авторы: Гулбагида Биляловна (30 наурыз, 16:03 жарияланды)
аты-жөні: Ережепова Гулбагида Биляловна
2. Қолданбалы курстың тақырыбы: «Абайтану »
3. Вариативті курстың бағыты: Қоғамдық гуманитарлық
4.Бағдарламаның түсінік хаты
1)Курстың мақсаты:
«Қалың елім» деп кеткен ұлы Абай «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең
істің бәрі бос» даналығы ел үшін естен кетпес өсиет.
Абайды білу, Абайды тану ана сүтімен қанымызға дарыған асыл арымыз, талапқа, еңбек үйрететін арманымызға ұштасатын қазақтың затымыз, жүріс-тұрысымызда ісімізде көрінетін мол рухани қазына.
Абай тұлғасын тану, Абай поэзиясының терең иірімдерімен оқушыларды сусындату, Абай өмірін тереңдете оқыту, Абай шығармаларын байыту арқылы адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Курстың міндеті:
11- сынып оқушыларына Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді өз бетінше меңгеруіне ықпал ету, ақын өмірі мен шығармаларынан үлгі алып, сөйлеу мәдениетін дамытуға, іскерлік белсенділігін, шығармашылық ізденісін шыңдауға баулу.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: Абай өмірін, оның өлеңдерін, Абайдың ақындық айналасы мен Абайдың шәкірттерін білу тиіс. Абайдың қазақ поэзиясындағы алатын орнын меңгеру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, тарих, ән-саз, бейнелеу.
Уақыт көлемі, сабақ жиілігі: 45 минут, аптасына 1 сағат, жылға
34 сағат оқытылады.
Қолданбалы курсты ұйымдастыру формасы: Дәріс сабақ, семинар сабақ, пікір алмасу, жарыс, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Курсты қорытындылау формалары: рефераттар қорғау, ғылыми жобалар қорғау, ауызша сынақ, тест.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: 3,4,5 баллдық жүйемен бағаланады.
Тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінетін мазмұны:
І. Кіріспе: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» 1сағат.
ІІ. Абайдың кемелдену арналары 10 сағат
ІІІ. Абайдың өлеңдері 4 сағат.
IV.Абайдың даналық ойлары- 5 сағат
V.Аудармалары: А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан, И.А.Крыловтан
5 сағат.

VІІ. Абай-сазгер ақын. 2 сағат.
VІІІ. Абай мәңгілік ұлы тұлға 2 сағат.
ІХ.Абайдың оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері 3 сағат
Х. М.Әуезов-Абайды танытуы 2 сағат.
ХІ. Абайдың қазіргі қоғамдағы орны.2 сағат




11-сынып: апталық сағат саны-1, жылдық сағат саны-34.

№ Сабақ Сабақтың тақырыбы Сағат
саны Мерзімі
1. 1. Кіріспе. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» 1с
2. 2. Абайды танытушылар. 1с
3. 3. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. 1с
4. 4. Абайдың өсіп-жетілуіне сыртқы себептердің әсері. Абайдың өскен ортасы. 1с
5. 5. Абайдың ақындық шеберлігі. 1с
6. 6. Абайдың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы. 1с
7. 7. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны. 1с
8. 8. Абай-реализмі. Абай-реалист ақын, негізін салушы. 1.
9. 10. Абайдың сатирасы.
Абай шығармаларындағы сын. 1с
10. 11. Абайдың оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері.
«Интернатта оқып жүр. 1с
11. 12-13. Абайдың табиғат лирикасы
« Күз», «Жаз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» 2с
12. 14. Абай және Шығыс әдебиеті. 1с
13. 15-16. Абай-поэмасы.
«Ескендір», «Масғұт», «әзім әңгімесі» 2с
14. 17. Абай және орыс әдебиеті.
Е.П.Михаэлис, М.Ю.Лермонтов 1с
15. 18-19 Абай-сазгер ақын.
Гете: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Альбом», «Жұмбақ жалау» 2с
16. 20-21. Мысал аудармалары. И.А.Крыловтан
«Мен көрдім ұзын қайың құлағынан»,
« Жарлы бай», «Есек». 2с
17. 22-23. А.С.Пушкин аудармалары. «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», « Онегин сөз» (жаттау) 2с
18. 24. М.Ю.Лермонтов аудармалары
«Теректің сыйы», «Жалау», «Қанжар», «Альбомға». 1с
19. 25. Абайдың даналық ойлары.
Бірінші, жетінші қарасөздері 1с
20. 26-27. 5,6,17,18 қарасөздері. Мақал-мәтелдер туралы айтылған қарасөздері. Отыз жетінші қарасөзі (жаттау) 2
21. 28. Оқу, өнер, білім туралы қарасөздері.
Ес туралы қарасөздері. 1с
22. 29. Абайдың қоғадық-әлеуметтік тақырыбы 1с
23. 30. Абайдың соңғы жылдардағы табылған шығармалары. Күй: «Топ жарған» 1с
24. 31-32. М.Әуезов-Абайды танытуы 2с
25. 33. Абай мәңгілік ұлы тұлға. 2с
26. 34. Абайдың қазіргі қоғамдағы орны. 1с
Мұғалім үшін қолданылған әдебиеттер:
1. Досым Омаров «Абайтану» немесе ұлы ойшылдың рухани кемелдену туралы ілімі.
2. Қанапия Бітібаева. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту»
3. Абай Құнанбаев өлеңдері.
4. Қ.Сүйінішалиев «Абай қарасөздері»
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
6. М.Әуезов «Абай жолы» романы.

Оқушылар үшін қолданылатын әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.
2. Энциклопедия.
3. М.Әуезов «Абай жолы» романы.
4.Абай Құнанбаев өлеңдері.
  • 0
 қаралды: 231
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама