авторы: Ainash (12 наурыз, 05:03 жарияланды)
Шеберлік сыныбтың тақырыбы: Тік белдемше сызбасын құрылымдау, пішу
Жалпы мақсаты Өлшем алу,сызба сызып және үлгі дайындап пішуді үйрету
Оқыту нәтижесі Тәжірибе алмасады
Түйінді идеялар Киімді констукциялауда негізгі операциялардың бірі өлшем алу болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшем алу керек және ережені ескеру керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді. Мысалы, айналым – а; жартылай айналым - жа; ені – е ( кеуде ені – Ке); биіктік – б; ұзындық –ұз. Бас әріптің оң жағында әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, жартылай бел айналымы – Бжа, жартылай мықын айналымы - Мжа;

Өлшем алу ережелері;
_ Адам тұлғасы сантиметрлік таспа арқылы өлшенеді;
_ Әдетте өлшемді көйлек - көншек немесе жеңіл көйлек сыртынан алады;
_ Өлшем алу кезінде адам еркін әрі қимыл – тұрысын өзгертпей тұруы керек;
_ Ұзындық өлшемдер толығымен жазылады;
_ Жартылай, айналым көлденең өлшемдер жартылай жазылады;
_ Өлшемді адамның оң жағынан алдымен алдыңғы жағын, одан кейін артқы жағынан өлшейді;
_ Сантиметрлік таспаны қатты тартуға немесе бос өлшеуге болмайды;
_ Бел сызығына қатты етіп, көлденеңінен бау (резеңке) байлауы керек;
_ Денебітімнің шығынқы тұстарында (мысалы, кеуде айналымы, мықын айналымы) таспаны көлдеңен жағдайда ұстайды.
Белдемшенің еркін қонымдылығына қосымшалар
Киім конструкциясы негізін жасау үшін дене бітімінің өлшемін ғана емес, еркін қонымдылық қосымшаларын да міндетті түрде білу керек. Тік белдемшені құрастырғанда бел және мықынның жартылай айналым қосымшалар қосылады. Қосымшалардың шамасы бұйымның атқару қызметіне, құрастырылуына және де дене бөліктерінің қозғалуына байланысты болып келеді.

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Тыңдаушылар әрекеті
Кіріспе Мұғалімдермен амандасамын. Сәлемдеседі.
Тұсаукесер

Слайд арқылы белдемшеге қажатті өлшемдер алу және ережелермен қосымшалармен таныстырам, өз өлшемдерін есептеп тік белдемше сызбасын сызып үлгі дайындап, белдемшені пішу үшін мата есептеуді және пішімдер жайылмасын, тігу бірізділігі туралы айтып өтемін.
Тақырыбын айтамын:
Тік белдемше сызбасын құрылымдау, пішу Слайд арқылы өз өлшемдерін алып кесте толтырады, формуламен есептейді және сызба сызады оны пішіп қияды, ой бөліседі.Таблица лар жазады
Негізгі бөлім

Киімді констукциялауда негізгі операциялардың бірі өлшем алу болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшем алу керек және ережені ескеру керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді. Мысалы, айналым – а; жартылай айналым - жа; ені – е ( кеуде ені – Ке); биіктік – б; ұзындық –ұз. Бас әріптің оң жағында әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, жартылай бел айналымы – Бжа, жартылай мықын айналымы - Мжа;

Өлшем алу ережелері;
_ Адам тұлғасы сантиметрлік таспа арқылы өлшенеді;
_ Әдетте өлшемді көйлек - көншек немесе жеңіл көйлек сыртынан алады;
_ Өлшем алу кезінде адам еркін әрі қимыл – тұрысын өзгертпей тұруы керек;
_ Ұзындық өлшемдер толығымен жазылады;
_ Жартылай, айналым көлденең өлшемдер жартылай жазылады;
_ Өлшемді адамның оң жағынан алдымен алдыңғы жағын, одан кейін артқы жағынан өлшейді;
_ Сантиметрлік таспаны қатты тартуға немесе бос өлшеуге болмайды;
_ Бел сызығына қатты етіп, көлденеңінен бау (резеңке) байлауы керек;
_ Денебітімнің шығынқы тұстарында (мысалы, кеуде айналымы, мықын айналымы) таспаны көлдеңен жағдайда ұстайды;

Белдемше сызбасын жасауға арналған өлшемдер


Шартты белгілері
Өлшемдер атауы
Өлшемнің алыну
жолы
1 Ар.б: ұз. (Дтс) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы 7 – мойын омыртқа
нүктесінен немесе
мойын негізгі
нүктесінен бастап
белге байланған бауға дейін
өлшенеді. Өлшем бел
сызығынан мықын
сызығына дейінгі ара
қашықтықты
анықтау үшін
қолданады.
2 Б.жа. (Ст) Белдің жартылай айналымы Белге байланған бау
үстінен өлшенеді.
Өлшем белбеудің
ұзыдығын және
қымтырмалардың енін
есептеуге
қолданылады.
3
Мжа. (Сб) Мықынның жартылай айналымы
Таспа мықынның ең
шығынқы нүктелері
арқылы өтіп, алдыңғы
бойда іштін
шығыңқылығын
ескеріп өлшенеді.
Өлшем белдемшенің
енін және
қымтырмалардың
енін анықтау үшін
қолданылады.
4
Бұз. (Ди) Бұйым ұзындығы Артқы бойдың бел
сызығынан төмен
қарай қажетті
ұзындыққа дейін
түсіріледі. Өлшем
белдемшені ұзындығын
анықтау үшін
қолданылады.

Белдемшенің еркін қонымдылығына қосымшалар
Киім конструкциясы негізін жасау үшін дене бітімінің өлшемін ғана емес, еркін қонымдылық қосымшаларын да міндетті түрде білу керек. Тік белдемшені құрастырғанда бел және мықынның жартылай айналым қосымшалар қосылады. Қосымшалардың шамасы бұйымның атқару қызметіне, құрастырылуына және де дене бөліктерінің қозғалуына байланысты болып келеді.
Қосымша – бұл киімнің берілген үлгісін алу үшін адамның тұлға өлшемін үлкейтуге, сондай – ақ адамның қозғалыс еркіндігін, тынысын, қан айналымын қамтамасыз ету үшін керекті шама
Қосымшаларды бас әріппен Қ деп белгілейді, оның қатарына кіші әріппен қосымша қосылатың өлшем белгісі жазылады.
Қыздардың белдік бұйымдарының мықынның жартылай айналымы және белдің жартылай айналымына берілетін қосымшалары

Өлшем
Қынамалы
Жартылай
қынамалы
Кең
Бжа. - белдің жарты -лай айналымы
0,5 – 1см
1 – 1,5см
1,5 – 2см
Мжа. - мықынның жартылай айналымы
1 – 2см
2 – 3см
2 – 4см

Білу/ білім алу: Өлшем алу, тік белдемше сызбасын сызу және үлгі дайындау, пішу.
• Оқу қабілеті: Өлшем алу ережелері, еркін қонымдылық қосымшалар және есептеу формалары, пішу туралы мағұлмат жинау және талдау
Жасай алу/білу: Жоғарыда айтылғанды негізге алып белдемше сызбасын сызу, пішу қию.

Тік белдемше сызбасын құрастыру
Киімнің тұтас және құрамдас бөліктерін дайын күйінде көлемдік жазықтықтықтың беттерін құрайды. Киімді конструкциялаудың барлық белгілі әдістерін 2 классқа бөлуге болады:
1класс әдісі – бөлшектердің типтік жіктелуі және олардың типтік денебітімдері өлшемдеріне, қосымшаларына негізделетін әдістер. Олар киім бөліктерінің маңызды құрастыру нүктелерінің орналасуын шамалап табуға ғана мүмкіндік берді.
2 класс әдісі – бұларға Чебышев торындағы және т.б. жайма бөлшектерин конструкциялаудың қима бөліктерінің әдістері жатады.
Адамның пішімі симметриялы болғандықтан, сызбаны бұйымның жартысына салады.
Тік белдемше екі бөліктен: алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады. 44 размердің стандарт өлшемімен тік белдемше сызбасын құрастырамыз.

44 размер ІІ толықтық
Қажетті құрал - жабдықтар: сызғыш, үшбұрышты сызғыш, масштабты пішу сызғышы, лекало, ТМ, ТМ2, карандаш, өшіргіш, миллиметрлік қағаз.
Өлшемдер Қосымшала
Бжа = 33,4 Қб = 0.5 – 1
Мжа = 48 Қм = 1 – 2
Аб.ұз. = 41,5
Базистік тордың сызбасы
Конструкция сызбасының базистік торы деп бұйымның жалпы габаритын (оның ені және ұзындығы) анықтайтын көлденең және тік сызықтардың жиынтығын айтамыз.
1) ББ3 = Мжа + Қм = 48 + 1 = 49
2) БМ = 0,5 х Аб.ұз – 2 = 0,5 х 41,5 – 2 = 18,7
3) ММ2 = ММ3 : 2 – 1 = 49 : 2 – 1 = 23,5 (бұл белдемшенің артқы бой ені)
4) Б3 Б2 = ББ3 – ББ2 = 49 – 23,5 = 25,5 ( бұл белдемшенің алдыңғы бойы)
5) БЕ = Бұз = Бұз = 50(бұл белдемше ұзындығы)
Бел сызығы бойындағы бүкпелердің есеп – құрылымы
6) 0,4 х ББ2 = 0,4 х 23,5 = 9,4 (артқы бой бүкпесінің орыны)
(Артқы бой бүкпесінің ұзын- дығы 11 – 15 см)
7) 0,4 х Б3Б2 = 0,4 х 25,5 = 10,2 (алдыңғы бой бүкпесінің орны)
( Алдыңғы бой бүкпесінің ұзындығы 7 – 11 см)
Белдемшенің қабырға (бүйір) бүкпелері және бүкпе тереңді
8) Б2 О= 1см = 1
9) 0,5 х ∑В = 0,5 х 14,4 = 7,2 (Қабырға бүкпесі)
10) 0,35 х ∑В = 0,35 х 14,4 = 5,04 (Артқы бой бүкпесі)
11) 0,15 х ∑В =0,15 х 14=2,1 (Алдығы бой бүкпесі)

Белдемше пішуге арналған мата мөлшерін есептеу
Белдемше дайындауға арналған мата мөлшерлері матаның еніне және белдемше үлгісіне байланысты. Маталардың ені 70, 90, 110, 140, және 160 см болады. Қиықты белдемшені тігу үшін 140 см болатын матаны таңдаған жөн. Бұз + 10 см тең болатын бір ұзындық жеткілікті. Маталардың ені 70, 90 см кезінде мата ұзындығы 2 есе артады да (Бұз +10) х 2 болады.
Егер таңдалған үлгіде бүрме, қосетек немесе кең етек бар болса, онда қажет матаның мөлшері артады.
Пішу кезінде мына мәселелерге көңіл аудару керек:
• матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда отыратын еске түсірген дұрыс.
• матаны бумен немесе жылы сумен өңдеу, яғни дымқылдап үтіктеу, кептіру қажеттілігін анықтау;
• тігіске қалдырылған шеттіктерінің көлемін анықтау;
• суреттің сипатына (оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына назар аудару .
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс немесе ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.


Матадағы белдемше бөлшектерінің пішімдері жайылмасы
1. Матаның өң және ішкі бетін, негізгі және арқау жіптері бағытын анықтау.
2. Матаны пішу үшін жайып қою.
3.Белдемше бөлшектерінің үлгілерін матада жайып, түйреуіштермен түйреу.
4.Белдемшенің бөлшектері лекалдарының контурларын айналдыра сызып шығу және тігіс әдіптері мөлшерін анықтау.
5.Үлгіні алу, белдемше бөлшектерін ішкі жақтан түйреуіштермен түйреу.

Белдемше өңдеудің технологиялық бірізділігі
1.Матаны пішуге дайындау
2.Белдемшені пішу.
3.Бөлшектерінің пішімін өңдеуге даярлау.
4.Белдемшені өлшеуге даярлау.
5.Шақтап көруге даярлау.
6.Шақтап өлшеуден кейінгі кемшіліктерін түзету.
7.Шақтап өлшеуден кейінгіөңдеу.
8.Бүкпелерін өңдеу.
9.Қатпарларын өңдеу.
10Бүйір тігістерін өңдеу.
11. Ысырма – ілгекті қолданып, белдемшенің ілгегін өңдеу.
12. Белбеуін өңдеу.
13.Белбеумен жоғарғы қиығын өңдеу.
14. Етек қиығын өңдеу.
15.Түймелерін қадау.

Белдемшені соңғы әшекейлеу және ылғалды – жылумен өңделуі:
а) әшекейлеу жұмыстары: клапын, қалта, фурнитураларын, түймені қадау;
ә) жіптерден тазалау;
б) ылғалдық – жылулық өңдеу;
в) дайын бұйымды іліп қою;
Белдемшеге қажетті өлшемдерді, қосымшаларды және өз өлшемдерін есептеп сызба сызуды, пішуді, қиюды білу; Өз өлемдерін алу және есептеп сызу;
Есептік формуласы бойынша менімен бірге мұғалімдер өлшем алады, сызба сызады.
Қорытын ды
«Еңбек етсең — көл көсір, Қандырады мейіріңді» деп ата бабаларымыз айтқандай бүгін біз ұйымшылдықпен жұмыстана отырып, белдемшемізді сызып, қиып бұйым дайындап шығардық, өзімізге риза болдық.
«Шебердің инесі де алтын, Соққан күймесі де алтын». Олай болса, шебер қолдардан шыққан алтын бұйымдарыңыз көбейе берсін - деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

Өлшем алу ережелері;
_ Адам тұлғасы сантиметрлік таспа арқылы өлшенеді;
_ Әдетте өлшемді көйлек - көншек немесе жеңіл көйлек сыртынан алады;
_ Өлшем алу кезінде адам еркін әрі қимыл – тұрысын өзгертпей тұруы керек;
_ Ұзындық өлшемдер толығымен жазылады;
_ Жартылай, айналым көлденең өлшемдер жартылай жазылады;
_ Өлшемді адамның оң жағынан алдымен алдыңғы жағын, одан кейін артқы жағынан өлшейді;
_ Сантиметрлік таспаны қатты тартуға немесе бос өлшеуге болмайды;
_ Бел сызығына қатты етіп, көлденеңінен бау (резеңке) байлауы керек;
_ Денебітімнің шығынқы тұстарында (мысалы, кеуде айналымы, мықын айналымы) таспаны көлдеңен жағдайда ұстайды;
Белдемше сызбасын жасауға арналған өлшемдер


Шартты белгілері
Өлшемдер атауы
Өлшемнің алыну
жолы
1 Ар.б: ұз. (Дтс) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы 7 – мойын омыртқа нүктесінен немесе
мойын негізгі нүктесінен бастап белге байланған бауға дейін өлшенеді. Өлшем бел
сызығынан мықын сызығына дейінгі ара
қашықтықты анықтау үшін қолданады
2 Б.жа. (Ст) Белдің жартылай айналымы Белге байланған бау үстінен өлшенеді.
Өлшем белбеудің ұзыдығын және
қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.
3
Мжа. (Сб) Мықынның жартылай айналымы
Таспа мықынның ең шығынқы нүктелері
арқылы өтіп, алдыңғы бойда іштін шығыңқылығын ескеріп өлшенеді.
Өлшем белдемшенің енін және қымтырмалардың енін анықтау үшін
қолданылады.
4
Бұз. (Ди) Бұйым ұзындығы Артқы бойдың бел сызығынан төмен
қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшені ұзындығын анықтау үшін
қолданылады.
44 размер ІІ толықтық
Қажетті құрал - жабдықтар: сызғыш, үшбұрышты сызғыш, масштабты пішу сызғышы, лекало, ТМ, ТМ2, карандаш, өшіргіш, миллиметрлік қағаз.
Өлшемдер Қосымшала
Бжа = 33,4 Қб = 0.5 – 1
Мжа = 48 Қм = 1 – 2
Аб.ұз. = 41,5
Базистік тордың сызбасы
Конструкция сызбасының базистік торы деп бұйымның жалпы габаритын (оның ені және ұзындығы) анықтайтын көлденең және тік сызықтардың жиынтығын айтамыз.
1) ББ3 = Мжа + Қм = 48 + 1 = 49
12) БМ = 0,5 х Аб.ұз – 2 = 0,5 х 41,5 – 2 = 18,7
13) ММ2 = ММ3 : 2 – 1 = 49 : 2 – 1 = 23,5 (бұл белдемшенің артқы бой ені)
14) Б3 Б2 = ББ3 – ББ2 = 49 – 23,5 = 25,5 ( бұл белдемшенің алдыңғы бойы)
15) БЕ = Бұз = Бұз = 50(бұл белдемше ұзындығы)
Бел сызығы бойындағы бүкпелердің есеп – құрылымы
16) 0,4 х ББ2 = 0,4 х 23,5 = 9,4 (артқы бой бүкпесінің орыны)
(Артқы бой бүкпесінің ұзын- дығы 11 – 15 см)
17) 0,4 х Б3Б2 = 0,4 х 25,5 = 10,2 (алдыңғы бой бүкпесінің орны)
( Алдыңғы бой бүкпесінің ұзындығы 7 – 11 см)
Белдемшенің қабырға (бүйір) бүкпелері және бүкпе тереңді
18) Б2 О= 1см = 1
19) 0,5 х ∑В = 0,5 х 14,4 = 7,2 (Қабырға бүкпесі)
20) 0,35 х ∑В = 0,35 х 14,4 = 5,04 (Артқы бой бүкпесі)
21) 0,15 х ∑В =0,15 х 14=2,1 (Алдығы бой бүкпесі)
  • 0
 қаралды: 3938
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама