авторы: Merlan (21 ақпан, 00:02 жарияланды)
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қол тігістері.Тышқан із,айқас тігісті кестелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:қолөнер,кестелеу туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтау ,кестелеу мен айқаспа кесте мен тышқан із кестелердің тігілуі жайлы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық мақсаты:кестенің қолданылуымен өңделуін білуде өнерге қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін,дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:айқаспа,тышқан із кестелерді орындау арқылы әсемдікке,ісмерлікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:шығыармашылық,сұрақ-жауап,ой қозғау,түсіндіру,жеке жұмыстар, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі:шағын көрме,кесте түрлері.
Құрал-жабдықтар:мата,ине,қайшы, жіп,кергіш.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,Оқушыларды түгелдеу.Жұмыс киімдерін тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Саяхат сабақ.
а )өткен сабақты қайталау
в )жаңа сабақты түсіндіру
с )сарамандық жұмысты орындау.
-Балалар,бүгін біздер қол тігіс түрлерін үйренеміз.Ол үшін біздер «Қол тігістерінің патшалығына» қонаққа барамыз.Демек саяхатқа шығамыз.
Ал енді кез келген саяхатқа шығу үшін бізге не керек? Әрине,бағытымызды анықтайтын жол картасы керек.Тақтада ілулі тұрған картаға бәріміз назар аударайық.
Тігістер патшалығына бару үшін сендерді жолда әр түрлі кедергілер күтіп тұр.Ол кедергіден сендер білімдерің арұылы өтесіндер.
Бірінші кедергі. Үлкен аып тау кездеседі.
Тау тапсырмасы:Кесте тігістерінің шығу тарихы. (екі оқушы кестенің шығу тарихын айтып береді.)
Екінші кедергі.үлкен діңгекті алма ағашы.жай ағаш емес, әрбір алмасында сұрақтар берілген.
1Көктеу тігісі дегеніміз не?(Көктеу –көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлікті уақытша біріктіріп тұрады.Түзу етіп тігіледі.)
2.Шет тігісі дегеніміз не?(Шет тігісі аты айтып тұрғандай,матаның шетінің сетінегенін басып,жинақтау үшін қолданады.)
3.Қайырып тігу дегеніміз не? (Аты айтып тұрғандай тігілетін бұйымыздың шеттерін қайырып, бүктеп тігуді айтамыз).
Үшінші кедергі: Алдымыздан ағып жатқан өзен кездеседі.
Өзен тапсырмасы: тест сұрақтарына жауап беру. (оқушыларға тест тапсырмасы таратылып береді).
1.Кесте тігуге қандай жіптер қолданады?
а).Тоқыма жіп
б).Мулина жіп
в).Шарық жіп.
2.Кесте тігісін тігуге қандай құрал-жабдықтар қажет?
а).Ине,мулина жіп,кергіш,қайшы,мата.
б).Мулина,тоқыма жіп,кергіш,қайшы,мата.
в).Кергіш,мата,тебен ине,қайшы.


3.Шет тігісі дегеніміз не?
а).Матаның шетінің сетінегенін басып жинақтау.
б).Бұйымның шетін әсемдеу.
в).Матаның шеті тарқатылмас үшін.
4.Көшірме тігісі дегеніміз не?
а).Сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке көшіруге арналған.
б).Киімнің біркелкі екі немесе бірнеше бөліктерін көшіруге арналған.
в).Бөліктердің ілмектерін өндеуге арналған.
5.Қайыра көктеу дегеніміз?
а).Киімнің біркелкі екі немесе бірнеше бөліктерін көшіруге арналған.
б).Сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке көшіруге арналған.
в).Бөліктердің ілмектерін өңдеуге арналған.
Мінекей балалар «Қол тігістер патшалығына» да келіп жеттік.Патшалықтың кақпасына кіру үшін екі тапсырма орындау қажет.
1-тапсырма Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.(Ине)
2-тапсырма. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)
Патшалық оқушылардың біліміне риза болып өзінің сый-сыяпатын көрсетті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал енді жана тақырыппен танысайық.Қол тігістер.Айқас тігісімен тышқан із тігістерімен танысамыз.Қол тігістері тігін бұйымдарының барлығында кездеседі.
Бүгін сыныпқа кіргенде,шағын көрме зттарын көрдіңіздер. Айтыңыздаршы сіздерге не ұнады.Олардың өмірде қолданысы қандай?
Бүгінгі сабағымызда кесте тарихымен,айқас кесте,тышқан із кестемен танысып кестелеуді үйренеміз.
Кесте-өте ерте заманнан келе жатқан – мата,тері,киіз т.б. материалдар бетіне өрнектер салып,әртүрлі жіптермен,зермен тігілетін қолөнердің бір түрі.Қолданбалы өнер көптеген елдердің шеберлерінің,суретшілерінің шығармашылық жемісі.Ол киімдерді сәндеу нәтижесінде кісілердің көңіл-күйін көтереді.
Кесте ежелден қазақ қыздарына қойылатын талаптарының бірі болған.Қыз атауы кесте тігуді білетін болған.Халық арасында көп айтылған «Қойшының қызы қой келгенде кесте тігеді » деген мақалдар содан шыққан. «Кестелі орамал» деген ән де бар.
Кестені бұйым бетіне түгел бастыра немесе топтап-топтап әр жеріне тігеді.Қазақ салтында үй жиһаздарын,баскиім,киімдерді,аяқ киімдерді т.б.әшекейлеу үшін кесте өнерін кеңінен пайдаланылған.
Кесте тігіс түрлері.
Айқас тышқан із торлау маржандау зерлеу.
Қазір біздер айқас тігісімен тышқан із кестесін тігіп үйренеміз.
Кестені көңіл сызады,қол тігеді,көз сынайды дегендей кесте тігудің алуан түрлі әдісі бар.
1-әдіс
Тышқан із тігісі тігілу әжісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір-біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрамыз да, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.
2-әдіс
Айқас кесте. Кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарда солдан оңға қарай жартылай айқастырып тігіп шығамыз. Осы естігеніңізді кері бағытта қайталаймыз. (Өзім тігіп көрсетемін.)
Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтар.
Кергіш- дөңгелек, төртбұрышты, ағаштан, пластмассадан, резеңкеден жасалған әр түрлі мөлшерде болады.
Қайшылар- кішкентай қайшы үшкір ұшты, жіпті қию үшін орташа қайшы мата мен жіп орамын қию үшін,
Инелер- мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарай таңдалады, үлкен көзді, ұшы өткір емес.
Жіптер- мулине, жүннен иірілген, жібек, синтетикалық т.б. жіптер бояуы қанық болуы қажет. Оны ыстық суға салып тексереді. Суға немесе матаға бояуы шығатын жіп қолданылмайды.
Үтік- жұмысты бастар алдында және жұмыс соңында үтіктеу үшін қажет.
Қауіпсіздік ереже
Сарамандық жұмыс бастамас бұрын техникалық ережесін еске түсіріп жіберейік.
Инемен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- инені аузыңа салма, киіміңе түйреме;
- инені ине қадағышта немесе арнайы қорапшада сақтау керек;
- майысқан, тот басқан инені қолданба;
- инені жоғалтқан жағдайда міндетті түрде тауып ал.
Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- қайшыны лақтырма, сермеме;
- қайшының ашасын ашық тастама;
- қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой;
- қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап, алушыға сабын бер;
Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- Үтікті ток желісіне қосқанда аса мұқиаттылықпен қос;
- Үтікті қараусыз тастама;
- Үтікпен үтіктегенде бір шетінен бастап үтікте;
IV. Сарамандық жұмыс.
1. Түс үйлесімін дұрыс таба білу керек.
2. Тышқан із тігісінің көлемі біркелкі болуы керек.
3. Айқас тігісі қатарланып тігілуі.
4. ,..Жұмысты таза, ұқыпты орындау керек.

V.Сабақты қортындылау
Тігілген кестелерден голерия жасау.


VI.Бағалау.( Оқушыларға өздеріне бағалатамын.)
1.Түс үйлесімін дұрыс таба білуі керек.
2. Тышқан із тігісінің көлемі біркелкі болуы керек.
3.Айқас тігісі қатарланып тігілуі.
4.Жұмысты таза, ұқыпты орындау керек.

VII. Үйге тапсырма.
1.Тігістерді тігіп келу.
2.Тігістерге альбом жасап келу.
  • 0
 қаралды: 1212
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама