авторы: kamidollina (15 маусым, 15:06 жарияланды)
Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»
Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге,балаларды сөйлеу мәдениетіне,кез-келген ортадан өзін еркін ұстап, мәдениетті болуға,ойын жинақтап жүйелі сұрақтар қоя білуге үйрету.
Түрі: кездесу кеші,сыр-сұхбат
Көрнекілігі: Видеофильм, слайд, жұлдызша стикерлер, түрлі-түсті фломастерлер, ватмандағы мектептің суреті.

Жүргізуші: «Жаныңда жүр жақсы адам» кездесу кешінде өз мамандығынының майталмандары, ісімен де, сөзімен де үлгі тұтарлық жандар қонақта болады. Сіздер оларды бейресми жағдайда,өзге қырынан,бұрын-соңды айтылмаған,көпшілік біле бермейтін тұсынан танитын боласыздар. Келген қонақтың өмірдегі шынайы образын оқушылар өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарымен ашады. Бүгінгі кездесу кешіміздің сыйлы қонағы мектебіміздің директоры Умербекова Сауле Рахимовна.
-Қош келдіңіз!
Келешегіміздің келбетті,болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «ертеңімізді жасайтын бүгініміз». Жастарға деген үлкен үміт сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де –осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім,саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі- мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы,Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікілей байланысты болуы, кез-келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында,сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі- соның айқын дәлелі. Сіздер Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сол үлкен үміттін көшін бастаушыларысыздар. Осыны әрдайым жадымызда ұстайық.

– Меніңше кез келген адам ол өзінше жұмбақ әлем. Ал сұхбат арқылы осы «жұмбақтың» шешімін табуға болады. Мен өзім үшінде жұмбақ адаммын, Абай атамыз неліктен «өзіңді –өзің жатқа біл, жат жаныңнан түңілсін» деп өзіңді-өзің тану жолында сақтандырып өсиет айтты дейсіз? Жалпы адамның өзін-өзі тануы оңайға соқпайтынын жақсы білеміз, өзіңді-өзің тізгіндеп, күнделікті өмірде өзіңмен ой-бөлісе білсең бұл өзіңді тәрбиелеудің үлкен мектебі болмақ... Бүгін біз сізді ақпаның әдемі бір кешінде мектебіміздің туған күні қарсаңында сізге, өзімізге мерекелік күй сыйлап қана қоймай, әңгімеге тартып оқушылар сізді басқа қырларыңыздан танып білгісі келіп отыр.Сыр-сұхбатымызды бастамас бұрын экранға назар аударсақ....
Видео- интервью
(Жатақхана кеңес құрамы туралы айта отырып видеофильмді ұсыну.)
Видеофильм «Бір үйдің баласындай»
-Кезекті балалардың сұрақтарына берейік.
Cауалдарымызды бастамас бұрын біздер оқушылар мен мектеп ұжымынан сіз туралы шағын мінездеме алған болатынбыз. Экранға назар аударайық.
-Ақтөбе облысының қай өңірінде дүниеге келдіңіз?
-Қандай білім ордасында оқыдыңыз?
-Еңбек жолыңызды қай жерден бастадыңыз?
-Әрбір маман иесінің сол мамандыққа келу себебі болады? Пір тұтатын адамы, үлгі көрер апалары болады. Сізді осы ізгі істі таңдауға кім немесе не себепші болды?
-Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
- Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз. Жанұяыңызда сізден басқа ұстаз бар ма?

Видео құттықтау

Жүргізуші:
- Уақытты ұтымды пайдалану. Абай атамыздың «өзіңе сен өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» дегенін үнемі жадымнан шығармаймын, себебі бұл сөздерде шындық жатыр, сондықтан болу керек, жаныма жақын тартамын... екінші Одри Хепперннің Көзің әдемі болсын десең әдемілікті жақсылықты көре біл, ернің әдемі болсын десең әдемі сөйлей біл...,
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай... ?
Видео «Біздің мектепте.....»
Кезекті балалардың сұрақтарына берейік.
- Сіздің өміріңіздегі ең қызықты оқиғаны айтып беріңізші?
-Қаншалықты ақын жазушылардың шығармаларын оқисыз? Оқып жатқан кітабыңыз бар ма?
-Өмірде немен бақыттысыз?
-Сізді қандай идея өмір сүруге, алға ұмтылуға қанаттандырады?
-Шаршағанда, күйзеліске тап болғанда не істейсіз?
- Балалық шағыңызды еске алғанда, қандай оқиға езуiңiзге ерiксiз күлкi үйiредi?
- Ең үлкен қорқынышыңыз қандай?
-Аяулы жар, қамқор ана, білікті де білімді маман,іскер әйел. Осының бәрі бір әйелдің бойынан табылса, керемет емес пе?! Осы айтылғандардың барлығы сіздің бойыңыздан көріп отырмыз.Осының барлығын алып жүру сіз үшін қиындық тудырмай ма?

Жүргізуші:
Қазіргі таңда қандай кітап болмасын,ол адамды үлкен тәрбие мектебіне шақырады,тұлғаны рухани кемелдендіреді,өзін-өзі танытады.Қазіргі 21 ғасырда интернет өз басымдылығын көрсетіп тұрған заманда жасөспірімдердің 5-6 сағаттан компьютер алдында отыруы,көбісінің кітапты тек сабаққа қажетті уақытта қолданатындығын білеміз.
Сұрақ: Мәдениеттілікті арттырудың негізгі құралы кітап туралы,қазіргі таңдағы оқушылар қаншалықты кітап оқиды,осы тұрғыдан не айтар едіңіз?
Жүргізуші:
Елдің ертеңі үшін мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек.Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді.
-Қазіргі ақпарат заманында дүниежүзі халықтарының қатынас тілі болып отырған ағылшын біздің оқушылар жақсы меңгеруде.Бірнеше тілді білу қазіргі заманның талабы.Жеті жұрттың тілін білу-ол өнер.Ұлы жазушы,академик М.Әуезовтің өз ана тілін білмеген,өз салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білмеген адамды нағыз интеллегент деп айта алмаймын деген болатын.
Сұрақ: -Қазіргі таңдағы жастардың ана тіліне деген көзқарасы,ана тіліміздің жағдай қандай деп ойлайсыз?
Жүргізуші: Бізде қазақ халқында қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын қонақ кәде салты бар. Салт бойынша сізден қонақ кәде сұраймыз.
Жүргізуші: Қазақстан -2050 стратегиялық бағдарламасында «Жастарды Қазақстандық шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет»делінеді.Осы стратегияны дұрыс деп білеміз.Оқушыларымызды мейлінше шығармашылыққа баулып түрлі шаралар өткізілуде. Ән айтқанды жаны қалайтын 10 класс қыздары сіздің құрметіңізге,барлық аналарымыздың құрметіне арнап ән орындамақшы.
Ән: «Ана»
Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды.Біздің кешіміздің өзінің дәстүрі бар қойылған сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған, ұнаған сұрақ болса сол сұрақ иесіне сыйлық тарту.Сізге ұнаған сұрақтың иесі кім екен?
Сыйлық беріледі
Рефлексия Ватманға салынған мектеп суретіне әрбір оқушы жұлдызша стикерлермен мектебіміздің туған күніне өз тілектерін жазады. (Назарбаев Зияткерлік мектебінің әрбір оқушысы жұлдыз болуға лайық)

Жүргізуші: Міне балалар, бүгінгі кездесуіміз де аяқталып қалды. Жарасымы бар бір сағат уақыттың өзінде демалып,бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін» дегендей Егеменді еліміздің көк байрағын биік ұстайтын, еліміздің өсіп - өркендеуі, гүлденуіне зор үлесімізді қосып, терең білім алып өмірден өз орнымызды таба білуіміз керектігін ұмытпайық.

Фотосессия
  • 0
 қаралды: 853
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама