авторы: kamidollina (28 мам, 18:05 жарияланды)
Тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлы» тақырыбында «Жігіт сұлтандары – 2016»
Мақсаты: Жатақхана жігіттерін халықтық дәстүрді, ата-тегін, әдет-ғұрыпты, тарихты қадірлеуге, ұлтжандылық және патриоттық сезімдерге баули отырып танымын байытуға, жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, мықты болуға талпындыру.
Түрі: байқау
Көрнекіліктер: шарлар, презентациялар.
Ф А Н Ф А Р
(қыз)1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты біздің ұстаздар, қадірлі ата-аналар!
(ұл) 2-жүргізуші: Кеш жарық менің бауырларым!
1-жүргізуші: Ұлттың болашағы ұрпағыңда демекші, ата тегін қадірлеу, «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтандары – 2016» байқауын өткізгелі отырмыз.
2-жүргізуші: Не деген сөздер....Сен өзің сөзге шебер екенсің ғой!
1-жүргізуші: Әрине, мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы емеспін бе?! Біздер өткен айда жатақхана аруын таңдаған болатынбыз, ендігі кезек біздің сері жігіттерімізде сияқты.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, біздің жатақхана жігіттері жан-жақты, шетінен шебер, талантты, жалпы айтқанда біздің жігіттерге жетер жан жоқ.
1-жүргізуші: Жігіттерді көп мақтап жібердің ғой, асыра сілтеп тұрған жоқсың ба?!
2-жүргізуші: Менің айтқан сөзіме сенбей тұрмысың? Қазір олардың өнерін тамашалаған уақытта өзің ұялып қалып жүрме.
1-жүргізуші: Жақсы, ендеше бүгінгі байқауымызға қатысушы сері жігіттерімізді ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Жоқ тоқтай тұр, бүгінгі байқауымыздың бір ерекшелігі бар.
1-жүргізуші: Ол қандай ерекшелік? Сонда қалай, жігіттердің орнына қыздар шығады ма?
2-жүргізуші: Бүгін «Жігіт сұлтандары-2016» байқауына жігіттер екі-екіден шығатын болады. Екі жігіт бірлесе отырып, осы атаққа ие болады.
1-жүргізуші: Ал енді ортамызға бүгінгі байқауға қатысатын сері жігіттерімізді шақырайық. (музыка ойналады)
1. Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат
2. Зұпаров Дархан және Аронов Бекжан
3. Қуаныш Қоблан және Закарин Нұрмахан
4. Сағынбай Шыңғысхан және Жаңабай Құдайберген
5. Жолдыбаев Қайсар және Төлебай Нұржол
2-жүргізуші:
Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін,
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін.
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің,
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.
Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Мектеп хореографы - Үркімбаева Зердегүл Зейнуллақызы
2. Информатика пәнінің мұғалімі – Назаров Айболат Самигуллаевич
3. Информатика пәнінің мұғалімі – Шоқанов Бауыржан Сайлауғалиұлы
4. Мектеп әкімшілігінен сатып алу маманы – Есенов Дастан Нұрланұлы
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 5 - тік жүйемен белгіленеді. Әділ қазыларымызбен таныс болсақ, сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік. Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!
2-жүргізуші: Алғашқы байқауымыздың таныстыру бөлімін бірінші бастайтын серілер Әміржанов Алтынбек пен Бостан Дулатты ортаға шақырайық. Қошеметтеп, қолдау көрсетіп отырайық!
1-жүргізуші: Келесі қатысушыларымыз өнерлі сері жігіттерімізді ортаға шақырайық. Аронов Бекжан және Зұпаров Дархан. Қошеметтерімізді аямайық достар!
2-жүргізуші: Өнерлі жігіттер Қуаныш Қоблан мен Закарин Нұрмаханды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Ендігі кезектегі серілер өздерін қалай таныстырар екен? Тамашалауға қалай қарайсыздар! Сағынбай Шыңғысхан мен Жаңабай Құдайбергенді қарсы алайық.
2-жүргізуші: Байқауымыздың таныстыру кезеңін аяқтайтын ажырамас адал достар Жолдыбаев Қайсар мен Төлебай Нұржолдың таныстыруына кезек берейік. Ду қол шапалақ!
1-жүргізуші: Туф, не деген жігіттер...Шеттерінен салмақты, өнерлі...
2-жүргізуші: Не болды, соншама таңырқап. Қасыңда да тұр ғой жігіттің төресі.
1-жүргізуші: Жігіттің төресі болсаң неге бағыңды сынауға шықпадың сайысқа, төресімін дейді ғой, кішкене ұялсай!
2-жүргізуші: Жарайды! Сенікі жөн! Бірақ келесі жолы міндетті түрде шығамын. Сен жігіттердің таныстыруына бұлай таңырқап жатырсың, қазір өнерлерін көрген кезде ауызыңды жаба алмай қалатын сияқтысың ғой, қалқам!
1-жүргізуші: Несі бар біздің жігіттер таңырқауға тұрарлық. Біздің жатақхананың жігіттері – жігіттердің төресі. Солай емес пе, жігіттер. Менімен келісесіздер ме?
2-жүргізуші: Ендеше біздің төрелеріміздің өнерін тамашалайық, бұл сайысты алғашқы болып бастайтын жігіттер Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат. Қошеметтерімізді аямайық достар!
1-жүргізуші: Жатақханамыздың әнші жігіттері Зұпаров Дархан мен Аронов Бекжанды сахна төріне шақырайық.
2-жүргізуші: Жатақханамыздың белсенді де өнерлі жігіттері Қуаныш Қоблан мен Закарин Нұрмаханның өнеріне кезек берейік.
1-жүргізуші: Біздің жатақханада бұл екі жігіттей физика мен биологияны меңгерген жан жоқ шығар сірә. Енді бұл жігіттер бізді қандай өнерімен таң қалдырар екен. Сағынбай Шыңғысхан мен Жаңабай Құдайбергенді ортаға шағырайық. Қолдау көрсетіп отырайық.
2-жүргізуші: Өнер десе ішкен асын жерге қоятын серілеріміз Жолдыбаев Қайсар мен Төлебай Нұржолды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Біздің жігіттеріміз келесі сайысқа дайындалғанша әдемі биге кезек берейік.
7 класс қыз балаларының орындауында «Қазақ биі»
1-жүргізуші: Саған не болған? Не істеп жатырсың?
2-жүргізуші: Ештеме, жай күшімді байқап көрейін деп.
1-жүргізуші: Қой енді, аяғыңа құлатын аларсың. Не болмаса қолыңды шығарып аларсың.
2-жүргізуші: Бұл бізден қалған дүние ғой...
1-жүргізуші: Жә-жә жарайды, мақтанған жігіттігіңе тән емес.
2-жүргізуші: Мен мақтанып жатқан жоқпын, тек сені таң қалдырғым келген. Ал сен сайысқа қатысушы жігіттерге қарай бересің.
1-жүргізуші: Неге қарамасқа, оларда менің достарым ғой. Олай болса, «Күш – атасын танымас» демекші келесі спорттық сайыстарға кезек берейік. Сері жігіттерімізді ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Сайыстың бұл кезеңі 3 бөлімнен тұрады.
1. Отжимание
2. Гантель көтеру
3. Присидание
1-жүргізуші: Олай болса, бұл сайыстың бірінші бөліміне кезек берейік.
1. Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат
2. Зұпаров Дархан және Аронов Бекжан
3. Қуаныш Қоблан және Закарин Нұрмахан
4. Сағынбай Шыңғысхан және Жаңабай Құдайберген
5. Жолдыбаев Қайсар және Төлебай Нұржол
2-жүргізуші: Келесі бөлімге кезек берейік- Отжимание.
1. Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат
2. Зұпаров Дархан және Аронов Бекжан
3. Қуаныш Қоблан және Закарин Нұрмахан
4. Сағынбай Шыңғысхан және Жаңабай Құдайберген
5. Жолдыбаев Қайсар және Төлебай Нұржол
2-жүргізуші: Ал жігіттер, шаршаған жоқсыздар ма?!
1-жүргізуші: Сен де қызық екенсің біздің жігіттер шаршайды деп кім айтты саған. Олар жігіттің сұлтаны болуға жарысып жатырған жоқ па?
2-жүргізуші: Бұл кезеңнің соңғы бөліміне кезек берейік. Жігіттеріміз отырып тұрған кезде жігіттеріміздің білімін де тексеретін боламыз. Әр жігіттер құрамына 1 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде кім қанша сұраққа жауап беретіндігін тексеретін боламыз. Ендеше бастайық! Жігіттер іске сәт!
1. Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат
2. Зұпаров Дархан және Аронов Бекжан
3. Қуаныш Қоблан және Закарин Нұрмахан
4. Сағынбай Шыңғысхан және Жаңабай Құдайберген
5. Жолдыбаев Қайсар және Төлебай Нұржол
С Ұ Р А Қ Т А Р:
1-жүргізуші: Жігіттеріміз келесі бөлімге әзірленгенше сахнада отырған оқушылардан бүгінгі кеш туралы және кімдердің жеңімпаздыққа үміткер екендігі туралы пікірлерін білсек.
1-жүргізуші: Әрбір ер азамат бір үйдің шаңырағының иесі болатыны анық. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей келесі кезеңде жігіттеріміз бата беру арқылы көрерменді таң қалдыратын болады.
2-жүргізуші: Ендеше сайысқа қатысушы барлық жігіттерімізді ортаға шақырайық.
Әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысын дайындағанша «Жатақханадағы қызықты сәттер» суреттер презентациясын тамашалайық.
1-жүргізуші: Сахна төріне біздің байқауға қатысушы сері жігіттерімізді шақырайық.
1. Әміржанов Алтынбек және Бостан Дулат
2. Зұпаров Дархан және Аронов Бекжан
3. Қуаныш Қоблан және Закарин Нұрмахан
4. Сағынбай Шыңғысхан және Жаңабай Құдайберген
5. Жолдыбаев Қайсар және Төлебай Нұржол
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
«Мақтанышы» деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал, сайыскерге, тек сәттілік тілейікші! – дей отырып, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
1-жүргізуші: Осымен «Жігіт сұлтандары – 2016» байқауы өз мәресіне жетті.
Бірге: Қош сау болыңыздар!

СҰРАҚТАР
1. Үш жүз ........................................................................... (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
2. Ағайын алтау, ..............................................................................................(ана біреу)
3. Абайдың әжесі.......................................................................................................(Зере)
4. Көміртек пен сутегінің қосылысы қандай зат береді..............................(органикалық)
5. Саңырауқұлақ өсімдік пе жануар ма? ......................................................(ешқайсысы)
6. Үш би .....................................................................(Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
7. Ақан серінің жылқысы.....................................................................................(құлагер)
8. Жыл мұғалімі....................................................................................( Шарипов Самат)
9. Мектептің ер психологының аты-жөні........................................(Рамазан Байрамұлы)
10. Жігіттің үш жұрты...................................... (Өз жұрты, нағайы жұрты, қайын жұрты)
11. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да....................(қарызынан құтылмайсың)
12. Мектептің туған күні......................................................................................(25 ақпан)
13. Ұлттық діни мейрам ...............................................................................(айт, ораза айт)
14. Вольт ненің өлшем бірлігі.................................................................................(кернеу)
15. Шәмші Қалдыаяқов кім?...........................................................................(композитор)
16. Бала дүниеге келгенде болатын той.............................................................(шілдехана)
17. Қазақ тілінде неше септік бар?...................................................................(7 септік бар)
18. 3 санының кубы нешеге тең?......................................................................................( 27)
19. Жай сан дегеніміз не? .........................................................(1 және өзіне бөлінетін сан)
20. Қытайдың валютасы ...............................................................................................(юань)
21. Абайдың анасының аты........................................................................................(Ұлжан)
22. Кітапқа, оқушыға сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? ............(Барыс септік)
23. Жылдамдықтың формуласы..................................................................................(S=v*t)
24. Интервал деп айтатын адам....................................................(Зердегуль Зейнуллаевна)
25. Түйе пірі?....................................................................................................... (Ойсылқара)
26. Мектептің акт залы неше адамға арналған...............................................................(360)
27. «Болашақ» шаңырағының кураторы...........................................(Нургуль Сапаровна)
28. 8 санының кубы нешеге тең?...................................................................................( 512)
29. Кітаптан, оқушыдан сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?..... (Шығыс септік)
30. Жатақханада неше адамға арналған? ......................................................................(120)
31. Мектептегі ең қатал мұғалім ...........................................................(Қайрат Саматович)
32. Қой пірі? .........................................................................................................(Шопан ата)
33. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады..............................санның өзі шығады
34. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? .........................................(Ы. Алтынсарин)
35. Бәйретектің биіктігі.............................................................................................(97 метр)
36. 2 санының кубы нешеге тең?........................................................................................ (8)
37. Бір үйдің қыздарын алған жігіттер бір-біріне кім болады?.................................(Бажа)
38. Жатақхананың ұраны...................................................................(Бір үйдің баласындай)
39. Мен, сен, сіз, ол, біз қандай сөз табына жатады? .............................................(есімдік)
40. Мектептегі әнші математик мұғалім..........................................(Мейрамбек Мұқашев)
41. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады? ......(Диалог)
42. Теңге қай уақытта айналымға енді..........................................................................(1993)
43. Кез келген санға 0 – ді қосқанда ...шығады...........................................(сол санның өзі)
44. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?.....................................(Абай Құнанбаев)
45. Тангенстің формуласы.............................................................................синус/косинус)
46. SІ – жүйесіндегі уақыттың өлшем бірлігі ..........................................................(секунд)
47. Сөйлем түрлерін ата? ......................(лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем)
48. «Абай жолы» романының авторы.........................................................(Мұхтар Әуезов)
49. Шоқан Уәлиханов неше жасында дүние салды.........................................................(30)
50. Қазақтың ең бірінші хандары.........................................................(Керей мен Жәнібек)
51. Александр Македонскийдің қазақша есімі.............................(Ескендір Зұлқарнайын)
52. Арыс жағасында әнінің авторы?..................................................(Шәмші Қалдыаяқов)
53. Астананың туған күні................................................................................(шілденің 6-ы)
54. Айнагуль Турсыновна кім?...............................................................................(медбике)
55. Ресейдің соңғы патшасы................................................................................(Николай ІІ)
56. Мектеп асханасы қанша оқушыға арналған............................................................(360)
57. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.......(Кужакова Салтанат Жауылбаевна)
58. Ағаңның әйелі саған кім болады?..........................................................(жеңге, жеңеше)
59. Жатақханада неше тәрбиеші жұмыс жасайды?...........................................................(8)
60. Мамаңның ағасы кім болады?...........................................................................(нағашы)
61. Жер көлемі бойынша Қазақстан нешінші орында......................................................(9)
62. Астананың символы.........................................................................................(Бәйтерек)
63. Адам ДНҚ-сында қанша аминқышқыл бар?............................................................ (20)
64. Қазақстандағы ең ескі қала?..................................................................................(Тараз)
65. Қазақстанда қанша НЗМ-тері бар?..............................................................................(20)
66. Конституция қабылданған жыл...............................................................................(1995)
67. Қазақстандағы ең бағалы балық....................................................(бекіре,қызыл балық)
68. Жұмекен Нәжімеденов қай рәміздің авторы.........................................(әнұран авторы)
69. Ресей рубльі қашан құнсызданды...........................................................................(2015)
70. Аға тәрбиеші............................................................(Каспакова Нурзада Бекбусиновна)
  • 0
 қаралды: 300
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама