авторы: Гулбагида Биляловна (30 наурыз, 16:03 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру,
сабақтас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін таныту,оқушының
өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығару.
Ә) Тәрбиелігі: Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім-тәрбие
алуға, ұқыптылыққа, мысалдағы сөйлемдер арқылы
елжандылыққа тәрбиелеу.
Б) Дамытушылығы: Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін,
сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, жаттығу, тест, топтау,
салыстыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушыларды тексеру
Б) Сабаққа қатысуларын, құралдарын тексеру.
Сынып 3 топқа бөлінеді. Топ басшылары белгіленіп, оларға бағалау парағы беріледі. (Әртүрлі түстер арқылы бөлінеді.)

І топ аты: «Салалас»; (қызыл)
ІІ топ аты: «Сабақтас»;(көк)
ІІІ топ «Аралас»;(сары)
Бағалау парақшасы беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
№1 тапсырма
(Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар)
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?
3. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
4. Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
5. Оның құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?



№2 тапсырма
Семантикалық картаны толтыру (барлық топ толтырады)

Жалғаулық
шылаулар Ыңғайлас Қарсылықты Түсіндірмелі Себеп-салдар Талғаулы Кезектес
Да, де, әрі +
Бірақ, алайда +
Я, яки, немес +
Бірде, біресе +
Себебі, өйткені +
Сонша, сол, сондай +


Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі.
3. Баяндауыштардың жасалу жолдары.
Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек?
1.Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компаненттерінің орналасу тәртібін білу.
3. Сөйлемдерге талдау жұмысын жүргізе білу.

Мысал:
1. Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленді, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі.
2. Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленіп, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі.
3.Сәке ауылға ертерек келсе, шөп шабуды бастаймыз.
4. Сәкен сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Венн диаграммасы .

Ережесін шығару.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Жасалу жолдарын түсіндіру.
№ Бағыныңқының баяндауыштары Тұлғалық белгісі Мысалдар
1. Шартты рай -са, -се Қалауын тапса, қар жанады
2. Көсемше - а, - е, - й,
- ып, - іп, - п,
- қалы, - келі,
- ғалы, - гелі Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
(Абай)
3. Есімше - ғалы, - гелі
- ған (-ша, -дай)
- ген, (ше, -дей)
- ған (-да)
- ген (-де), (мен)
- ған (-дықтан)
- ген (-діктен)
Сайын, соң, үшін, кезде, шақта, уақытта
- ған+ға шейін
- ген+ге шейін
-ған+нан бері
- ген+нен кейін
бұрын Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ.
Арман қоштасып кеткеннен кейін, Асанның ұйқысы шайдай ашылды.
4. Етістік негізді - ысымен ( ісімен) Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнің 6 түрі бар:
1.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
3.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
5.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
6.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысы басыңқыдан бірінші тұрады. Төл сөздерде, өлеңдерде орындары ауысып келе береді.
Жаттығулар жұмысын орындау
№1 тапсырма
Оқулықтағы 171-жаттығуды ауызша орындау. Мәтіндегі салалас, сабақтас құрмаластарды бөліп жазыңдар.Мәтінді үш топқа бөліп орындатылады.
№2 тапсырма
І топ
Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндір.
1. Дәрмен ұшып тұра келсе, қармақ сап су бетінде ағыпбара жатыр екен.
Ол кітапты тастай беріп, енді ұмтылғанша болған жоқ. Мойнақ шомп беріп, өзенге қарғып түсті.Бұл кезде қармақсап бір батып, бір шығып, өзен ортасына жақындап қалған еді. Мойнақ енді ғана жеткен кезде, қармақсап кенет көрінбей кетті. Артынан ит те сүңгіді. Бірақ таба алмай шықты.Қармақсап су бетіне қайтадан қалқып шығып, анадай жерде кетіп бара жатыр.
ІІ топ
Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндір.
Әкесінің пікіріне қарсы болса да, Молдағазы оған бетпе-бет ештеңе дей алмайды екен. Күнде қонаққа барғандықтан және Нұртазаның мінезін білгендіктен, мен де онымен таласқа түспедім. Молдағазы екеуміздің пікіріміз Нұртазаға ұнамаған соң, біз Қызылжарға жетуге бекіндік. Қар бұл кезде қалыңдап қалған. Ауыл арасында жүргінші аз болғандықтан, соны қардан жол әлі түскен жоқ еді. Басқа көліктің реті болмаған соң, жалғыз атпен жолға шықтық.
ІІІ топ
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндір.
1.Махмұт дүкеннен шыққан кезде, төмендегі жақтан бір топ оқушы саппен жүріп келе жатты. 2. Молда кіріп келгенде, әкем сусын ішіп отыр еді. 3.Әнші қыз өлеңін айтып болысымен, Нияз келді. 4. Хамит пен банды жерге кезек жығылып, аунап тұрған сайын қан шыққан жерлеріне топырақ жабыса бастады. 5. Есентай қайтыс болғалы, Сыбан деген елде қобалжу бар еді.
№3 тапсырма
І топ
Ырымдарға байланысты сөйлемдер берілген. Орындары ауысып кеткен салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемнің сыңарларын орналастыру керек.
Салалас Сабақтас
Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады. Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді.
Жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады. Қазақ мүшел жасын жасырады, оны басқаларға айтпайды.
Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады. Адам сол мезгілде ұйықтаса, оның өлім тілегені деп ырымдайды.

ІІ топ
«Графикалы диктант»
ІІІ топ
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Қалай жасалғанын түсіндір.

1.Елбасы өз Жолдауында ұлттық экономикамызды.........., мықты мемлекеттер қатарына қосыла алмайтынымызға айрықша тоқталып өтті.
2. Он жылдың бағдарламасы ..............., алдағы қойылар міндеттер де айқын.
3.Орта білім беру жүйесінде оқыту 12 жылдық білім беруге ..............., он жыл ішінде жалпыға білім беруді және бейінді білім беруді қарастырады.
Сөздер: көшкендіктен, дамыптай, жасалғандықтан

Қорыту.
Альтернатив тест
1.Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақсыз бола ма?
А) ия Ә) жоқ
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланысады ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
А) ия Ә) жоқ
4. Сабақтас құрмаластың баяндауыштары тең дәрежеде байланысады ма?
А) ия Ә) жоқ
5. Сабақтастың баяндауыштары шылаулар арқылы байланысады ма?
А) ия Ә) жоқ
Бағалау (Бағалау парақшаларын жинап алынады)

№ Оқушының аты-жөні Өткенді қайталау Семантикалық
карта Жаңа сабақ №1 №2 №3 Қорытынды
1
2
3
4
5
6

Үйге тапсырма
1.Сабақтас құрмаластың ережесін жаттау, жасалу жолдарын оқу.
2. Абайдың қара сөздерінен сабақтас құрмалас сөйлемдер жазып келу.
  • 0
 қаралды: 2094
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама