Жарнама

авторы: Абдуллина (17 ақпан, 08:02 жарияланды)
ҚАЗАСТАН ТАРИХЫ ПӘНІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ПЕН
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІДЕГІ ОҚЫТУ.
Ақтөбе қаласы Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Тарих пәні оқытушысы Сарбасова Роза Әбжанқызы

Білім беру жүйесінің басты міндеті "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"-дейді ҚР «Білім туралы» Заңында (8-бап).
XXI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісі жаңа технологиялық әдістермен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Олар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағұлматты нақтылауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат алудың тиімділігі төмендегідей:
Қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
Экономикалық тиімділік.
Білім сапасының артуы.
Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
Білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асады.
Адамзат баласы өзінің даму жолында 3 мәдени дәуірдің 3 типін басынан кешіреді: архаикалық, индустриалды және постиндустриалды (ақпаратты). Оған үш ағарту моделі сәйкес келеді: дәстүрлі, инструктивті және креативті. Креативті модельдің мақсаты өмір бойы өзіндік білім алуға және өзін өзі дамытуға бейімділік. Осыдан келіп, бұл білім беру моделі ақпраттық деп аталады. Ақпраттық дәуір интергративті мәдениетпен, икемділікпен, ойлаудың конвергенттілігімен, коммуникативтілікпен ерекшеленеді. Білім беру келесі міндеттерін көрсетуге болады:
Өзіндік шығармашылық пен жоғарғы сапалы жұмысқа қабілетті тұлға қалыптастыру.
Көп салалы өмір үрдісінде өзін еркін және жауапты сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.
Өмірдің әрдайымғы өзгерістеріне ғана дайын тұлға емес, сол жерде белсенді әрекет ете алатын тұлға тәрбиелеу.
Студенттерде тек өзіндік білім алу дағдысын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар өз білімін, білігін, дағдысын үнемі жетілдіріп отыратын және үздіксіз білім алуды қажет деп танитын тұлға қалыптастыру.
Студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту.
Әлеуметтік ақпараттың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған тарихшылар тез сезінді. Бұл сұрақтар оқытушылар үшін де актуалды. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауға мұғалімнің әрекетіне көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану оқытушылар мен студенттердің дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін. Әрбір тарихи дәуірге ақпаратты технологияның нақты деңгейі тән. Бұл ізденудің құралдары мен әдістерінің, ақпаратты сақтау мен жеткісудің даму деңгейіне байланысьы. Ақпараттық технологияы игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпараттық жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпаратты мәдениетін білдіреді.
Қазақстан тарихы сабағында компьютер кластарын пайдалану, бұл мұғалімнің жұмысына үлкен көмек, әрі оқу сапасын арттыруда жоғары нәтиже беруге септігін тигізеді. Компьютер текстік мәтіндік, графикалық және сандық ақпараттарды сақтайды және олармен тез әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Тілім беру саласында компьютерлендіру үлкен мемлекеттік міндетке айналып отыр. Тарихи танымының жаңаша әдіс тәсілдерімен студенттерді таныстыру және оны оқытуда пайдалану оқытушылардың басты міндеті. Біздің өмірімізге еніп жатқан жаңа ақпараттық технология мұғалімнен жаңа ақпараттық мәдениетті талап етеді. Сондықтан ол есептеу техникасымен жұмыс жасау дағдыларын игеру керек.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихы пәніне арналған электрондық оқулықтар көп. Осы электронды оқулықтады меңгеріп, оған қосымш өзінің компьютер жұмыс жасауына мүмкіндік беру студенттердің тарих білімін меңгеруіне көмектеседі. Электронды оқулықтарды жаңа сабақты түсіндіргенде, тақырып бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда, білімді жинақтау сабағында жұмыс істеу мүмкіндіктері көп. Тарих пәні есімдеді, даталарды, түрлі тарихи кезеңдерді, оқиғаларды, жер аттарын есте сақтауға бағытталған. Осыларды ретімен деректер безасын ендіріп қойса, оны қажетіне қарай белгілі ретпен таблица, диаграмма, сызба графиктер түрінде шығарып алуға, текстке енгізіп пайдалануға болады. Алдын ала жинақтаан деректер базасы бойынша оқушылар Фрейммонтаж диаграмма, таблица, график жасай алады. Мысалы, 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын өткенде оқушылар колледжде информатика пәнінен алған білімдерін осы оқиғаға байланысты деректер базасымен жұмыс жасағанд тиімді пайдаланды. Фрейммонтаж интерграциаланған офистік жүйе. Олар 1900-1917 жылдар аралығындағы Қазақстан тақырыбы бойынша жинақталған деректер базасымен жұмыс жасады. Сол жылдардағы халық саны, соғысқа жіберілген азық -түлік , ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар саны (әрбір өңір бойынша), қозғалыстан кейінгі мәліметтер бойынша диаграмма, график, сызба - таблица, слайдтар жасады. Бұл студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына, есте сақтау қабілетінің дамуына, өз еңбегінің нәтижесін тез көрінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан тарихын оқуда хронологиямен жұмыс жасау жоғары орында. Соған байланысты жылнамалар тізбегі бағдарламасын дайындауға болады. Мұнда болған оқиға күні, оқиға аты, оның қысқаша мазмұны, және классификациясы беріледі. Жазбалар хронологиялық реттілікпен, тізім түрінде сақталады. Қосымшаны белгілі бір кезеңдегі оқиғалр екі түрлі жерде қандай дәрежеде болғанын салыстыруға пайдалануға болады. Сонымен қатар тарих сабағында компьютерді - әлеуметтік процестерді модельдеу жүйесіне пайдаланылады. Студенттердің оқу - танымдық әрекеті оны белсенділендірудің қосымша деректерін қамтамасыз етуді қажет етеді. Оқу процесіне компьютерді енгізу соның бірі болып табылады. Тарих сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдалану - әрбір студенттің оқу үрдісінде белсенділігінің артуына көмектеседі. Студенттердің таным әрекетін қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі оқу материалын белсенділігі және шығармашылық әрекеті артады. Бұл кездегі маңызды кезең компьютерлік бақылау жүргізу, яғни білімді дәл уақытында экспресс - бағалау және студенттердің әрбір тақырып бойынша білім деңгейінің объективті ақпаратын алу мүмкіндігі.
Сабақта компьютерді пайдалану студенттердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға жағымды жағдай туғызады. Бағдарлама бойынша жұмыс жасап отырған оқушы өзіне қажет тарихи фактілер, оқиғалар туралы ақпаратты тез ала алады. Компьютер педогогикалық шығармашылыққа нақты мүмкіндіктер жасайды. Сабақта оқытушы студенттердің әрбір қадамын бақылайды, студенттердің білім үрдісінде ғылыми және педагогикалық қауымның әлдеқайда кең бөлігі қамтылады. Бұл қозғалыстан тарих пәні оқытушылары да бос қалмауы тиіс. Сондықтан да тарих пәні оқытушылары тарихты оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қозғалысының белсенді мүшелері болуы керек. Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы электрондық оқулық пен ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін төмендегі таблицалардан көруге болады.
Таблица №1

Электрондық оқулықпен оқытудың мақсатты бағыты.

а)таным белсенділігінің деңгейі;
ә)пәнге қызығушылығы;
б)өзіндік жұмыс қабілетінің дәрежесі
в)білімдердің актуалдануы;
г)аналитикалық ой мен дағды деңгейі; д)компьютерді меңгеру.
Тәрбиелік
а)сабақтың адамгершілікті дүниетанымдық бағыттылығы;
ә)студенттердің оқу және еңбек дағдыларын қалыптастыру;
б) сабақтың студенттердің интелектуалдық дамуына әсері.
Дамытушылық
а)оқытудың ғылымилығын жүзеге асыру;
ә)көрнекілік принципінің дәл қолдануы;
б)білім, білік, дағдыны қалыптастырудың жүйелілігі.
Ұйымдастырушылық
а)жоспарланған жұмыстың орындалуы;
ә)компьютерді пайдаланудың пәрменділігі мен мақсаттылығы;
б) пәнді, компьютерді жетік білу.
Оқытушы әрекетіне қойылатын талаптар:
Оқытушы әрекетіне қойылатын талаптар:
а)тарихи есті, танымды меңгеру;
ә)тарихи процесті түсіну, сезіну, анализ жасай білу;
б) өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізу: график, таблица, диаграмма, синхронды карта, слайд
Оқытудың мақсаты
бағыты
а)сұрақ-жауап;
ә)танымдық тапсырмалар;
б)деңгейлік тапсырмалар;
в)тест;
г)шығармашылық тапсырмалар (фрейммонтаж:диаграмма, таблица, график), слайд, қабырға газеті.
Оқыту нәтижесін бақылау әдістері:
Таблица №2
Электрондық оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімділігі.
Электрондық оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімділігі
Интеллектуалдық логикалық дағдысы:
а)салыстыру, анализдеу
ә)басты нәрсені таба білу
б)жағдайды, оқиғаны сипаттау, анықтама беру
Интеллектуалдық ерекшеліктері:
а)танымдық қызығушылық, оқу мотивациясының дамуы
ә)ақпараттық эрудиция, қаблеттілік
б)диалектикалық дүниетаным, ақыл-ой еңбегінің интенсивтілігі адамгершілік рефлексиясының, өзіне-өзі бақылаудың жоғарғы деңгейі
в)шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
Танымдық әрекет:
а)өзінің теориялық білімін және кәсіби білігін үнемі дамытып отыруға ұмтылушылық
Жеке шығармашылық элементтер:
а)ақпаратты негізінде білім мен білік
ә)шығармашылық ой
б)педагогикалық рефлекция
Нәтиже: Пәнді оқыту пәрменділігінің артуы.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет.
Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Дебердяева Т.Х . Новые ценности образования в условиях информационного общества// Инновация в образовании.3-2005
Ковальченко И.Д., Бородкин Л.И. Современные методы изучения исторических источников с использованием ЭВМ.М.:Издательства МГУ,1987.
Лещинер А.И. Компьютеры в кабинете истории.//Преподавание истории в школе.,5-6-1992
Полторак Д.И:, Ходаковский Н.И. Информационная культура преподавателя истории. Преподавание истории в школе.1-1993.
  • 0
 қаралды: 1217
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама