авторы: ramuk_b (19 мам, 21:05 жарияланды)

Балуан Шолақ Баймурзин (1864-1919жж.)

 

Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған.

Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші-ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған. Бұл тұрғыдан алғанда ол Арқада әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан әнші де. Сонымен бірге Балуан-Шолақ спортпен жіті шұғылданып күреске түскен, ат үстінде саналуан ойындар көрсеткен.

Балуан-Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би-болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай-ақ патша үкіметінің озбыр Чиновниктерінің зорлық-зомбылығына қарсы күреседі.

Оның көптеген әндері мен өлеңдері халық арасында мол тараған. Әсіресе Балуан-Шолақтың «Ғалия», «Дікілдек», «Құлан кісінес», «Желіп-желіп» т.б. бірнеше әндері ел аузында осы күнге дейін айтылып келеді.

 қаралды: 2911
 пікірлер: 0

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама