авторы: Zsn_nazerke (4 желтоқсан, 15:12 жарияланды)
Күні:
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Биосфераның құрам бөліктері: тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биосфераның биосірескен және сірескен заттары (В.И.Вернадский).
Сабақтың мақсаты: 1. Биосфера және оның шекаралары, биосфераның құрылымы туралы білу.
2. Өзінің оқушылық міндетіне саналылық пен қарауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың қорытындылау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: оқулықтағы суреттерді, кестені пайдалану.
І. Ұйымдастыру
Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қою


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
В.И. Вернадский биосфера туралы ілімінде биосфераны құрайтын заттарға ерекше мән берді. Оның тұжырымы бойынша биосфера жеті түрлі құрамдас заттардың жиынтығынан тұрады. В.И.Вернадский тіршілік атаулының негізі “тірі заттар” мен “өлі заттар” деп түсіндірді. Ол “тірі заттар ” деп, жер бетінде кеңінен таралған барлық тірі организмдер жиынтығын атады.
Жалпы, биосфера эволюциясында және күнднлікті тіршілік процесінде тірі организмдердің басты рөл атқаратындығын В.И.Вернадский ерекше атап көрсетті. Биосферада болатын заттар мен энергияның алмасуы тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекеті арқылы жүріп отырады. Жер ғаламшарында биосфера қабығының пайда болуының өзін вернадскийтірі организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланыста қарастырды.
В.И.Вернадский ілімі бойынша тірі организмдердің тіршілік етуі үшін оларды қоршаған “өлі заттардың ” болуы шарт. Ол “өлі заттар” деп бастапқы тау жыныстарын атады. Қазіргі кезде “өлі заттар”дегеннің орнына “қоршаған орта” деген ұғым қлоданылады. Биосфераның құрамына бұл айтылған екі заттан басқа “биогненді заттар” да жатады. Биогенді заттарға тікелей тірі организмдердің қалдықтары және олардың тіршілік әрекектінің нәтижесінде пайда болған заттар жатады. Оған тас көмір, шымтезек, с басқа да органикалық шөгінді жыныстарды атауға болады. В.И.Вернадский биосфераның құрамды бір бөлігін “биожинама заттар” деп атады. Биожинама заттарға ірі тірі организмдердің, әрі өлі заттардың қосылуынан пайда болған топырақ, ауа, т.б. жатада. Биожинама заттар биосфера эволюциясында біртіндеп пайда болып, кейіннен тіршңлңк процесінде елеулі рөл атқарған және атқарып та келеді. Биосфераның құрамына бұлардан басқа табиғи түрдегі радиоактивті заттар, шашыранды атомдар және ғарыш кеңістігіндегі шаң-тозаңдар, метеориттер жатады. Биосферанвы құрайтын бұл атадған заттардың бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрі біріне-бірі тәуелді .
Қорыта айтқанда, биосферадағы тірі организмдер химиялық және геологиялық тұрғыдан да өте сирек белсенділік көрсетеді. Биосферағы негізгі биохимилық тығыз өзгерістер тікелей тірі организмдердің қатысуымен жүреді және олар сол процестерді де реттеп отырады.

ІV.Бекіту
• Биожанама заттарға не жатады ?
• В.И.Вернадский тіршіліктің негізіне қандай заттарды жатқызды?
• Атмосферада қандай қабаттар ажыратылады.?

V. Бағалау
Әр оқушының жауаптарына , белсенділігіне қарай талдап бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
§62 оқу.
  • 0
 қаралды: 785
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама