авторы: Merlan (21 ақпан, 00:02 жарияланды)
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қырыққабат орамасын дайындау
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты:оқушыларға еттен қырыққабат орамасын дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық мақсаты: технология сабағынан білімдерін, күнделікті алған дағдыларын, қабілелеттерін, шеберліктерін,іскерліктерін, шыңдап дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: тағамды пайдаланып қана қоймай, ұқыптылыққа,әдемілікке, тындырмалы істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сарамандық, сұрақ-жауап.
Керекті құралдар;ет пен көкөністерге арналған тақтайшалар, пышақтар,кастрөлдер,таба, тарелкалар,асханалық құралдар.
Азық- түліктер: 500 гр ет, 800 гр қырыққабат, 1 ст күріш, 2 бас пияз, 2 ас қасық ұн. 2 ас қасық томат шағу май.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сіздер үйде ата-аналарыңызға ас үйінде жүргенде қандай қауіпсіздік ережелері мен тазалық, гигиеналық сақтайсыздар? Олай болса бәріміз бірге еске түсіріп жіберейік, тақтаға назар аударайық.
Артық болмас білгенің..............
1.Тамақ пісірер алдында, алжапқыш пен бас орамалыңды міндетті түрде тақ.
2. Қолыңды мұқият жу.
3. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқада ыдыстарды үстел үстіне қоюға болмайды.
4. Егер үйде газ плитасымен тамақ әзірлесең, мына ережені ұмытпа.
- газ жанбай қалып, шығуына жол берме, газдың шығуын оның иісін білуге болады;
-газ белгілі бір себептермен шыға бастаса , оны тез арада жауып, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек.
Қырыққабат орамасын дайындау үшін.
1.Фарышты дайындау үшін етті еттартқыштан өткізеді. Күрішті қайнатып суытады және етпен араластырады, Пиязды майдалап турап,аздап қуырады және суытады,Қуырылған пиязды етпен және күрішпен араластырып ,тұз және бұрыш қосады.
2.Қырыққабаттын жапырағын дайындау үшін қырыққабаттын бүтін жапырақтарын қайнаған суға 5-7 минут салып алу керек.Содан соң,оны сүзгіге салып суытады және өзегін ұқыпты түрде жапырақтын қалындығындай етіп жүқартады.
3.Қырыққабат орамасын қалыпқа келтіру үшін қырыққабат жапырақтарына фарш салынады да,хатқалта туріне оралады.
4.Қырыққабат орамасы табада қуырылады да,кәсрөлге салынады
5.Тұздықты дайындау табаға қаймақ ,топат пюре ,1стақан су құйылады .1 ас қасық ұн және сондай май қосып,араластырады,тұз салынып қайнатылады
6.Қырыққабат орамасы тәрелкеге салынып,үстіне тұздық құйылады және үсақтап туралған көк себіледіде қонақтарға ұсынылады.
Оқушыларға жасалу жолдарын дайындап,көрсетемін де қалғанын оқушылар жасайды

Үй тапсырмасын сұау ,тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді кім айтады?
Ия көкөністен жасалатын тағамдар жасап келуге берген болатынмын
Адам организміне қажетті бүкііл энергия тамақпен келеді.Онын ішінде көкөніс пен жеміс-жидектін пайдасы өте мол .Себебі олар р түрлі дәрумендерге бай .Дәрумендердін жетіспеушілігін адамда әр түрлі аурулар пайда болады .Мысалы А дәруменінін жетіспеушілігінен көз аурулары пайда болады . А дәрумені сәбізде, алма һ, өоәкте болады В дәрумені жетіспеушілігінен нерв жүйесі аурулары –анимия,әлсәздәк,асқорыту сияқты аурулар пайда болады В дәрумені картаптан , капустада,қызанақта кездеседі.Көкөністерді жылдын кез келген мезгілінде пайдалану өзімізге байланысты
Көкөністерді күнделікті тұрмыста әртүрлі жағдайда пайдаланылады көкөністен тосап қайнатуға ,кептіруге ,мариннаттауға ,тұздауға ,салат жасауға болады . салат дастархан сәні .Салат жана піскен тұздалған немесе қайнатылып пісірген маринатқа салынған көкөністен піскен,жұмыртқа,ет т.б қосып жасайтын тағам.сондықтан салатты дастарханға қояр алдында жасайды Сонымен бірге көкөністерден салат жасап ,құтыға жауып қысқа да сақтауға болады .
Кім қандай тағам әзәрлеп келеді ?
Оқушылар өздерінің жасап келген тағамдарын жасалу жолдарын айып түсіндіреді.

Пайдалы кенестер
Бас ауырғанда жас орамжапырақтың жапырағын шекеңізге,самайыңызға жапсыра қойсаңыз тез жазыласыз.
Ұлтабардың жарасын жазу.
Бұл жараны операция жасап,алып тастау міндетті емес.Орамжапырақты үзбей жане ұзақ уақыт десеңіз одан оңай құтылуға боладыұған үгітілген жас сәбізді қосып жесеңіз емнің нәтижелілігі арта түседі.Егер ішек жолдары ауырып қатты мазаласа оған абыржымаңыз.Бұл емнің қонғаны.
Пияздың қабығын аршып 15-20 минут қайнатып,суытып шаштың түбіне жақсы шаштың түсіуін тоқтатады,шаш жақсы оседі.
«Пияздан барлық ауру қашады» деген мәтел бар.Халық медецинада пияздың бактерицидтік қасиеттері гаймарот, бронхит, тыныс жолы ауруларына қолданылады.
Қант немесе бал араластырылған пияз шырыны окпе туберкулезіне,жотелге жақсы күніне 1-2 рет бас пияз пісірілген,қыздырылған күйіне ұсынылады.

IV Қорытынды
«Ас-адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
Жауабы: Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек күші артады.
Қырыққабат орамасы піскен соң ортаға қойып, оқушыларға сұрақ қойылады.
1. Қырыққабат орамасының құрамы неден тұрады?
2. Фаршты қалай дайындаймыз?
3. Қырыққабат орамасын қалай ораймыз?

V Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысын бағалау.

VI Үйге тапсырма

1.Көкөністердің маңызы мен пайдасы туралы реферат жазу.
2.Көкөністерге байланысты жұмбақтар жазып,жаттау.
  • 0
 қаралды: 426
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама