авторы: Гулбакит (18 мам, 00:05 жарияланды)
Сыныбы: 2а,3а,4а
Тақырыбы:

Күні:14.04.2016
«Орман-біздің байлығымыз»
Мақсаты:
. 1. Оқушылардың жалпы табиғат туралы білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Логикалық есептеу дағдыларын,өз пікірін жеткізе білуге уйрету.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: Табиғат туралы білімдері пысықталады,топпен жұмыс істей отырып, ұйымшылдыққа өз пікірін жеткізе білуге үйренеді.

Керекті жабдықтар: АКТ,презентация, стикер,муляждар,суреттер маркер, плакат.
Түрі: Интеллектуалды ойын , сайыс
Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан дамыту,жеке тұлғаға бағыттау
Сабақ кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе





Тұсау кесер.
Ой-қозғау
Негізгі бөлім.

І-айналым.
Танымдық сұрақтар

І-айналым
Ізің кес

ІІІ-айналым.
Даусын таны

ІҮ-айналым.
Қоректерді кептіруге тиінге көмектес.
Коррекциялық жаттығу.

Ү-айналым.
Қызықты есептер

ҮІ.Аң,құстар
дың атынан сөздер құрау.


ҮІІ.Шашылған суреттерді құрастыру

ҮІІІ.Экологиялық бағдаршам

Рефлексия.
Ағаш тілегі
Видео.
Қызықты көрініс.
Марапаттау.
1.Тренинг «Джунгли шақырады»
Тәрбиеші аң-құстардың суреттерін көрсетіп тұрады.
Лента арқылы топқа бөлу. 1 – топ 2-топ 3-топ
Жасыл ел Мейірімділік Қорғаушы
Оқушыларға сұрақтар қояды.
-Орман деген не?
-Орманда қандай аңдар,құстар тіршілік етеді?
-Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
-Орманның қандай пайдасы бар?
-Дұрыс айтасыздар,орман-аңдарға қорек,әрі баспана,өсімдіктері таптырмас дәрі,ағаштары кунделікті тұрмыстық заттарға,құрылысқа таптырмас материал,шипажай демалыс орны,құмдардың көшуіне бөгет болатын, сондықтан орман-біздің байлығымыз деп атаймыз.Олай болса бүгінгі сабақта біздер экологиялық апталыққа,жалпы табиғатқа қатысты, Орман-біздің байлығымыз атты сайыс өткізгелі отырық.
Сайыстың ережесімен таныстыру.
Сайыстың шарты экологиялық пирамида құрастыру.Егер пирамиданы құрастыра алмасақ әлемге қауіп төніп тұр.Сайыс 8 кезеңнен турады.Әрбір кезеңнен өту-табиғаттың әр бөлшегін құрастырамыз.
І-Жасыл ел.
1.Құс мұрны қалай аталады?
2.Бал беретін жәндік?
3.Жапырақтың орнына тікен өсетін өсімдік?
4.Экологиясы ең нашар көл?
5.Қоян көгалда жүрген үш жыланның біреуін жеп қойды. Жапырақ реңінің жазда жасыл, күзде сары түсті болуы неліктен? (жасыл пигмент – хлорофилл)
ІІ-топ.Мейірімділік. 1. Түнгі құс.Жапалақ
2. Орманның ең қауіпті жауы ?
3 Ағашта өзінің қорегін кептіріп алатын аң.Тиін
4.Өсімдіктің өсу мүшесі (жапырақ)
5.Африкалық түйеқұс аяғындағы 5 саусақпен тышқанды ұстап ала ма? (Түйеқұс аяғында 2 саусақ)
ІІІ-топ, Қорғаушы
1.Қай жануар үйін алып жүреді ?
2.Ара шаққаннан кейін несін жоғалтады ?
3Әлемдегі ең кішкене және ең үлкен құс? (түйеқұс, колибри)
4.Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қасиеті. (иммунитет)
5.Қоян көгалда жүрген үш жыланның біреуін жеп қойды. Неше жылан қалды?Қоян жылан жемейді
Ормандағы аңшыға аң-құстардың ізін табуга көмектесейік.

Үнтаспадан табиғат дыбыстары қосылады.

Тапсырманың шартын түсіндіру.




Слайдта көз коррекциясына ойын жүргізіледі.

1.Құмырсқа 1 минутта ұясына 20 жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі? Шешуі: 20 ∙ 120 ═ 2400 жәндік
2. Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?5 бала

1.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?Алмұрт
2.Айша 4 жыл ішінде 958 ағылшын сөзін жазды. 1-сыныпта 105 сөз, 2-ші сыныпта одан 86 сөз көп, ал 3-ші сыныпта 1 және 2 сыныпта қанша болса сонша сөз жазды. Қалғанын 4-ші сыныпта жазды. Айша 4 сыныпта неше сөз жазды?шешуі:105+86=191
191+191=382 3сыныпта 958-382=576 4 сыныпта

1. Автобуста отырған жүргіншілердің жартысы және 4 адам шыққаннан кейін автобуста 32 адам қалды. Автобуста неше адам болған? Шешуі:32+32=64 64+4=68 2.Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? 3 қаз

Ақ құтан
Қабылан
Бүркіт

Алдарына суреттер беріледі.

Алдарына тиым белгі суреттер беріледі.
-Табиғатты қорғау үшін адамдар қандай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр?
-Табиғат қалай ластануда?
-Сіздер табиғатқа қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Стикерлер үлестіріледі.
Экранда видеофильм қосылады

Жеңімпаз топты анықтау.-Міне, біз тіршілік пирамидасын тұрғыздық.
Ешқайсысын алып тастауға болмайды.Алып тастасақ барлығы қирайды.Олар бірін-бірінсіз өмір сүре алмайды.Ауаны ластауға,топырақтың бүлінуіне өсімдіктердің қурауына жол бермеу керек .Ормандағы басты байлық-ағаштар мен өсімдіктер оларды кесуге,таптауға,сындыруға,жұлуға,өрттеуге болмайды.Олар көптеген аңдарға баспана,әрі қорек .
Қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы – адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл-күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі өскелең ұрпаққа өнеге. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Сондықтан да Табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрады.Балалар суретке қарап аң-құстардың қимылын музыкаға салып билейді.
Лента арқылы екі топқа бөлініп отырады.Топтың аты мен ұранын таныстырады.
Топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қай топ бірінші жалауды көтереді,сол топ жауап береді.3 сек ақылдасады.
Балалар ненің үні екенін табады.
Әр топ саңырауқұлақ,жапырақтар,
Жаңғақтарды жіпке тізеді.

Оқушылар слайдқа көз жүгіртіп отырады.
Ақ құтан
Қабылан
Бүркіт сөздерден сөз құрайды

Балалар суреттерді құрастырады

Оқушылар сол суретті айтып қорғайды

Балалар табиғатқа өз тілектерін жазып ағаш тілегіне жапсырады.
  • 0
 қаралды: 751
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама