авторы: bibigul6509 (28 желтоқсан, 19:12 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі теңсіздіктерді шешу
Сілтеме : Жоспар, 11-сынып Алгебра және анализ бастамалары оқулық А.Е.Әбілқасымова ,К.Д.Шойынбеков, В.Е.Корчевский,З.А.Жұмағұлова Алматы «Мектеп»2010ж,А.Н.Шыныбеков Алматы «Атамұра»2013ж
Жалпы мақсаттары :
1)Оқушыларға теңсіздіктерді шешудің жалпы әдісін меңгерту; теңсіздіктерді шешудің жалпы әдісі бойынша оқушылардың білік, дағдыларын қалыптастыру. б)ойлау жүйелілігін және талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту; в)іздену, бақылау арқылы оқушылардың дүние таным қабілеттерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
А)Әртүрлі теңсіздіктерді шешу шешудің негізгі әдістерін шешуді үйренеді.
Б)Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.Есеп шығару қабілеттері артады.
С)Сабақта жаңа әдістерді қолдана біледі
Түйінді идеялар:
Оқушылардың бүгінгі сабаққа білетін білімдері арқылы кіру:
Оқушылармен диалог құру арқылы сыни ойлауға үйрету,берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету;
Оқушыларды топпен бірлесе отырып, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі бағалай білуі.
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс, «Ойлан, жұптас,бірік» әдісі,жұптық жұмыс «Диалог» , жеке жұмыс,сұрақ жауап, , карточкамен жұмыс, тест орындау
Оқыту әдістері:
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы,Блум таксономиясы, диалогтік оқыту, бағалау, АКТ "Миға шабул," "Жигсо" «Ойлан, жұптас,бірік» әдісі,
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес, топтық жұмыс
Көрнекілігі : Компьютер,интерактивті тақта,үлестірмелі қағздар,тест тапсырмалары,бағлау парағы, слайдтар, стикер, маркер,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Сабақты бекіту (жуан және жіңішке сұрақтар)
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс- әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық
2.Оқушылар шеңбер құрып, «Амандасу» тренинг
Сәлем дос (қолдарымен амандасу)
Сен қалайсың (арқасынан қағады)
Сен қайда болдың? (бір-бірінің құлақтарынан тартады)
Мен сағындым.(жүректерін қолдарына апарады)
Сен келдің (қолдарын жан-жаққа сермейді)
Келгенің тамаша болды!(Құшақтасады)
3.Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы
4.Бағалау парағын тарату ,бағалаушы сайлау.
Оқушының іс- әрекеті
Оқушылар екі топ құрайды. Әр топ бағалаушысын сайлайды. Топ басшылары оқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп отырады.
Білім. Қызығушылығын ояту: «Миға шабул» әдісі арқылы сұрақ -жауап
Мұғалімнің іс- әрекеті:
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.Топ бойынша өткен тақырып бойынша сұрақ жауаптарға дайындық жасау..
Оқушының іс- әрекеті
Мұғалім берген тапсырманы орындау.Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдық таныту ,өз ойларын жеткізу.
Түсіну.Тапсырма
"Жигсо" әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері.
Мұғалімнің іс- әрекеті
Жаңа сабақ бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағынасын аштыру.
Оқушының іс- әрекеті Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді,топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды,өз ой-пікірлерімен санаса білу.
Қолдану: Мұғалімнің іс- әрекеті
Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушыларға түсіндіруге дайын материалдар таратуЖаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың "Спираль" әдісін алу.Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды.Оқушыларға уақыт беріп тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырам.
Оқушының іс- әрекеті . Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау,өз ойлары мен пікірлерін айту.Топ болып жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір -біріне түсіндіреді.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтада жаттығу жұмыстары көрсетіледі
Оқушылар орындарынан тұрып жаттығуды қайталап бойларын жазады.
Талдау: Топпен жұмыс, жеке карточкалар беру, «Ойлан,жұптас, бірік» әдісі
Оқулықтан есептер әр топқа бөлініп беріледі.
Берілген тапсырманы уақтылы орындау, сұрақтарға жауап беру,өзара пікір алмасады, топпен жеке -дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек.
Жинақтау. Сабақты бекіту.
1) Сұрақтар беру. Оқушылар өз жауаптарын айтады.
2) Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Бағалаушылар оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды.Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағалау.
Рефлекция
Стикерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады.
  • 0
 қаралды: 167
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама