авторы: Абдуллина (10 ақпан, 10:02 жарияланды)
1-жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.
 2- жүргізуші:Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы кұрес жатыр. Әштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңілістері мен жеңістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы  ежелден қалған үлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.
 (Сахна артында бейнефильм көрсетіліп тұрады)   
Тарихи көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.  Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шыңыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз осы мәселені бірлесіп шешкен жөн. Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан  тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.  Халық дүбірлесіп, талқылауда: «Сұлтандардың атқаны жөн. Иә, жеке мемлкет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең – осы». Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинандар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.  
Айел: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!Қазақ елі құрылды.
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Терме 7 «Ә» Әлішер

 1 – жүргізуші:  Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді. 

2-жүргізуші: Көрініс: « Қаз дауысты Қазыбек би »
Жоңғар ханының ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір-Жанболат: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»
Хан-Шерхан: «Кірсін!»
        «Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да,  елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек би-Шохан: «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ  табысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт»
Хан-Шерхан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би-Шохан: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »
Хан - Шерхан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»

Ән « Бабалар жыры»

1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Қ- Қайраты,қайырымды
А- азат,адал
З- зайырлы,зейінді
А- абыройлы
Қ-қайсар,рухты
Х-халықпыз
А-арыстандай,айбаты
Н- намысшыл
Д-данышпан,дана
Ы-ынталы,ынтымақты
Ғ- ғасырлы,ғұмырлы
Ы - ырысы мол елміз Жаса Қазақстан! Жаса Қазақ елі! 3рет
Ән «Менің қазағым»

1-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым,өнер-білім,өркенім.

Екі жүргізуші: Қазақ хандығының 550жылдығы баршанызға құтты болсын!Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей. Осымен «Қазақ хандары Керей мен Жәнібек» атты тарихи кешіміз аяқталды. Қазақ елі жасасын!
  • 0
 қаралды: 1164
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама