авторы: жангуль (12 қыркүйек, 13:09 жарияланды)
Эльнар
Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз беттерінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Солардың бірі-ақиық ақын Мұхтар Шаханов
И. Дильназ
«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен алаш арыстарының бәрі де қуғын сүргінге ұшырады. Желтоқсан құрбандары – аға – апаларымыз да, олардың ерліктері де мәңгі есімізде жатталып қалмақ.
Сабина
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні,
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.
Олжас
Ашу - ыза қайнауының жетті олар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
1986 боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.
Айкөркем
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қазағымның жастарын ажал отына тастаған.
Дана
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.....
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен жер.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер....

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
И. Дильназ
- Сол бір уақыттың әділетсіз соққысына ұрынса да, тәуелсіздік туының желбіреуіне жанын қиғандардың бірі -...................
- Қайрат Рысқұлбеков - Алматы сәулет құрылысы
институтының студенті.
- Ербол Сыпатаев - Алматы энергетика институтының
студенті.
Эльнар
- Сәбира Мұхамеджанова – Өскемен педагогика училищесінің
студенті.
- Ләззат Асанова – Алматы музыка училищесінің студенті.
Хор: «Желтоқсан желі»
Фатима
Өсер елдің әр сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!
Ән: «Көк тудың желбірегені» Сабыр Нұрали

И. Дильназ
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте,
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»
Әжесі –Алтынай
Немересі –Нұрали
Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді. Интерактивті тақтада салют атылып жатады.
Әжесі: — Е…. тәуба! Бергеніңе шүкір…
Немересі: — Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүріңіз көрейік!
Әжесі: — Е,… е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: — Әжетай, Тәуелсіздік деген не?




Әжесі: — Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: — Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.
Әжесі: — Әй, балам — ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады, аздап тынықпасам болмас.\ Әжесі мен немересі қисайып жата кетеді\
Немересі: \ көзін уқалап тұрады\ — Әже жап - жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: — Е, ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.
Немересі: — Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді! Тәуелсіздіктің ақ таңы атты! \ Немересі сахнадан жүгіре жөнелді\
Аяулым
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!!!
Азат
Республика! Ерікті ел - Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан,
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам - Қазақстан!
Қазақстан - республикам, мақтанышым,
Мен сені жырламаймын мақтан үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін
Ән «Қазақ елі» Ибрай Дильназ
Айкөркем
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Фатима
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Қиындықты көп көрген ел екенбіз
Жылдан жылға дамыған берекеміз
Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық
Халайық құтты болсын мерекеміз!
Ән «Жаса, Қазақстан»
Эльнар
1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет –Қазақстан республикасы пайда болды.
Әдемі
Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан –бұл біздің ортақ мақтанышымыз.
Хор «Атамекен»
Әдемі
Егемендік иесі «мен»деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз
Екі тізгін,бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Назерке
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік»деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
И. Дильназ
Би «Қазақша би »
Диана
19 жыл ,тәуелсізбін,дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне артта қалды ,келмес күн.
Әдемі
Қуаныштан жасқа толды жанарым,
Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.
Енді міне билік тиіп қолыма,
Желбірейді күн астында жалауым.
Бекзат
Дамуымыз керек енді қарқынмен,
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп,саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата –баба салтымен.
Айкөркем
Сүйінші елім, тәуелсіз елім ,суйінші,
Көкейден күй,көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында
Төрағалық қазағыма бұйырды.
Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі.
Қазақ деген жомарт халық емес пе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Әли
Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
Сабина
Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр-аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, Сіз аман-сау болыңыз !

Дильназ
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап,еліміздің болашағы жарқын болсын


Эльнар
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз

И. Дильназ
Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп бағдарламамызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз
  • 0
 қаралды: 248
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама