Жарнама

авторы: Merlan (7 ақпан, 21:02 жарияланды)
Тақырып: «Тарих – ғасырлар куәсі»
Мақсаты. «Қазақ мемлекеттілігінің құрылғандығының 550 жылдығына» арналған тарихи танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, тарихты із қалдырған ұлы тұлғалар жайында білімдерін шыңдау.
Міндеттері:
- Еліміздің тарихы жайлы мағлұматтар беру
- Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғаларды ардақтау
- Отанымыздың тарихын құрметтей отырып, кейінгі ұрпаққа жеткізу
- Ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу
Жоспар
1. Бастау
2. «Кім көп біледі?» (сұрақ-жауаптар)
3.“Сен білесің бе?” (сөздікпен жұмыс)
4.”Деген екен” (кімдердің сөздері)
5.”Тұлғаны таны” (тұлғалар жайлы не білеміз?)
Топ басшылары өздерінің тарих жайындағы тақпақтарын айтты.
І кезең
Тарих ол уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадамды қасыңа әкеп жалғайтұғын.
Тарих ол бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты-ұрпақтарға жалғайтұғын.

Біздің тарих бұл дегенің шежіре,
Азап пенен бақ сыйлаған еліне.
Көп болды ғой көз алартқан пенделер,
Қазағымның ұлан байтақ жеріне. Атыңнан

ІІ кезең «Кім көп біледі?»
«Алтын Орда» тобының сұрақтары
1. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы
2. 1931 - 1933 ж. республиканың қанша тұрғыны аштықтан қырылды?
3.1941 ж. Түркістан легионында болған Берлинде қайтыс болған Алаш арысы.
4. Е. Пугачев көтерілісі кезінде Е.Пугачевпен жолығуға барған молда кім?
5. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрған?
6. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты:
7. Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
8. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдыруға кім бұйрық берді?
9. Этнография – бұл!!!
10. Тәуке ханның үш жүздің басын қосқан жиналысын (құрылтайын) шақырып отырған жер
«Қазақ хандығы» тобының сұрақтары
1. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы?
2. XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы
3. Бумын қаған осы оқиғадан кейін ел-хан атағын алып Түрік қағаны болады.
4. Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
5. Көне қыпшақ тілінде жазылған шығарма:
6. 1841 ж. бұл адам хандық билікті қалпына келтіріп, хан атанып, феодалдық мемлекет құрды.
7. Қожа Ахмет Иассауйдің Бұхара қаласында білім алуына көмектескен ұстазы кім?
8. Орта ғасырлық қоржын үй қайдан табылды?
9. Нумизматика – бұл!!!
10. 1946 ж. маусым айында КСРО ҒА - ның Қазақ филиал - ң негізінде Қазақ АКСР ҒА -сы құрылды. Акад - ның тұңғыш президенті, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы ғалым кім?
«Ақ Орда тобының тапсырмасы
1. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының авторы
2. Орда-Ежен билік құрған мемлекет
3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар.
4. Қасым ханның билік құрған жылдары
5. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
6. Кіші жүзге қатысқан Кіші жүз рулары: Жағалбайлы, беріш, алаш, байбақты Көтерілісті байбақты руынан шыққан адам басқарады. Ол 1802 ж Хиуада қайтыс болды, бұл қай батыр еді?
7. Айшабибі кесенесі? Қайда орналасқан және оның өмір сүрген уақыты
8. Үйсін билеушісінің титулы
9. Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым?
10. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты:
ІІІ кезең. «Сен білесің бе?
1.Терракота 2.Сардоба
3. Депортация 4. Жарғы
5.Коммендация 6.Былбыл
7.Тоталитаризм 8. Урбанизация

ІҮ кезең ”Деген екен” (кімдер айтқан сөздер)
1.“Қазақ жалқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды”
2.“Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік, Бостандық күні туды”
3.“Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүрек қазақтар “ екендігін жазды.

4.“Ресей кең байтақ, шегінерге жол жоқ, артымызда Москва!”
5. Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың қалаларында мешіттер көптеп салына бастаған”
6.”Қазақстанда ислам діні ҮІІІ ғасырда тарай бастағанымен, ХІХ ғасыр аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне жете қоймаған еді”

Оқушылар бұл кезеңде тарих сахнасында өзінің ұлы сөздерімен аттары қалған тұлғалардың сөздері оқылып, оны кім, не жайында айтқандығын тауып отырды.

Ү кезең ”Тұлғаны таны” (тұлғалар жайлы не білеміз?)

ҮІ кезең. Бағалау

ЭДВАРД ДЕ БОНОНЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫМЕН (топтық бағалау) бағалау.

Қызыл қалпақ - түйсік. Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түсінігім маған не дейді? Өз ойларыңызды айтыңыз.
Сары қалпақ - позитив. Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай маған не ұнайды? Жетістіктері мен жақсылықтарын айтыңыз.
Ақ қалпақ - фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетініңізді ғана айтыңыз.
Қара қалпақ - жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз. Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз жақтарын айтыңыз.
ҮІ кезең. Рефлексия
  • 0
 қаралды: 1330
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама