авторы: bibigul6509 (28 желтоқсан, 19:12 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Сілтеме : Жоспар, 5-сынып математика оқулық А.Е.Әбілқасымова ,Т.П.Кучер,
З.Ә.Жұмағұлова Алматы «Мектеп»2009ж, әдістеме
Жалпы мақсаттары :
А) білімділік: Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу тақырыбын игеру барсында алған
білімдерін тереңдетіп,логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын
жетілдіру,ережені есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Б) дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау,
есте сақтау қабілетін дамыту, сана-сезімін арттыру
В) тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,
ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.Өзара
әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлей білуге,ойларын еркін жеткізе білуге
жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
А.Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу ережесін біледі.
В. Теорияны практикада қолданып, есеп шығара алады.
С.Топта және ұжымда жұмыс жасау дағдылары қалыптасады
Түйінді идеялар:
Оқушылардың бүгінгі сабаққа білетін білімдері арқылы кіру:
Оқушылармен диалог құру арқылы сыни ойлауға үйрету,берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету;
Оқушыларды топпен бірлесе отырып, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі бағалай білуі.
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс, «Ойлан, жұптас,бірік» әдісі,жұптық жұмыс «Диалог» , жеке жұмыс,сұрақ жауап, деңгейлік есептер, карточкамен жұмыс, тест орындау
Оқыту әдістері:
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы,диалогтік оқыту, бағалау, АКТ «Ойлан, жұптас,бірік» әдісі,
Сабақтың түрі : Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес, топтық жұмыс
Көрнекілігі : Компьютер,интерактивті тақта,үлестірмелі қағздар,тест тапсырмалары,бағлау парағы, слайдтар, стикер, маркер,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Есептер шығару
Сергіту сәті
Сабақты бекіту (жуан және жіңішке сұрақтар)
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс- әрекеті:
Сынып оқушыларын сабаққа психологиялық дайындау.
Атом молекулла арқылы бес-бестен екі топқа бөлу.
Бағалау парағын үлестіремін.
Топ бағалаушысын сайлау
Оқушының іс- әрекеті
Бір-біріне жылы сөздер айту арқылы бүгнгі сабаққа сәттілік тілейді. Оқушылар екі топ құрайды. Әр топ бағалаушысын сайлайды. Топ басшылары оқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп отырады.
Тұсау кесер: ІІ Үй жұмысын тексеру Оқушылар дәптерлерін ауыстыру арқылы үй тапсырмасын тексереді. Жауабын интер белсенді тақтада болады.
Ой шақыру.
Серіппелі сұрақтар
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс
«Миға шабул» әдісі
Сұрақ
1.Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу дегеніміз не?
Оқушылар өз жауаптарын көршілерімен бөлісіп, топта талдап, топтан біреуі жауап береді Негізгі бөлім
Топпен жұмыс «Ойлан,жұптас, бірік» әдісі
Оқулықтан есептер шығару
Әр оқушы өз деңгейінше есептерін шығарып топта талдайды.Топтан бір оқушы шығып тақтаға жазады.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтада жаттығу жұмыстары көрсетіледі
Оқушылар орындарынан тұрып жаттығуды қайталап бойларын жазады.
Деңгейлік тапсырмалар:
Оқушыларға үлестірме қағаздарын үлестіріледі.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды әркім өз деңгейіне қарай есепті шығарады. Жауабы интербелсенді тақта арқылы тексеріледі
Тест
Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады.
Сабақты бекіту : Сұрақтар беру
Оқушылар өз жауаптарын айтады.
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Бағалаушылар оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды. Өз- өзін бағалау, бір бірін бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды
Рефлекция
Стикерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады.
Не білдім?
Не үйрендім?
Нені білгім келеді

Бағалау парағы
р/с Оқушының аты -жөні Үй тапсырмасын орындауы Қайталау сұрақтары Тапсырмалар Жалпы бағасы
Оқулықпен
жұмыс Деңгейлік тапсырма Тест жұмысы
1
2
3
4
  • 0
 қаралды: 486
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама