авторы: ardak1 (6 қаңтар, 19:01 жарияланды)
Класс: 5 б
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Әр түрлі графикалық фигураларды салу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,жұмыс дәптері, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, сурет.
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
а) иа, жоқ
б) тест
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5. бағалау
6.Үйге тапсырма беру
Салеметсіндерме, балалар!Сабақты бастамас бұрын мен сендерге мынандай сұрақ қояйын деп тұрмын;
1.Хан деп кімді айтқан? (билеуші)
2. Қазақ хандарынан қандай хандарды білесіңдер?
Биыл ерекше ел көлемінде атап өтілген қандай атаулы тарихи оқиғаларды білесіңдер? (қазақ хандығына 550 жыл)
Міне, балалар біздің бүгінгі сабағымыз осы қазақ хандығымен байланысты өтейін деп отыр.Біз бүгін сабағымызда уақыт жиегімен тарих бетіне, оның ішінде қазақ хандығының құрылу жолына тоқталып өтеміз. Ол тарихи кезеңдердің әр түрлі тапсырмалары бар, сол тапсырмаларды орндау арқылы тарихқа көз жүгіртеміз.Сонымен,
1. XV ғасыр
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Қазақ хандығын тұрғызды. Қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді. Ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлеміде ұлғайды.
1465-1466 ж Қазақ хандығы құрылды
.Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті


1.Компьютерлік графикада екі бағат бар:бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу (иа)
2.Түсті таңдау үшін Түстер тобындаағы Палитраны қолданбаймыз (жок)
3.Барлық растрлық кескіндер символдардан тұрады (жок)
4.Графикалық редактор- графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа (иа)
5.Paint - бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор (иа)
6.Компьютерде графикалық ақпараттарды құру құралдарына (сканер, тышқан, планшет ) (иа)
7.Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады (иа)
8. "Paint" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жобалау деп аталады? (жоқ)
9.Растрлық бейнені Paint стандарттық програмасында өңдеуге болады (иа)
10.Графиклық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады (иа)
2.XVI ғасыр



Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.1511-1518ж
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
1.. «Paint» бағдарламасында құжатты бірінші рет сақтағанда ........
А. Файл-Сақтау командасын орындау;
В. Тышқанның оң жақ батырмасы, Сақтау командасын орындау;
С. Файл - ....деп сақтау командасын орындау;
Д. Сақтау батырмасын шерту;

2.«Paint» графикалық редакторының іске қосылуы.
А. Іске қосу-Программалар-Стандартты- Paint
В. Іске қосу- Стандартты- Paint
С. Іске қосу-Программалар-Стандартты-Қызметші-Paint
Д. Іске қосу-Программалар- Paint
Е. Программалар-Стандартты- Paint
3. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А.Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.
В. Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С.Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
Д. Esc пернесін басу арқылы
4.Палитраның неше түсі бар?
А.256
В.2
С.30
Д.қанша керек болса
5.Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
А.Түстер тобы- Түстерді өзгерту
В. Сурет - Түстерді қайтару
С.Саймандар - Түспен толтыру
Д.Файл -Құру
6.Палитра жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
А.Сары, сұр, қан қызыл
В. Көгілдір, қызыл, қара
С.Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк
Д. Жасыл, қызыл, сары
7.Фонның түсін фигуралардың түсін өзгерту үшін?
А.Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.
В. Түстер тобындағы Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С.Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
Д. Esc пернесін басу арқылы
8. Графиктік редактор терезесінің меню құрамы:
А. Сурет, Параметрлер, Анықтама;
В. Файл, Түр, Түзету, Сурет
С. Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра;
Д. Файл, Түзету, Түр, Сурет, Параметрлер, Анықтама.
9. Paint файлының пішімі?
А..bmp
B.jpg
C.png
D..gif
10.Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А.кішкене тіктөртбұрыштан
В.нүктелерден
С.сызықтардан
Д.Символдардан
3. XVII ғасыр
Жаңа сабақ

Тәуекел хан кезеңі (1680-1715ж)
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады Тәуке хан кезеңі
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Paint терезе элементтерін құру
4.XVII ғасыр
І. Ресей құрамында
ІІ, а)Абылай ханның(1771-1781ж)

тұсында Қазақ хандығы
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.

5.XIX ғасыр
ІІ б).Кеңесары көтерлісі (1837-1847)
Paint құрал -саймандарды құрау

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үшжүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
6. XX ғасыр
ІІІ. Кеңес үкіметінің құрамында (1917-1991ж)
"Азаттық аңсаған Алаш азаматтары"

а) Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
А.Байтұрсынов.МДулатовӘ.Бөкейханов
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ.
Тапсырма : Paint графикалық редакторын пайдаланып найзаның суретін салу
7.б)Ұлы Отан соғысы(1941-1945ж)

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Тапсырма: : Paint графикалық редакторын пайдаланып жебенің суретін салу
8)с) Желтоқсан Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
тапсырма: Paint графикалық редакторын пайдаланып қалқанның суретін салу
9, XXI ғасыр. Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

5. Бағалау

6.Үйге тапсырма: §15

Аты-жөн:_____________________________________________________________

Сабақ не туралы болды?____________________________________________
  • 0
 қаралды: 179
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама