Жарнама

авторы: Ибраимова Асель (3 қазан, 21:10 жарияланды)
Жүргізуші: балалар жаңа ғана сендер бір шаңырақ астында тұрамыз дедіңдер ғой. Қане маған айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан республикасында
Жүргізуші: біздің елімізді кім басқарып отыр? Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Балалар сен өздерің білетіндей әр мемлекеттің өзінің рәміздері болады. Ал енді орнымыздан тұрып оң қолымызды жүрегімізге қойып Қазақстан республикасының гимнін бірге шырқайық.
Мансұр;
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті
Шырқалсын әнұраным
Шаттық кернеп жүректі
Гимн орындалады.
Жүргізуші: бүгін балалар сендермен өзіміздің тіліміз, жеріміз, еліміз, Елбасымыз жайлы сөз қозғаймыз.
Мерей:
«Елбасы» деп ең дана
Мақтанамыз біз аға
Жүрек сөзін жеткізді
Мақтанышпен бар бала
Жүргізуші: иә, Мерей, біз елбасымен мақтанатымыз рас. Біздің бүгінгі күні осындай дәрежеге жетіп егеменді ел болып, өзіміздің тіліміз , жеріміз болып отырғанамыз елбасының арқасы.
Елбасы жайлы түсінік беру. (Фото көрсету.)
Жүргізуші: Ал енді балалар айтыңдаршы сендер Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатқандарыңа қуанасыңдар ма?
Ендеше барлығымыз «Қазақстан» әнін хормен мақтанышпен орындап берейік.
Бекасыл
Бақыт құсы қонды ғой
Менің туған жеріме
Тіліміз бен дініміз
Қайтып келді еліме
Жүргізуші: расында Бекасыл қане балалар айтыңдаршы біздің тіліміз қай тіл? Ұлтымыз кім? Тағы қандай тілдерді меңгеруіміз керек?
- Қазақ , орыс, ағылшын
Жүргізуші : Балалар, елбасы Нұрсұлтан аталарың да сендер сияқты кішкентай болған. Сендерге есімдеріңді кім бергенін не білдіретінін білесіңдер ме? Ал елбасымыздың есімі жайлы білгілерің келе ме?
- Иә, білгіміз келеді.
Көрініс «Нұрсұлтан есімі»
Толғанай:
Елбасымымыз ол біздің
Нұрлы жолға бастаған
Болашаққа жол ашып
Бүлдіршінді қолдаған
Жүргізуші: балалар еласымыз балалар үшін көп еңбек етуде. Сендер сияқты балаларға арнап балабақшалар, мектептер, ауырғанда емделетін ауруханалар т.б нысандар салдырып жатыр. Қазақстан үшін аянбай тер төгуде.
Жүргізуші: балалар сендер Қазақстанда туып , өсіп келе жатқандарыңа қуанасыңдар ма? Қазақстан жайлы не білесіңдер? Астанамыз қай қала? Бұрын қай қала болып еді?
Нұрәли
Желбіресе көк туым
Көтерілер шоқтығым
Қазақты әлем таныды
Егеменді ел бүгін
Жүргізуші: балалар тудың түсі қандай т.б? (туды сипаттау)


Жүргізуші: балалар сендер армандауды ұнатасыңдар ма? Өскенде кім болғыларың келеді?
Жүргізуші: балалар біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да сендер сияқты кішкентай , арманшыл бала болған, ол мектепті тек 5 –ке оқыған. Кішкентай Нұрсұлтан бала кезінде былай армандаған екен.
Көрініс «Менің арманым»
Бала Нұрсұлтанның арманы туралы көрініс қою.
Ойын «Саяхат»
Жүргізуші: балалар сендер білесіңдер ғой біздің жеріміз өте үлкен, бай. Біздің елді, жерді жаудан қорғау үшін, балалардың, ата- апалардың ұйқылары тыныш болуы үшін бізді кім қорғап жүр.
Жүргізуші: балалар сендер өскенде жерімізді, елімізді қорғайсыңдар ма?
Ендеше қазірден бастап әскери дайындық жасайық.
Би «Біз болашақ ұландар!»
Міне осымен біздің ертеңгілігіміз де соңына жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 187
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама