авторы: araika0177 (1 шілде, 16:07 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: §43 Қысым.
Сабақтың мақсаты: білімділік-қысым туралы түсініктерін қалыатастыру, теориялық білімдерін практикалық білімімен ұштастыруға үйрету
Дамытушылық-оқушылардың қызығушылығын ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік-оқушылардың адамгершілікке ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, есептер шығару, тәжірибе жасау, тест тапсырмаларын орындау.
Сабақтың көрнекілігі: ағаш білеуші, динамометр, сызғыш, тест тапсырмалары, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау
1. Күш дегеніміз не?
Жауабы: күш-денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.
2. Ауырлық күшінің анықтамасы, формуласы.
Жауабы: Денелердің Жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады. Fa=mg
3. Тығыздықтың формуласы, өлшем бірлігі
Жауабы: ,
4. Үйкеліс күшінің анықтамасы, формуласы
Жауабы: Бір дене екінші дене бетімен жанаса қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк=μN
5. Деформация дегеніміз не?
Жауабы: Дене пішінінің, көлемінің өзгеруі.
6. Деформация түрлері
Жауабы: пластикалық және серпімді
7. Пластикалық деформация дегеніміз не?
Жауабы: Күш әрекеті жойылғанан кейін дене пішіні өз қалпына келмесе пластикалық деформация деп аталады.
8. Серпімді деформация дегеніміз не?
Жауабы: Күш әрекеті жойылғанан кейін дене өз қалпына келсе серпімді деформация деп аталады.
9. Дененің салмағы дегеніміз не?
Жауабы: Дененің тіреуге не аспаға түсіретін күші дененің салмағы деп аталады.
10. Үйкелісті қай кезде көбейтеміз, қай кезде азайтамыз?
III. Жаңа сабақ.
1. Логикалық сұрақтар.
А) Айдар мен Марат оппа қармен келе жатыр. Айдар шаңғымен, ал Марат жаяу. Кімге оппа қармен жүру оңай? Неге?
Ә) Неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы?
Б) Қасқыр мен киіктің массалары жуық шамамен бірдей. Қасқыр жерге киікке қарағанда аз қысым түсіреді екен. Неге деп ойлайсыңдар?
- Біз күнделікті өмірде пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқамаймыз.
Шаңғымен де, шаңғысыз адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені, шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.
Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады.
р- қысым мұндағы F-күш, S-аудан
,
гПа=100Па=102 Па
кПа=1000Па=103 Па
МПа=1000000=106 Па
IV.Сабақты бекіту.
1. Аңшылықтың қазақ даласында кең тараған байырғы түрінің бірі-құс алу, яғни саятшылдық. Соған байланысты А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде мынадай шумақтар кездеседі:
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстардың тырнақтары, тұмсықтары қатты, өткір, жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.
2. Енді жаңа айтылған өлең шумақтарындағы бүркіттің тырнағына көп ілінетін қызыл түлкі туралы айтамыз.
Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейтін болды. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жайылып жатып жылжиды. Сұрақ: Түлкіге мұзды төрт аяғымен жүрген тиімді ме, әлде жайылып жатып жылжыған тиімді ме? Себебін түсіндір.
3. Мына күректердің қайсысымен жұмыс істеген жеңілірек?
2. Эксперименттік тапсырма.
Ағаш білеушенің үстел үстіне түсіретін қысымын анықта.
Керекті құрал-жабдықтар: динамометр, ағаш білеуше, сызғыш.
3. Есептер шығару.
№1. Массасы 48 кг, ал аяқ киімінің табанының ауданы 320 см2 болатын бала еденге қандай қысым түсіреді?
Бер:
m=48 кг F=mg р=mg/S
S=320см2=0,032 м2
g=10м/с2

Т/к: р
№2. Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып, арнаулы кеспелтектермен престейді. Розетканың ауданы 0,0075 м2. Розеткаға қандай қысым түседі?
Бер:
F=37,5кН=37500H p=F/S
S=0,0075 м2
Т/к: р
4. Тест сұрақтары:
1. Қысымның өлшем бірлігі
А) килограмм Б) Ньютон В) паскаль
2. Қарындашты өткір пышақпен және өтпес пышақпен бірдей күш сала отырып ұштасақ, екеуіне бірдей қысым түсірдік деп айта аламыз ба?
А) иә Б) жоқ
3. Бетке түсірілген күштің сол бет ауданына қатынасы қалай аталады?
А) қысым Б) тығыздық В) масса
4. Аудан кіші болса қысым қандай болады?
А) аз Б) көп
5. 1 Па дегеніміз не?
А) кг*м/с2 Б) Р*м В) Н/м2
6. Қысымды есептеу формуласы.
А) F=mg Б) В)
V.Үйге тапсырма. §43 Қысым. Әр бала өз салмағын біле отырып, аяқ киімінің табанының ауданын өлшеп, жерге түсіретін қысымдарын есептеп келу.
VII. Бағалау. Үй тапсырмасы, қойылған сұрақтар, шығарылған есептер, тест жұмысы арқылы бағалау.
  • 0
 қаралды: 273
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама