Жарнама

авторы: Нургуль Амирова (20 мам, 23:05 жарияланды)
№ Амирова Н.А
Шаухаева Г.К 13.05.2016ж Ата-аналарға арналған коучинг
Коучинг тақырыбы: «Отбасы-бала-балабақша»

Сілтеме Тәрбиешілерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Табыс критерийлері Ата - ана бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады.
Негізгі идея Тәрбиелі бала - бақытты кәрілік
Ресурстар маркер, стикер (әртүрлі қағаздар), тапсырмаларға арналған қағаздар, көңілді әуен,газеттер, ай, күн, су суреттері.


Жүру барысы
Кезеңдері Уақыты Жұмыс барысы
Ұйымдас
тыру 2 мин Коуч тақырыпты және оның мақсатымен таныстырады
Шаттық шеңбер: «Көңіл күй» 5 мин Шаттық шеңберге ата-аналар жиналып, әр ата-ана өз көңіл күйін айтады.

Топқа бөлу 2 мин От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу
Топ мүшелеріне мінездеме
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін ата-аналар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар ата-аналар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл ата-аналар.
Ой толғау 5 мин "Бала-ата-ана-тәрбиеші" әр топ өз ойын ашық білдіру
Топтық жұмыс 5 мин Топта ақылдасып, барлық ойларыңызды
ортаға салып, бала тәрбиесіне кім
жауапты деген сұраққа жауап іздеп,
ойымызды жинақтаймыз.
Сергіту сәті 3 мин "Молекулалар" көңілді әуенмен қойылады.
Білімді игерудің құзырлық дамуы мен сапасының зерттемелік диагностикасы 5 мин "Таным", "Қатынас" "Шығармашылық"салалары бойынша "Білімді игерудің құзырлық дамуы мен сапасының зерттемелік диагностикасы мен диаграммасы" көрсетіледі

"Ротация" әдісі 5 мин Үш топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ:Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ: Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек
ІІІ-топ:Әр бала бақытты болуы үшін не кажет?
ІV-топ: Сіз өз балаңызды мектепке баруына қалай көмектесіп жүрсіз?

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

"Аралда"
"Қош бол балабақ
ша" ертеңгі лігіне дайындық жұмыстары
Кері байланыс

"Ашығын айтсам" жаттығуы
5 мин
2 мин

10 мин

5 мин «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
- Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
- Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
- Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
- Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып шығулары керек.
Әр ата-ана өзінің ой пікірін ортаға салу, әңгімелесу.(сурет, ер бала мен қыз баланың киімдері)
Ашық айтсам...»
Коучингтің жүргізілген күні____________________________________________________________
Менің есімім_____________________________________________________
Менің коучинг барысында түйгенім_________________________________________________________
_________________________________________________________________ Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?_______________________________________________________________________________
Бәрінен де маған ұнады____________________________________________ Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?
_________________________________________________________________
ұсыныс__________________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?___________________________________________________________
_________________________________________________________________ Қолы__________________

Қорытын
ды 2 мин Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
  • 0
 қаралды: 848
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама