авторы: Айзере1977 (30 қараша, 17:11 жарияланды)
Уақыты: 09.35 Күні: 11.02.2016 ж. 90 минут
Пәні: Қазақ тілі Топ: ДЗ-11
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау, диалог, топтық жұмыс, іздену, оқып- оқытамын
Керекті жабдықтар: кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, семантикалық кесте, тест сауалдары, смайликтер, бейнебаян
Пәнаралық байланыс: өзін-өзін тану, қазақ әдебиеті

Негізгі түсініктер: Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу Қазақ әдебиетімен байланысы: ғылыми еңбектері, зерттеушілік жұмыстары Бағалау:
*Бақылау
* Жұмысты бағалау (формативті бағалау)
* Сапалы білімді бағалау Көрнекіліктер: смайликтер,
бағалау парақшалары, тапсырмалар, семантикалық кесте
Сабақтың мақсаты:
Грамматикалық тақырыпты игере отырып, лексикалық тақырыпты меңгеру, оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.
Міндеттері: 1. Сөйлем құрғанда сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдануға үйрету. А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету; Қазақстан ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметтерді қолдануға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; Тақырып бойынша түсіріп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: тақырып бойынша әңгімелеседі, тапсырмаларды орындайды. Өз бетімен жұмыс жасап, ойларын білдіріп, мәтін құрап, бейнебаяннан көргендерін әңгімелеп, сұрақтарға жауап бере алады. Сөйлемдерді талдай алады.

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Топ жетекшісі бағалау парақшасына баға қойып отырады

Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу

Жаңа сабақ

Түсіну
Бағалау

Смайликпен бағалау

Талдау
Жинақтау
Бағалау

Лексикалық тақарып
(резерф)

Бағалау

Лексикалық тақырыпты бекіту

Үйге тапсырма

Оқушылар-
мен қоштасу. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Тілек білдіру» ойыны, оқушылар допты бір-біріне бере отырып, шын жүректерін тілектерін айтады (бір сөзбен).
Топтарға біріктіру
Балалар біздің бүгінгі көңіл-күйіміз қандай? Кәне бәріміз смайликтер арқылы көңіл-күйімізді білдірейік.

Сұрақ-жауап
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жүзеге асады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
2. Үстеулер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)
3. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
(1. Мекен үстеу
2. Мезгіл үстеу
3. Себеп -салдар үстеу
4. Қимыл-сын үстеу
5. Мөлшер үстеу
6. Күшейткіш үстеу
7. Мекен үстеу)
4. Үстеу қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (көбінесе пысықтауыш)
Сабақтың тақырыбын ашу. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (оқушыларға жазғызу әр топқа)
Әр топтың алдында құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет тарату. Өздері конспекті меңгере отырып, салалас құрмалас сөйлемдерге қатысты мәлімет алу. ( 1 топқа ережесін айтқызу, 2-топқа салалс құрмалас сөйлем туралы, оның түрлері , 3 топқа жасалу жолдары.

«Түртіп алу» стратегиясы

1-тапсырма (1 топ) Сөйлем бөліктерін қосыңыз.
1-тапсырма (2-топ) Тиісті шылауды қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
1-тапсырма (3-топ)
Себеп-салдар салалас сөйлем жасаңыз.

Семантикалық карта
Интербелсенді тақтаға семантикалық карта шығарылады. Әр топтың мүшелері кезекпен берілген салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін атап шығады.

топтық жұмыс.
Әр топқа жай сөйлемдер беріледі, сол жай сөйлемдердің сыңарларын тауып салалас құрмалас сөйлем құрастыру қажет.
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік?
Салалас құрмалас сөйлем туралы не білдік?
Лексикалық тақырып: Қазақстанның белгілі ғалымдары. Қаныш Сәтпаев
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (Әр топқа жазғызу. Қазақстанның белгілі ғалымдарынан кімдерді білеміз? )
Оқытушы қазақстан ғалымдары туралы слайд көрсетіп, оқушыларға Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәлімет береді.
Осы мәліметтерден кейін оқушыларға сұрақтар қояды.
Интербелсенді тақтаға сұрақтар шығады, сұрақтарға әр топ кезекпен жауап береді.

Жаңа сөздер.
(сөз қоржыны)
Қоржында әр түрлі сөз жазылған қағаздар болады. Оқушылар сол сөздердің ішінен жаңа сөздерді табулары керек. Табылған жаңа сөздерді дәптерлеріне жазғызу.

Оқушылар біз бүгін танымал ғалымдардың ішінен өзіміздің жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа тоқталып өтеміз. Ендеше келесі бейнебаянға көңіл аударайық.

Қ.И.Сәтпаев туралы бейнебаянды тыңдату.

«Миға шабуыл» стратегиясы (карточка таратылады)
1. Қаныш Сәтпаев кім ?
2. Қай жылы қай облысты туылған?
3. Қандай ғылым академиясын ұйымдастырған ?
4. Қандай іске белесене араласады?
5. Қандай іске жол ашылады?
6. Қаныш Сәтпаев есімі қай тау шыңына берілді?


«Түртіп алу» стратегиясы
Әр топқа мәтін таратылады. Мәтінде не туралы айтылғанын айтып беру.
Сөйлесім.
Топтық жұмыс.
Әр топқа қазақстанның белгілі ғалымдарының суреттерін, басқада қажетті суреттерді беру (яғни оқушылар дизайн мамандығында оқығандықтан стедтті безендіру). Безендіріп болғаннан кейін топ басшылары шығып, жасаған жұмыстарын қорғау.

«Сұрақ-жауап» бойынша білімдерін бекіту
1.Қазақстанның белігілі ғалымдарынан кімдерді білеміз?
2. Қаныш Сәтпаев кім?
3. Ш.Уәлихано ауыз әдебиетіне қандай эпос зерттеп қалдырған?
4. Жүсіп Баласағұни қандай ғылым салаларына үлес қосқан ?
5. Мұрат Айтхожин қандай ғылымда қызмет еткен?
6.Семенов география ғылымына қандай атаулар енгізді?
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (оқушалрға жазғызу, әр топқа. Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы не білдік? )

Рефлексия
Коучтың іс – әрекеті
1.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу
Коучтың іс – әрекеті

«Қазақстанның белгілі ғалымдары», «Қаныш Сәтпаев». Салалас құрмалас сөйлем. Оқушылар амандасады
Тілек айту

Оқушылар көңіл-күйлеріне қатысты смайликтерді алып жапсырады

Сұрақтарға толық жауап береді.

Сұрақтарға орындарында отырып жауап береді

Ребусты шешіп, сабақтың тақырыбын болжайды

Сын тұрғысынан ойлау

Топ басшысы жаңа сабақты (топпен талқылып барып) түсіндіреді (Оқып-оқытамын әдісі)
Ережені айтады. Мысал келтіреді. Дәптерлеріне тақрыпты ережені жазады

Сөйлемдерді топ ішінде жазады. Оқып, түсіндіреді.

жаңа сабақтан түсінгендерін тапсырма арқылы көрсету

Әр топ Қазақстан ғалымдарынан кімдерді білетіндерін айтады. (қазақ тілінде өз ойларын, білетін материалдарын айта білу) слайд көрсету
Ойын арқылы жаңа сөздерді жазғызу

Тыңдалым

Бейнетаспаны тыңдай білу.
Әр топ бейнебаяннан қандай мәлімет алғандарын айту (сөйлеу)
Осы сұрақтарға әр топ ойланып, ақылдасып жауап беру
Мәтіннен алған мәліметтерін ортаға салу. (Оқып-оқытамын әдісі)

Стенд ерекшеліктерді айту

Оқушыларға өз ойларын, не меңгергендерін айтқызу
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айту
Бағалау
Үй жұмысын жазып алады.

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік?

Тыңдалым

1. Тыңдаңыз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

1. Қаныш Сәтпаев кім ?
______________________________________________________________________
2. Қай жылы қай облыста туылған ?
______________________________________________________________________
3. Қандай ғылым академиясын ұйымдастырған ?
______________________________________________________________________
4. Қандай іске белсене араласады ?
______________________________________________________________________
5. Қандай іске жол ашылды ?
______________________________________________________________________
6. Қ.Сәтпаев қай жерге берілді ?
______________________________________________________________________

Тыңдалым

1. Тыңдаңыз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.


7. Қаныш Сәтпаев кім ?
______________________________________________________________________
8. Қай жылы қай облыста туылған ?
______________________________________________________________________
9. Қандай ғылым академиясын ұйымдастырған ?
______________________________________________________________________
10. Қандай іске белсене араласады ?
______________________________________________________________________
11. Қандай іске жол ашылды ?
______________________________________________________________________
12. Қ.Сәтпаев қай жерге берілді ?
______________________________________________________________________

Жазылым.

Тапсырма № 1. Сөйлем бөліктерін қосыңыз.

1. Мәтінді оқып болдым, алайда уақытым болмай жүр.
2. Шет тілін үйренгім келеді, бірақ кейбір сөздерді түсінбедім.
3. Жұмыс табу қиын, дегенмен сатып алды.
4. Ол шет тілінде еркін сөйлейді бірақ жабық екен
5. Тілдік кедергіні жоюға болады, дегенмен іздеп көруге болады
6. Ол кітап сатып алғысы келмеді, алайда ол оңай емес.
7. Мен кітапханаға бардым, сонда да кешігіп келді
8. Ол жұмысқа таксимен келді, әйтсе де білмейтін сөздері көп.

Жазылым.

Тапсырма № 2. Тиісті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді толықтырыңдар.

бірақ алайда әйтсе де дегенмен сонда да

1. Шет тілінде еркін сөйлегім келеді, ..... сөздік қорым жетпейді.
2. Мәтіндер дұрыс секілді, ........ қайта тексеріп шығу керек.
3. Ол бүгін ерте тұрды, ......... жұмыстарын аяқтай алмады.
4. Оның киноға келуге мүмкіндігі болмады, ........ келуге тырысты.
5. Ол дәмханаға барды, ............... көрсетілген қызмет оған ұнамады.
6. Ғаламтордан материал іздедім, .................. таба алмадым.

Жазылым.

Тапсырма № 3. Себеп-салдар салалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

сондықтан өйткені сол себепті өйткені себебі

1. Бүгін Астанадамын. Іссапарға келдім.
2. Құжаттарды қайта тексеру керек. Ертең қол қоюға береміз.
3. Тілді жақсы меңгеру керек. Кітапты көп оқыған дұрыс.
4. Ақпараттарды ғаламтордан аламыз. Маған жылдам ғаламтор керек.
5. Мен қазақ тілін білуім керек. Мен Қазақстанда тұрамын.

Оқылым.
1. Мәтінді оқыңыз.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев

Қаныш Сәтпаев аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері.
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туылған. Қаныш Павлодар қаласында екі кластық орыс-қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық Метоллогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезқазған мыс кенді ауданын ашты. Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И. Сәтпаев Ленин орденімен марапатталды. Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.

Оқылым.
1. Мәтінді оқыңыз.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ совет геологы, ғалым, қоғам қайраткері.
Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. 1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түседі. 1914 жылы Қаныш Семейдің семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды.
Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар аудандары, Қарағанды тас көмір бассейні және Қаратау полиметалл кендері жөнінді ғылыми маңызды еңбектер жарияланды.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев 1964 жылы 31 қаңтарда дүниеден өтті, бірақ ол қазір де біздің жүрегімізде өмір сүруде, өйткені ол еңбексүйгіш, адал да қарапайым адам болып, өзінің бар еңбегін халқына арнады.


Оқылым.
Қарапайым адам еді
Қадірлі аға, әрқашан: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін сарп етеді», -дейтін.
Қаныш ағаның өзі- бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі.
Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. Оқымысты ма, министр ме, жай қарапайым жұмыскер ме – ол кісіге бәрі бірдей адам болатын. Алдына жәрдем сұрап барған адамның бәрін жылы шыраймен қабылдап, қолынан келген жәрдемін беретін.
- Қарағым, қандай ортада жүрсең де, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен, - деп айтқаны бар еді.
Мен бүгінгі жастарға сол кісінің осы сөздерін қайталар едім. Қаныш аға ғұлама ғалым, үлкен ойшыл болумен қатар өте қарапайым адам еді.
Қаныш аға – бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, ол мәңгі жасамақ.

Семантикалық карта (1-топ)

сөйлемдер ыңғайлас Себеп-салдар қарсылықты талғаулы кезектес
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін - өзі бақылай жүруге тиіс... (А. Мак)
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.
Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.

Семантикалық карта (3-топ)

сөйлемдер ыңғайлас Себеп-салдар қарсылықты талғаулы кезектес
Жазда Астанаға не мен барамын, не інім барады.
Күз өтті де, қыс келді.
Бірде қатты сөйлейсің, бірді ақырын сөйлейсің.
Мен ерте тұрдым, әйтсе де сабаққа кешіктім.
Асан театрға бармады, себебі уақыты жоқ.

Семантикалық карта (2-топ)

сөйлемдер ыңғайлас Себеп-салдар қарсылықты талғаулы кезектес
Қазір сағат оннан бес минут кетті, немесе онға бес минут қалды.
Қанат ән айтады, әрі гитарада ойнайды.
Саматтың тісі ауырды, сондықтан тіс дәрігеріне барды.
Кешке ол кітап оқиды, кейде теледидар көреді.
Ағам келді, бірақ атам кетіп қалды.

Найзағай жарқылдады,

күн күркіреді

і-түні қар жауды да,

келесі күні қатты аяз болды

Жылы киін,

себебі далада суық

Жаңбыр сіркіреп жауды және

артынша жел соқты

Кітап сыйлаған дұрыс,

себебі кітап ең жақсы сыйлық

Жаңбыр жауады,

немесе қар жауады.

Жаңа сөздер

Ғалым – ученый
Белгілі – известный
Зерттеу – исследовать
Көрнекті ғалым – видный ученый
Ұйымдастырушы – организатор
Ойшыл – мыслитель
Мемлекет қайраткері – государственный деятель
Тарихшы – историк
Ағартушы – просветитель
Көрнекті өкіл – видный представитель
Кемеңгер - выдающийся
Қоғам қайраткері – общественный деятель
Ғылыми еңбек – научный труд
Маңызды – важный
Еңбексүйгіш – трудолюбивый

2) Әр оқушы түсінбегенін қасында отырған көршісінен сұрайды, 2минут. ( немесе менен сұрайды)
3) Сұрақтарға жауап беріледі(бір топ екінші топқа қояды)-3минут.
? Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.
1. Ғалым болуүшін не керек?
2. Қаныш аға қандай адам болған?
3. Қаныш аға жұртқа қалай қарайтын?
4. Қаныш аға адамда қандай қасиеттер болу керек дейді?
5. Бүгінгі жастар қандай болуы керек?
4) Мен: «Қаныш аға қандай қасиеттерден жаңылма, есіңнен шығарма, еш уақытта ұмытпа!» дейді?»
Жауап:Еңбексүйгіштіктен, сыпайгершіліктен, адамгершіліктен.

шың-вершина
жылу-тепло

табиғат-природа

көкөніс-овощи

құрғақ-сухой

ойпат-низменность

аудан-район

Шығыс-восток

қызылша-свекла

өсімдік-растение

теміржол

әуежай

жүрдек поезд

жолаушылар

жүк көлігі

демалыс орын

Бағалау парағы
1-топ

р/с Аты-жөні, тегі Үй тапсырмасы ребус жазылым семантикалық карта Сөйлем құрастыру Сұрақтарға жауап тыңдалым мәтін
  • 0
 қаралды: 295
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама