авторы: Оналбаева (27 қазан, 22:10 жарияланды)
Біз мектепке барамыз
(ертеңгілік)
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
Ортада «Шашу» биімен 6 сынып қыздары
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп отырған шақта, көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді қылықтарымен үйренген әндерін, тақпақтарын, билерін әрі қарай шыңдай түсіп, бүгінгі, «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлық тобын бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
(Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)
Тобымыздың атақты бишілері:Айзере, Сымбат, Гүлжан, Дана, Диана, Жанерке,Гүлім
Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қыздары: Жарқынай, Аруна, Асылзат, Жұлдыз, Фатима
Тобымыздың білімді де дарынды балалары: Аян, Нұрсұлтан, Мұртаза, Абылай, Ақжан
Тобымыздың спорт шебері: Юсуп, Диас, Арнұр, Рахат, Бекнұр, Тұрмұхамет
І – жүргізуші:
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізге есен-аман бармысыздар?
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Кешімізді ән-жырмен бастайық.
Ақжанның орындауында «Асыл әжем» әні
ІІ – жүргізуші:
Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Айзеренің орындауында «Үнді биі»
1.Гүлжан
Жайраңдап көктемім, күледі көкте күн,
Құшағын тұр жайып, аяулы мектебім.
Санама нұр құйған, Ұстазым көп менің.
2.Юсуп
Қуан мақтан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Даярлықпен қимай біз,
Қоштасатын күнбүгін.
3. Диас
Ана тілін ардақтап,
Қуанышты күйге ендік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
І – жүргізуші . Ұлдардың орындауында «Менің анам алтын» әні
Тұрмұхамет, Бекнұр, Диас, Арнұр, Мұртаза.
4.Фатима
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
5.Тұрмұхамет
Ботақаным,құлыным деп,
Еркелеткен ұл – қызын.
Әке, ана сіздерді
Қуантамыз біз бүгін.
6. Айзере
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ержетті деп бөбегім,
Туған отан қуансын.
ІІ – жүргізуші: «Ботақаным» биі
Мұғалім: Ойын: Күн шуағы
-Балалар мынау қандай пішін?
-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4
2.Бір аптада неше күн бар?7
3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4
4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8
5.Бағдаршамда неше көз бар?3
6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар
-Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті.
-Жарайсыңдар балалар!
І – жүргізуші: «Жаса, қазағым» әні Жұлдыздың орындауында
7. Арнұр
Дайын тұр сауыт- сайманым,
Дайын тұр жазар қаламым.
Дайын тұр киер көйлегім,
Үйімде биыл той менің.
8. Асылзат
Биікке өрлеген,
Тайсалып көрмеген.
Ұрпақтың кеудесін,
Қуаныш кернеген.
9. Нұрсұлтан
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
ІІ – жүргізуші: Гулинаның орындауында «Қаражорға» биі
Ән «Чунга – чанга» ойнап тұрады. Жабайы адам боп киінген балалар ортаға кітап алып шығады,оны ары-қарап бері қарап тістеп, теуіп көреді.
Ортаға ханшайым шығады. Кітап жерден алып:
Кітап-білім бұлағы, Білімдінің күні – жарық.
Білім өмір шырағы. Білімсіздің күні – қаріп.

10.Ақжан
Даярлықпен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Өзімше мен кәдімгі
Оқушы құсап сөйледім.
Мынау дәптер, кітабым,
Мынау менің әліппем.
11. Жанерке
Сүйген өзі ұл – қызын,
Бөбегім деп аянбай,
Даярлығым өз үйім,
Апай болды анамдай.
12. Диана
Мектепке биыл барамын, қолыма кітап аламын.
Сен үйреттің сөйлеуді, сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді, даярлығым қош енді.
І – жүргізуші: «Ұстазым» әні Асылзаттың орындауында
13. Мұртаза
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлықпен,
Мектепке кетіп барамыз.
14. Гулина
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
15. Гүлім
Құшағында жарқылдап,
Өтті қызық күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
ІІ – жүргізуші: Қыз – жігіттердің орындауында «Бозжорға» биі
Дымбілмес кіреді.
Балаларға сұрақ қояды. Жұмбақ жасырады.
Шерте білсең, ән салған, Суын шашады,
Сазына жұрт тамсанған. Күн шықса қашады.
(домбыра) (жаңбыр)
Шимайлаған ізі бар, Қате кетсем өшірем,
Ізіне ел қызығар. Қайта жөндеп көшірем.
(қалам) (өшіргіш)
«Көршісін тап» ойынын ойнайды.
16. Жұлдыз
Ойыншығым қаларсың
Берем енді ініме.
Әлде аларсың
Қыркүйектің бірінде.


17. Дана
Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Қолыма кітап аламын,
Мектепке биыл барамын.
ІІ – жүргізуші: би «вальс»
Дымбілмес: - балалар келіңдер асық ойнайық. Сенде неше асық? Менде 5 асық. Сен жеңілдің, мен жеңдім.
-Жоқ, сен ұтылдың мен ұттым. Өйткені менде 6 асық сенде 5 асық.
Жарайды балалар сендер есептеуді біледі екенсіңдер. Онда мен қыздармен ойнаймын.
«Себетке сал» ойыны. Қыздар бақтан гүл, саңырауқұлақ, жеміс жинайды.
Кімде көп, кімде аз, қосса қанша болатынын сұрайды.
І – жүргізуші: би «Қаражорға» Гүлинаның орындауында
18. Гүлзат
Дәріні ойлап тапқан кім,
Ап-ащы екен оны ұқтық.
Қорықпайтын сырқаттан,
Шымыр болып шынықтық.
ІІ – жүргізуші: Қыздардың орындауында «Қарлығаш» биі
19. Рахат
Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.
І – жүргізуші: Хор»Әрқашан күн сөбесін»
ІІ – жүргізуші: Нұрсұлтанның орындауында «Атамекен»
әніҚуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
ІІ – жүргізуші:
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектеп алды даярлық қош-сау бол!
Мұғалім - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!
  • 0
 қаралды: 80
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама