болып, бүгін міне бастауыштың бал дәмін тата отырып, бастауыш сыныппен қоштасу салтанатын өткізбекші.
(Көңілді әуен ойналады)
Қалиса Аллаярқызы: - Бүгінгі бүлдіршін ел бірлігін ойлайтын, өз Отандарын қорғайтын біздің болашағымыз. Енді осы шәкірттерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
Ж.А: 1. Ізбасары әкесінің,
Мейрамбек біздің ай бала,
Ғылым, білім өнерге
Қанат қағар қайда да.
Қ.А: Нұрхан деген баламыз,
Отанымыздың түлегі.
Болар үлкен азамат,
«Ел» деп соққан жүрегі.
Ж.А: Маржан біздің жайнайды,
Тоты құстай сайрайды.
Ән де айта алады,
Би де билеп береді.
Қ.А. Бекарыс – деген түлегіміз,
Ақтап Отан тілегін.
Мақтанышқа бөлейді,
Ата-ана жүрегін.
Ж.А. Диас өсіп келеді,
Ержетеді, өрелі,
Сап-салмақты баламыз,
Талабына қараңыз.
Ж.А: Еркелеткен анасы.
Рысханға қарашы.
Білім деп соққан жүрегі,
Әрқашан көңілді жүреді.
Қ.А: Сыныптастары мақтаған,
Ердің аты – Данияр.
Қазір жап-жас болса да,
Таудай үлкен талабы.
Ж.А: Әділ деген ұланымыз,
Тәуелсіз елде тұрамыз.
Жас ұрпағы бүгінгі,
Ал ертеңгі қыранымыз.
Қ.А: Айдынға біздің қараңыз,
Бал күлкілі баламыз,
Жарқын болсын өмірі,
Орындалар тілегі.

Бәрі бірге: Біз сенімдеріңізді ақтаймыз! (Шарларын жібереді)
Ж.А: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Маржан: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаздарым, толастамас мәңгі ісің,
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Мейрамбек: Шәкіртіне беретін білім нәрін,
Аялаймыз, ардақтап «Ұстаз» халқын.
Ал мектебім жыл сайын гүлденеді,
Арыстанбек Нұққалиұлы
Өзіңіз басқаратын,- дей келе мектебіміздің директоры: Ғұбаш Арыстанбек Нұхқалиұлына сөз береміз.
Рысхан: Шашымызды тараған,
Қабағымызға қараған.
Бақытжамал апайды,
Сыйлайды бар адам.
Айдын: Ой жіберсек мәніне,
Өзін-өзі тану пәніне,
Өмір сырын үйретер,
Гүлсім Садыққызы бәріне.
Әділ: Орыс тілін үйреткен,
Анамыздай сыр шерткен.
Күмісай Карипуллақызын,
Айтамыз зор құрметпен.
Данияр: Сүйеміз ән-күй сабағын,
Суретті де саламыз.
Райхан Жалғасқызын,
Әрдайым еске аламыз.
Нұрхан: Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейілді,
Мұрат ағай осындай.
Маржан: Үйретіп би жолдарын,
Өнерге бізді бастадың.
Нұргүл Қуанайқызы
Үлкен істі атқардың.
Бекарыс: Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Ақтолқын Меңдіғалиқызы
Қамқор боп бізге жүреді.
Мейрамбек: Ойынның шексіз өресі,
Әділ де қатаң төреші
Ұрыспай айтқан ақылын,
Жанаргүл Аманқосқызы ақылшым.
Данияр: Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқырап.
Өсіреді ой-сананы,
Қалиса Аллаярқызы сабағы.
Хор: «Алғашқы ұстазым»
Рысхан: Ақыл, сана, берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің,
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Шәкірттері көрсетеді өнерін.

Рысханның орындауында ән: «Көбелек»

Үнді биі. Алмасова Маржан.

Ата-аналармен ойындар ойнатылады. «Сөз ойла, көп ойла», «Құймақ пісіру» ойындары.

Көрініс: «Жер-ана»

Балалармен ойын: «Сандарды шатаспай сана»

Диплом тапсыру рәсімі.

Бекарыс: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген
Байыппен баурап өсірген.
Үлгілі әркез ұстамды,
Сабырлы ізгі ұстазды,
Анадай көріп сыйлаймыз,
Қоштасар кезде қимаймыз.

Рысхан: Жазуларымды қаттаған,
Жақсымды көріп мақтаған,
Ардақты ұстаз – жақсы адам
Айтқанын ұғып жаттаған.
Жетелеп әрі сынап та,
Жеткізген бізді мұратқа.
Ұлағат ісін сүйеміз
Ұстазға басымызды иеміз.

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Ж.А: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
- Ақ тілекпен баршаға тілек айтар,- дей келе ата-аналарға құттықтау сөз кезегін береміз. «Жылы сөз» ойыны.
  • 0
 қаралды: 1237
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қазан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама