Жарнама

авторы: kamidollina (28 мам, 18:05 жарияланды)
Тақырыбы: Жатақхана президенті мен жатақхана кеңес мүшелерін ұлықтау рәсімі

«Қазақ биі»
Ф А Н Ф А Р
1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты достар, құрметті тәрбиешілер. Бүгінгі жатақхана президенті және жатақхана кеңес құрамы мүшелерінің ұлықтау рәсіміне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
«Бүгінгі ұлан ертең ғалым, президент не маман» атты жатақхана президентін ұлықтау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышаны
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Ортаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (Әнұран)

2-жүргізуші: Биылғы оқу жылында жатақхана өмірінде талай жұмыстар жүргізілгені бәрімізге аян. Жатақхана өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатырған істерді шешуге белсенді түрде атсалысып, жатақхананы жарқыратып көрсетіп, жатақхана өміріне жайдан-жай қарамайтын ол – жатақхана кеңес құрамы болып табылады. Ұлықтау рәсімін бастамас бұрын, 2015-2016 оқу жылындағы жатақхана кеңес құрамы мүшелерін қошеметпен ортаға шақырайық!

1-жүргізуші: ..... – Жатақхана Президенті
2-жүргізуші: .....– Жатақхана премьер-министрі
1-жүргізуші: ..... – Мәдениет министрі
2-жүргізуші: ..... – Ақпарат министрі
1-жүргізуші: ..... – Білім министрі
2-жүргізуші: ..... – Ішкі істер министрі
1-жүргізуші: ..... – Денсаулық министрі

2-жүргізуші: Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап мамыр айына дейін жатақхана кеңес құрамының тізгіні осы азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың қолында болды. Біршама уақыт аралығында Жатақхана кеңес құрамы мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы есеп беру үшін жатақхана оқушыларының белсенділігін арттыруға өзіндік үлес қосқан Жатақхана Президенті .....ортаға шақырайық. (жатақхана оқушылары мен тәрбиешілері алдында атқарған жұмыстары жөнінде есеп береді)

1-жүргізуші: 2016/2017 оқу жылында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектеп жанындағы жатақхана оқушыларымен атқарылатын жұмысты жаңадан сайланған жатақхана кеңес құрамы мүшелеріне табыстағалы отырмыз! Жатақхана кеңес құрамы президент, премьер-министр, ішкі істер министрі, білім және мәдениет, денсаулық, ақпарат және байланыс министрілігінен тұрады. Енді осы ұйым мүшелерімен танысып өтсек..

2-жүргізуші: Жатақхана кеңес құрамына 10 класс арасындағы белсенділер мүше бола алады. Сонымен қатар жатақхана ұжымы ұсынған белсенді оқушы және өз еркімен жатақхана кеңес құрамы жұмысына қызығушылық танытқан оқушы қабылданады.
Әрбір мүшелері ұжымдық түрде жұмыс атқарады. Олар ұжымдық шығармашылық істерді жүргізеді. Кеңес құрамында жұмыс жүргізіп мектеп бітіріп кеткен мүшелері құрметті мүше деп аталады. Оларға мектеп жатақханасының жұмысына қосқан үлестері мен дамуына ат салысқандары үшін оларға ерекше құрметпен қарайды.

1-жүргізуші:
Қазақстан өз президентін Ұлы тұлға деп құрметтейді, қадірлейді, мақтана алады. Біз де жатақханамыздың президентін мақтан тұтамыз, құрметтейміз, адал үлкен үміт күтеміз. Ортаға жатақханамызда алғаш рет үлкен басымдықпен дауыс жинап президент атанған оқушыны шақырғым келіп тұр. Олай болса экранға назар аударайық!
(Президент болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
ЖАТАҚХАНА ПРЕЗИДЕНТІ -

2-жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Жатақханамыздың мәртебесін көтеріп, өзге оқушыларға үлгі болар, жатақхана президентінің көмекшілері бар екендігі бәрімізге мәлім. Ендеше жатақханамыздың премьер-министрі болып тағайындалған оқушыны ортаға шақырайық. Ду қол шапалақ!
(Премьер-министр болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Жатақханамыздың премьер-министрі -

1-жүргізуші: Жатақханада сабақ үлгерімі төмен оқушыларды басшылыққа алып, оларға кеңестер беріп, үлгерімі жақсы, алғыр оқушылардың оларға қосымша сабақ беруін қадағалайтын;
- Тоқсандық қорытындыларды қадағалатын;
- Оқушылар арасында әлеуметтік мәселерді қолдауға ат салысатын біздің жатақханамыздың білім министрі болып тағайындалған оқушы....
(Оқу министрі болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Жатақханамыздың білім министрі –

2-жүргізуші: Өнерімен өрге жүзген жүйріктер,
Мәдениеттің министрі сайланды
Ұйымдастырып әзіл кештер, концерттер
Білімменен өнерді де ойлады.
Ортаға жатақханамыздың мәдениет министрін шақыруға рұқсат етіңіздер....
(Мәдениет министрі болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Жатақхананың мәдениет министрі -

1-жүргізуші: Тәртіпсіздікке жол бермей,
Тәртіпті әр кез қараған
Ішкі істер министрін
Барлығы да қолдаған.
Жатақханамыздағы тәртіпті қадағалайтын біздің ішкі-істер министріміз болып тағайындалған....
(Ішкі істер министрі болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Жатақхана оқушыларының тәртібі мен мектептегі жүріс-тұрысын қадағалайтын ішкі істер министрі -

2- жүргізуші: Тазалықты ту етіп ұстанатын,
Кең пейілді, көңілді, жүзі жарқын,
Бірінші байлық денсаулық деп ескерген
Министр жоқ бұл баладан асатын.
- Спорттық іс – шаралардың жүргізілуін;
- Оқушылардың салауатты өмір ұстанымын жақтау негізінде акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды басқаратын біздің денсаулық министріміз. Ендеше денсаулық министрімізді ортаға шақырайық.
(Денсаулық министрі болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Денсаулық және салауатты өмірді қолдау министрі -

1-жүргізуші: Бақылайтын ағып жатқан ағымды,
Хабарлайтын жаңалықты жағымды.
Компьютердің тілін жақсы меңгерген,
Осындай министр бар біздерден.
- Жатақхана анықтама қызметін даярлайтын,
- Жатақхана кеңес құрамының интернеттегі жеке сайтын құратын,
- Мектеп жаңалықтарын, жатахана газетіне керекті ақпараттарды жинақтайтын
Ақпарат және байланыс министрін ортаға шақырайық.
(Ақпарат және байланыс министрі болған оқушы суреті экраннан көрсетіледі)
Ақпарат және байланыс министрі болып тағайындалған -

2-жүргізуші: Жаңа жатақхана кеңес құрамының мүшелерін құттықтау үшін сөз жатақхана меңгерушісі Байганиева Зульфия Шариповнаға беріледі.

1-жүргізуші: Президент болу – кез келген адамның қолынан келе бермейді. Президент болу үшін оқушының бойында жоғары деңгейде жауапкершілік сезімі болуы шарт. Сонымен қатар барлық оқушылардың дауыс беруі арқылы Президент лауазымын иеленген ______________________________-ты барлық тәрбиешілер мен оқушылар алдында ант беру рәсімін өткізу үшін ортаға шақырамыз!
АНТ: Мен , __________________ , осы міндеттерді қабылдай отырып, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесін биікке көтеретін, жатақхана оқушыларының қоғамдық жұмыстарда белсене араласуы үшін бар жағдайды жасайтын, жатақхана мәртебесін көтеру үшін ат салысатын, білім мен тәртіпті жолға қоятын, өзін-өзі басқару үкіметінің президент лауызымына лайық болуға ант етемін.
Жатақхана кеңес мүшелері «АНТ етеміз» деп үш рет қайталайды.
Ән: «Елбасы мектебі»
2-жүргізуші: Мектеп , Туға қарап тіктел!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкетілсін!
1-жүргізуші: Осымен Жатақхана кеңес құрамының мүшелерін ұлықтау рәсімі тәмәмдалды! Еліміз жарқын, болашағымыз кемел болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 81
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама