Жарнама

авторы: Жаным (27 желтоқсан, 08:12 жарияланды)
Түсінік хат
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.
Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.
7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген ,аптасына-1 сағат

Курстың мақсаты:
*Оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру
*Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту
*Ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету
*Кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
*Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау
Курстың міндеттері:
*.Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс,қазақ дәстүрінің қалыптасасу тарихы туралы әңгімелеу
*Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау
*.Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
*.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
*.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
*.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
*.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

«Шешендік өнер» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:


1-тарау Кіріспе 1 №
Шешендік өнер-ауызша түрдегі әдеби шығармашылық 1сағ 1
2-тарау Шешендік өнер тарихы 4
Ежелгі Грециядағы шешендік өнер 1сағ 2
Ежелгі Римдегі шешендік 1сағ 3
Аристотельдің шешендігі 1сағ 4
Ресейдегі шешендік өнер 1сағ 5
3-тарау Ұлттық шешендік өнерінің тарихы 4
Түркі халқына ортақ Орхон-Енисей көне ескерткштері 1сағ 6
Әл-Фараби еңбегі 1сағ 7
Қорқыттың нақыл сөздері 1сағ 8
Майқы би,Аяз би, Жиренше шешен 1сағ 9
4-тарау Қазақ ауыз әдебиетіндегі сөз үлгілері 4
Тұрмыс-салт жырлары 1сағ 10
Мақал-мәтелдер 1сағ 11
Батырлар жыры мен ғашықтық жырлар 1сағ 12
Айтыстағы сөз оралымдары 1сағ 13
5-тарау Қазақтың шешендік сөз саптаулары 5
Төле би,Каз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би 1сағ 14
Сырым шешен, Ақтайлақ би, Канай шешен 1сағ 15
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» 1сағ 16
Қасым хан мен Есім ханның ережелері 1сағ 17
Абай қарасөздерінің өсиеті 1сағ 18
6-тарау Қазақ жазба әдебиетіндегі шешендік 4
М.Жұмабаев»Батыр Баян» дастаны 1сағ 19
Шәкерім өлеңдері 1сағ 20
М.Әуезов»Абай жолы»роман-эпопеясынан үзінді 1сағ 21
Махамбет өлеңдері 1сағ 22
7-тарау Шешендік сөздердің түрлері 3
Шешендік арнау 1сағ 23
Шешендік толғау 1сағ 24
Шешендік дау 1сағ 25
8-тарау Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері 3
Тіл көрнектілігі 1сағ 26
Сөздің дәлдігі-ой айқындылығы 1сағ 27
Тіл тазалығы 1сағ 28
9-тарау Шешенге қойылатын талаптар 6
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық 1сағ 29
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениеті 1сағ 30
Пікірталас,оның түрлері 1сағ 31
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері 1сағ 32
Монолог пен диалог 1сағ 33
Шешендік өнер-тауып айтылған тапқыр сөз 1сағ 34






Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:

*Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.
*.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.
*.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.
*.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.
*.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».




Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

*шешендік өнер тарихын;
*шешенге қойылатын талаптар;
*шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;
*ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;
*қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.
*өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;
*әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;
*кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.

Әдебиеттер:

1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер» -Алматы: «Отау» 1992.
2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №2, 2007.
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал №11, 2007.
4. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.
5.Г.Косымова Қазақ тілі(шешендік өнер) 11 сынып оқулығы,Алматы,»Мектеп»2011ж
6. Қазақ басылымдары (шешендер өмірінен мәліметтер)
  • 100
 қаралды: 2217
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама