авторы: kamidollina (15 маусым, 15:06 жарияланды)
Тақырыбы: «Қайсарлығы мен нәзіктігі жарасқан қазақ қызы»
Жатақхана аруы - 2016
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Түрі: Байқау
Сайысымыздың кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер көрсету)
3. «Кім жылдам әрі ұқыпты» (шапшаңдықты сынау)
4. Қыздың көркі шаш(шаш үлгісін жасап көрсету)
5. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
6. Үй тапсырмасы
7. Сән үлгісі
Фанфар
Музыка
Кеш жарық қадірменді көрермендер! Сіздер алғаш рет жатақханамызда өткізгелі отырған жатақхана аруы байқауына куәгер болғалы отырсыздар!(сахна сыртында)
(Қыздар әуен бойынша сахнаға шығады, билейді)
ӘН: Сыдықова Аяжанды «Бір бала» әнімен ортаға шақырайық.

Қайсар: Ассалаумағалейкум! Қымбатты да қадірлі біздің қонақтар! Бір үйдің баласына айналған менің бауырларым!
Гүлвира: Кеш жарық жатақхана аруына жиналған көрермендер. Көктемнің жылы лебі елімізге береке мен бірлік, татулық пен тыныштық, табыс пен молшылық ала келсін!
Бірге: Жатақхана аруына қош келдіңіздер!
Гүлвира: Бүгінгі әдемі кеште сіздермен бірге болатын жатақхана аруы байқауының жүргізушісі, өзі көрікті, өзі ақылды, бойында таусылмайтын күш-қайраты мол, барлық қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүретін, жатақхананың мәдениет министрі, жігіттің төресі Жолдыбаев Қайсар!
Қайсар: Ал енді мен сені таныстырайын. Біздің жатақханамызда сұлу да сымбатты, ибалы да инабатты, ақылды да өнерлі қыздарымыз өөөөөтееее көөөп. Бірақ олардың арасында әрине сен жоқсың!
Гүлвира: Қалайша? Мені сонда көріксіз, ақылсыз дегің келіп тұр ма?
Қайсар: Жоқ-ааа! Керісінше! Сен олардың бәрінен де асып түсесің!
Ақылына көркі сай, өзі дара, өзі қара, еш жерде көрінбей жүретін, вооовщем өзімен өзі, сен туралы не айтарымды да білмей тұрмын негізі.
Гүлвира: Сен не мені мазақ қылып тұрсың ба?
Қайсар: Жоқ, құрдас! Жай қалжыңдасып тұрғаным ғой!
Гүлвира: Қалжыңың бар болсын мұндай!
Қайсар: Жақсы кешірші енді! Мен негізі бүгінгі берілетін тәжді мына тұрған саған табыстай салатын едім, білесің бе?
Гүлвира: Неге?
Қайсар: Себебі, бүгінгі мынадай тамаша кешті менімен жүргізгелі отырған менің тамаша серігім болатын мына өзіңсің. Ақылды, көрікті, қолаң шашты, ибалы да инабатты, нағыз қазақ қызы, менің супер-пупер құрдасым – Жексенова Гүлвира

Гүлвира: Сонымен, жатақхана аруына қатысушы аруларымызбен таныс болыңыздар!
1. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын аруымыз – Төремұратова Құралай
2. Әу десе Самарқанның тасын ерітетін сұлуымыз – Асқарова Аяжан
3. Ақылды да көрікті аруымыз – Сейілбекова Аида
4. Өзі де ерке, қылығы да ерке – Мырзағалиева Ақерке
5. Актерлік шеберлігімен тәнті қылып жүрген аруымыз – Айсауытова Мөлдір
6. Ісіне шебер, сөзіне бекем – Мақсотова Аққу
Қайсар: Үміт артқан сұлуларыңыз алдарыңызда. Қошеметтеріңіз!
Гүлвира: Бүгінгі әдемі қыздарымызды сынға салатын, оларға әділ баға беріп төрелік ететін әділқазы мүшелерімен сіздерді таныстырып өтейік.
Қайсар: Сынға түсетін бұрымдылар да олардың бағасын беретін төрешілер де белгілі болды. (Әуен ойналады, сахна сыртына арулар шығып кетеді)
Гүлвира: Олай болса, сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берелік.
Қайсар:
• Сайысымызды алғашқы болып бастайтын ержүрек арумыз Төремұратова Құралайды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
• Таныстыру кезеңін жалғастырушы Асқарова Аяжанды сахна төріне шақырайық. Қошеметтерімізді аямайық, достар!
• Аруымыз Сейілбекова Аиданың таныстыруын қабыл алайық. Қанекей достар, қолдау көрсетіп отырайық!
• Ендігі кезекте Мырзағалиева Ақеркенің таныстыруына кезек берейік. Ду қол шапалақ!!!
• Кезек келесі аруымызға да жетті. Ендеше аруымыз Айсауытова Мөлдірді ортаға шақырайық. Қошемет!
• Сайысымыздың бұл кезеңін аяқтайтын аруымыз Мақсотова Аққуды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырғым келіп тұр. Қанекей, оқушылар қолдау көрсетейік!
Қайсар: Гүлвира, осы сен неге жатақхана аруы байқауына қатыспадың?
Гүлвира: Білесің ғой, егер мен қатыссам жүлдені өзім ұтып алар едім.
Қайсар: Өзіңе сенімдісің ғой, тіпті.
Гүлвира: Әрине, енді мен әдемімін, ақылдымын, онымен қоса біздің жатақхана президентінің көршісімін дегендей.
Қайсар: Мәәә, сонда не жатақхана президенті Шынар саған тәжді көршісі болған үшін кигізе салады деп ойлайсың ба, армандама! А так, мен де жатақхана кеңесінің бір мүшесімін. Қандай шешімді де біз бірге қабылдаймыз.
Гүлвира: Жә, жарайды. Не болды соншама, қатайып. Армандауға да болмайма не. Шынымен де өздерің осы кештің төрешісі құсап. Отырған жоқ па арнайы шақырылған әділ төрешілер шешім қабылдайтын.
Қайсар: Біз байқауымыздың келесі кезеңін, яғни шығармашылық сайысты бастаймыз. Қазақ қыздары ең әдемі, ең ақылды, ең дарынды.
Гүлвира: Сахнаға шыққалы отырған аруларымыздың барлығы да жеңістен дәмелі.
Қайсар: Ендеше ұзақ күттірмейік. Қыздарымыздың өнерін тамашалайық. Алғашқы қатысушымызды ортаға шақырайық.
• Төремұратова Құралайды ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар!
• Келесі өз өнерін ортаға салатын аруымыз Асқарова Аяжанды сахна төріне шақырайық. Қошеметтерімізді аямайық, достар!
• Ендігі кезек аруымыз Сейілбекова Аиданың өнерін тамашалауға келіп тұр. Аруымызды қарсы алайық. Қанекей достар, қолдау көрсетіп отырайық!
• Біздің ерке аруымыз Мырзағалиева Ақерке бізді қандай өнерімен таң қалдырмақшы екен, тамашалайық! Ду қол шапалақ!!!
• Кезек келесі аруымызға да жетті. Ендеше аруымыз Айсауытова Мөлдірді ортаға өз өнерімен шақырайық. Қошемет, достар!
• Мақсотова Аққудың өнерін тамашалайық!
Гүлвира: Біздің жиылған себебіміз нағыз жатақхана аруын анықтау болғандықтан біздің аруларымыз жатақхананың күнделікті істерінен де ешкімге десте бермеуі керек.
Қайсар: Түсінсем бұйырмасын, ол қалай сонда?
Гүлвира: Мәселен, киім жинау, киім үтіктеу, кір жуу, бөлме жинау, тамақ пісіру және тағы да басқа.
Қайсар: Ал жақсы, ол күнделікті істер. Бұның біздің сайысымызға қатысы қанша?
Гүлвира: Енді жатақхана аруын анықтадық дейік. Сол арудың бөлмесіне сырттан қонақтар келгелі жатыр делік. Ал, оның сөрелері дұрыс жиыстырылмаған. Бірер минуттан кейін қонақ бөлмеге кіреді. Осы уақыт ішінде ол әрине жатақхананы ұятқа қалдырмас үшін киімдерін жинап үлгеруі керек.
Қайсар: Ал жақсы, сонда сенің айтпағың, біз қазір мұнда аруларымызға жылдамдыққа киім жинаттырамыз, солай ма?
Гүлвира: Дәл солай, қыздарымызды ортаға шақырайық. (Қыздар ортаға шығады)
Сайыстың шарты мынадай: Қыздар қазір сіздер пакеттегі киімдерді 1 минут ішінде қырын шығарып жинастыруларыңыз қажет. Бұл сайыста шапшаңдық және тиянақтылық бағаланады. Ендеше бастайық.
Қайсар: Қыздарымыз киімдерді жинастырды. Енді әділқазы мүшелерін сахнаға шығып қыздарымыздың киімдерді қаншалықты шапшаң және тиянақты етіп жинағанын бағалауға шақырамыз. Әділқазы мүшелері ортаға келіңіздер.
Қайсар: Гүлвира сен бүгін қыздарды әбден қинадың ғой. Тіпті уақытқа киім жинаттың, бұл елде болмаған жағдай. Жүре берсең көре бересің деген осы-ау. ААА, мен сені түсіндім. Сірә тәжді ешкімге бергің келмей тұр-ау, иә. Бірақ бұл ойың іске аспады. Көрдің ғой, біздің қыздарымыз киімдерді қалай тамаша жинады.
Гүлвира: Ой, Қайсар. Қалайша түсініп қалдың. Сен тұра тұр. Киім жинау дегенің дымда емес қой, бізден қалған ғой. Анар апай мен Перизат апай бөлме тексеруге келе жатырғанда 1 минут түгілі 30 cекундта да жинап тастап жүрміз. Қалай айтады әлгі профимін ғой, профи, а так дейін бе сен секілді.
Қайсар: Тууу, Гүлвира сен сөзден жеңілмессің осы. Тағы қандай сынақ дайындадың қыздарға?
Гүлвира: Біздің қыздар жан-жақты болу керек. Мәселен, мына сенің шаш үлгің маған мүлдем ұнамайды.
Қайсар: Неге, менің шаш үлгімнің қай жері жаман?
Гүлвира: Так жақсы, бірақ....
Қайсар: Сонда қалай?
Гүлвира: Жә. Саған жарайды.
Қайсар: Мәәәә, не дейді мына қыз. Астафралла!!!
Гүлвира: әәәә, қалай екен қалжыңдаған. Мана маған өзіңше прикол ұстап едің. Жақсы қалжыңды қояйық. Сайысымызды әрі қарай жалғастырайық. Елден ұят.
Осы жатақханаға орналасқалы бері шашты сәндеудің неше түрін де үйрендік.
Қайсар: иии, өтірік. Күнде жасайтының бір өрім ғой сондағы. Бір парикмахер-универсал болып кеткендей айттың ғой.
Гүлвира: Уф-уф-уф! Я болды.
Қайсар: Қатысушыларымызды ортаға шақырып сайысымыздың келесі кезеңіне кезек берелік.
(Қыздар сахнаға шаш үлгісін көрсететін бір қызбен шығады) 5 минут
Гүлвира: Қыздың көркі – шаш демекші, біздің қыздарымыз қазір сіздерге шаш үлгісін көрсететін болады.
Қайсар: Қыздарымыз шаш үлгісін жасап болғанша көрермендерімізден бүгінгі сайыс жөнінде пікір алыссақ және бүгінгі сайыста кімнің жатақхана аруы болуға лайықты екендігін білсек қалай болады Гүлвира?
Гүлвира: Әрине біздің қыздарымыздың барлығы да жатақхана аруы болуға лайықты дегенменде жарыс болған соң жеңіске ең мықты жетеді демей ме?
Қайсар: Қыздарымыздың шаш үлгісі дайын болса, әділқазы алқа мүшелерінің алдына өтуін сұраймыз.
Қайсар: Нағыз ару дегеніміз әдемі ғана болып қана қоймай, ақылды да болу керек, салт-дәстүрді де жетік білуі керек.
Гүлвира: Ендеше Зияткерлік сайысымызға кезек берейік. Аруларымызды ортаға шақырайық. (сұрақ-жауап)
Қайсар: Қыздарымыз өздерінің жан-жақты екендігін көрсетуде. Рахмет қыздар жауаптарыңызға. (қыздар сахна сыртына өтеді)
Гүлвира: Біздің қыздарымыз ақылды да өнерлі де, онымен қоса он саусағынан өнер тамған шебер де. Аруларымыз үй тапсырамасына қалай әзірленіп келгенін байқасақ қалай болады Қайсар?
Қайсар: Байқасақ, байқайық. Сайысымыздың келесі кезеңіне кезек берейік.
(қыздар реттік номерімен өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарымен немесе тағамдарымен таныстырады)
Қайсар: Гүлвира білесің бе, бізде қыздар ғана өнерлі емес. Біздің жігіттер де қалыспайды.
Гүлвира: Ойпырмой, не дейді...
Қайсар: Сенбейсің бе, қазір дәлелдейміз. КВН
Қайсар: Осы қыздар сендер қақшиып жұртты қағып өтіп, аяқтарыңды айқыштап басып жүріп болмайсыңдар осы.
Гүлвира: ой салған түрің бар болсын. Грация, походка оның бәрін саған түсіну қайда!? Әдемі жүре білудің өзі де бір өнер біле білсең. Бүкіл әлемді ұстап тұрғандай сендердің талтаңдаған жүрістеріңе осы біз тиіспейміз ғой.
Қайсар: Ендеше граааациииия, поооохоооодкаларыңызды көрейік онда.
Гүлвира: Қане қыздар, мастер-класс көрсетіп жіберіңіздерші. Бұл сайыста аруларымыздың жүрген жүрісі мен киген киімді қалай көрерменге жеткізетіндіктері бағаланады. Аруларымызды қарсы алайық!
1. Төремұратова Құралай
2. Асқарова Аяжан
3. Сейілбекова Аида
4. Мырзағалиева Ақерке
5. Айсауытова Мөлдір
6. Мақсотова Аққу
Гүлвира: Қайсар білесің бе? Жатақхана аруына лайықты жанды мен таптым. Ол деген ақылына көркі сай, көкірегі ояу, инабатты да ибалы супер-пупер жан ол мен. Ана сахна сыртындағы қыздар не істеп не қойғандарын өздері білмей абдырап, қалтырап, дірілдеп жүргенде тәжді сындырып алып жүрсе, одан да сол тәжді маған бере салғандарың дұрыс болады. «Жатақхана аруы – 2016» Жексенова Гүлвира.
Қайсар: Мәә, назар аудармаңыздар! Жәй қиялши адам ғой. Армандаған дұрыс Гүлвиииирааааа.
Қазір Гүлвирамыз дәмесін басып жөніне келгенше және әділқазыларымыз шешім қалдағанша келесі өнерді тамашалайық.
(ФЛЕШМОБ)
Қайсар:
Бүгін біздер аруларымызды анықтау үшін әділқазы мүшелерін баршаңыздың қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
(марапаттау)
Гүлвира: Келесі жүздескенше!
Бірге: Қош, сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 318
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама