авторы: ayazhan2017
18 қаңтар, 01:01 жарияланды
Категориясы: Тарих
         Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы                                     Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін
   мектеп-балабақшасының тарих пәнінің мұғалімі
 Султаниярова Зинаида Самиғоллақызы




Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерін бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлерін меңгерте отырып,мазмұнына талдау жасату,әртүрлі шығармаларда кездесетін салт-дәстүрлер,олардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, бала тәрбиесіндегі орны туралы білім қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, адалдыққа, қонақжайлылыққа,  әдептілікке, адамгершілікке  халықтық мұраларды, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау..
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, өнер, музыка.

Сабақтың әдісі:сахналау, сұрақ-жауап, тест,шығармашылық жұмыс,баяндау,.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, ұлттық киімдер, дастархан мәзірі,интерактивті тақта бойынша сабақ өткізу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
IV. Машықтық тапсырма.

V. Қорытынды тест.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сахналық көрніс. «Тұсау кесу рәсімі»
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1.  Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара  көмек  жөніндегі  әдет -    ғұрыптары
2 . Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы
3.  Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4.  Тамырлық және қоныс таңдау әдет – ғұрпы

5. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
6. Бата беру
7. Бала тәрбиесі

Қазақ халқының салт – дәстүрлері

 

                                    Салт – дәстүрлердің түрлері.



 

 

 



Діни әдет- ғұрыптар



Отбасылық той – томалақтар мен жиындар

 



Маусымдық халықтық мерекелер

  

 



 

 

 

1.Ырымдар                        1. Үйлену тойы            1. Жалпы халықтық тойлар

   мен                             2. Бала тәрбиелеу           2. Кәсіптік мейрамдар

   нанымдар                                     дәстүрлері                

                                     3. Жерлеу салты

2.Діни рәсімдер

 

1. Ырымдар мен нанымдар.

Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды      емдеу, кәрі жілікті    іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.    

2. Діни рәсімдер.

Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

3. Діни мейрамдар.

Ораза айт, құрбан айт

4. Жалпы халықтық  тойлар.

 Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой          (мизам),  Соғым басы.    

5. Кәсіптік мейрамдар.

Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 87
авторы: ayazhan2017
18 қаңтар, 01:01 жарияланды
Категориясы: Тарих
     Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы    Қ.Сағырбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп балабақшасының тарих пәнінің мұғалімі     Султаниярова Зинаида Самиғоллақызы





Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалану тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына жеріне, еліне сіңірген қызметімен Қазақстандағы хандардың  ұстаған саясатын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, қазақ хандығының тарихтағы орнының зерттелуі туралы ой-өрісін кеңейту, тарихи танымын молайту.

Тәрбиелік: өз еліне патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, қатармен жұмыс, топтастыру, тест, семантикалық кесте, ашық журнал «Лидер парағы», тірек сөздер.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үш қатарға топтық атаулар, «Ақ Орда», «Әбілхайыр», «Моғолстан», ашық журнал, Қазақстан саяси картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ меңгерту.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

V. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру бөлімі

 Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып ішінің сабаққа дайындығын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

 Сынып оқушыларын үш топқа бөліп отырғызып, «Ақ Орда», «Моғолстан», «Әбілхайыр хандығы» деген атаулар беріледі. Оқушылардың осы атауларды иелене отырып, сабақ барысында белсенділік танытулары керектігі жөнінде мұғалім мәлімдеме жасауы керек. Лидер парағының іліну себебін, оның сабақта атқаратын қызметімен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 «Ой ашар». Үш қатар өз атауларындағы хандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы, мемлекеттің жер аумағы жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтеді. (Оқушы пікірін айтқаннан кейін, тірек сөздер арқылы үйге берілген тақырыпқа толық шолу жасап өтеміз.)

Тірек сөздер: оң қанат, сол қанат, Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, иқта, інжу, хараж, қараша, диуандық, вакуфтық, 92 баулы өзбек, «Хан кеңесі», тағар, қалан, құшыр, зекет тархан.

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 18
авторы: ayazhan2017
18 қаңтар, 01:01 жарияланды
Категориясы: Тарих
    Батыс Қазақстан облысы  Бөкей ордасы ауданы Қ. Сағырбаев атындағы мектеп-балабақшасының тарих пәні мұғалімі Султаниярова Зинаида Самиғоллақызы




Сабақтың мақсаты: Бөкей хандығының құрылуының негізгі себептері туралы түсінік беру.Жәңгір ханның ағартушылық қызметінінің маңызын ашу, Бөкей хандығының тарихта алатын орнына баға беру.

Күтілетін нәтиже:Бөкей хандығының құрылуы себебін біледі,Ресей монархы І Павельдің жарлығымен танысады.Жәңгір ханның ағартушылық қызметіне баға береді.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:Жеке, топтық жұмыс, «Ойлан, бірік, бөліс», «Детальдарды қосу», миға шабуыл,баяндау, оқулықпен жұмыс, «2жұлдыз,  1ұсыныс»  тест, сызықты диктант, бағалау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қазақстан тарихы оқулығы  8сынып, дәптер, қалам, интерактивті тақта, Қазақстанның саяси картасы, Бөкей хандығының картасы, Бөкей ордасы ауданы энциклопедиясы, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (салемдесу, оқушыларды түгелдеу, әр түрлі бейнелер арқылы топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (3 топқа  әр түрлі тапсырмалар беру арқылы)

Ітопқа тест тапсырмасы:

1.«Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» еңбегінің авторы

А) С.Б.Броневский, В) Г.Н. Потанин, С) П.Румянцев

2.1824 жылы ашылған округтік  приказ

А) Көкшетау, Қарқаралы,  В) Көкшетау, Ақмола, С) Қарқаралы, Семей

3. 1832жылы 9 қаңтарда сыртқы жаңа округтың ашылуына рұқсат еткен Ресей императоры?

А) І Александр В) І Павел С) І Николай

4.Ақмола округының  аға сұлтаны болып алғаш сайланған  кім?

А) Қоңырқұлжа, В) Саржан, С) Қарабек

5.1838жылы тамызда 80 қазақ қорғап тұрған Ақмола бекінісіне шабуыл жасаған сұлтан

А) Саржан, В) Кенесары, С) Қасым

6. 1852жылы Ақмола станицасында  ашылған екі жәрмеңкенің әйгілісін атаңыз

А) Константинов, В) Дмитриев, С) Атбасар

7.Ақмола ресми түрде округтық қала деп жарияланған уақыт

А) 1862ж В) 1882ж  С) 1868ж

8.Ақмола қаласының уезд орталығына айналған уақыт

А) 1862ж В) 1882ж С)1868ж

9.1870жылы қалада құрылған  атқарушы орган

А) Қалалық басқарма  В) Полиция басқармасы  С) Қаржы кассасы

10.Ақмолаға саяси жер аударылғандар келе бастады

А) 1862ж В) 1882ж С) 1868ж

 ІІтопқа Тарихи сынақ хат( көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр)

1.ХІХғасырдың 30-жылдарының бас кезінде мұнда ........ сыртқы округі  орталығы салына бастады.

2. 1824жылы екі округтік приказ-.................... приказдары ашылды.

3.Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуы .........салтанатты жағдайда өткізілді.Оған жергілікті халық өкілдері қатысты.Округтің аға сұлтаны болып осы аймақтағы ықпалды сұлтан ............. сайланды.

4.Дала қазақтарымен жасалатын негізгі сауда ...........бірте-бірте ...........ауыса бастады.Ақмола ірі сауда орталығына айналды.

5.Қызу қарқынмен дамуының нәтижесінде .......Ақмола ресми түрде округтік қала болып жарияланды.

6.Қалалық дума және оның атқарушы органы -............... құрылды.

7.Думаның ............ төрт жылға саайланады.

8.ХХғасырдың бас кезінде Ақмолада .....,...........,.................,.................,болды.

9......жылдан бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар  да келе бастады.

10.1914жылы қала тұрғындарының саны ..... мың адамға жуықтады

ІІІтопқа Сызықты диктант («^» белгісі дұрыс жауап, «-» белгісі қате жауап)

1.ХІ-ХІІІ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған.

2.Округтік орталықтың алғашқы атауы көшпелі қазақтарға ежелден белгілі Ақмола болып аталды.

3.1835жылыРесей императоры І Николай сыртқы жаңа округтің ашылуына рұқсат етті.

4.1852жылы Ақмола станицасында  екі жәрмеңке ашылды.

5.Күзде Константинов жәрмеңкесі ашылды.

6.1862жылы Ақмола ресми түрде округтік қала болып жарияланды

7.Г.Н.Потанин : «Ақмола –бүкіл даланың болашақ астанасы» деген ой айтты.

8.Қалалық думаның депутаттары төрт жылға сайланды.

9.С.Қасымұлы округтің аға сұлтаны болып сайланды

10Ақмола  1998жылы Астана болып өзгертілді

Жауабы: ^^-^-^-^-^

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 19
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 08:04 жарияланды
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
тарих пәнінің мұғалімі Таева Лунар Нұрхайырқызы

Сабақтың мақсаты:
 Сталиндік казармалық социализм, зиялы қауымды жаппай қудалау,Алаш қозғалысының қайраткерлеріне қарсы қуғын-сүргінді баяндау ;
 Мәтінмен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру,саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру , шығармашылығы шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру;
 Тарихи тағылымнан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын,туған жерін,елін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта қолданған әдістер:жұптық және өзіндік жұмыс

Пән аралық байланыс:Дүние жүзі тарихы,қазақ әдебиеті
Көрнекілік: кесте, сызба
Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау
Оқушылар «Еске алу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып,зейіндерін тақырыпқа аудару.





Үй тапсырмасын сұрау
1.Жылнамалар сызбасы ( жұптарға үлестірме үйлестіріледі)
1917;1918;1920;1925;1936;1937;1924;1926;1928;1933;1936;1937:1946;1947;
1921;
2.swot талдау кестесімен жұмыс.

күшті әлсіз
мүмкіндіктері шешім

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 513
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 08:04 жарияланды
Категориясы: Тарих
Таева Лунара Нұрхайырқызы
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
тарих пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 11б


Сабақтың тақырыбы: 1920 жылдардың басындағы өнеркәсіптерді қалпына келтіру шаралары, Қазақстан өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңі.
Сабақтың мақсаттары:
Қалпына келтіру шараларын, дамудың жаңа кезеңдерін баяндау.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Еңбекқорлық пен ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: өзіндік және жұптық жұмыс, ойын сабақ.
Ұйымдастыру: 1-2 мин.
Үй тапсырмасы:
1.Құрастыр, одан кейін жауап бер.
Жұмыс істеу барысында келесі факторларды тәртіппен қойыңыз.
А) Х съезі өткізілді.
Б) азық – түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды.
С) ақша реформасы жүргізілді.
Д) қуаншылыққа байланысты астық шықпады.
Е) Жер су реформасы жүргізілді.
Г) жер кодексі қабылданды. 5- мин
Жауабы: б, а, е, д, г, с.





  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 358
авторы: Абдуллина
29 наурыз, 17:03 жарияланды
Категориясы: Тарих
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі Рскалиева Жадыра Шамгоновна

7 класс Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердегі мемлекеттік-әкімшіліктің құрылуы
Мақсаты: Жаңа тақырыпты оқу, мемлекеттердің қоғамдық құрылысы туралы түсінік алу, сыни ойлауын қалыптастыру қорыта білуге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырып жөнінде оқып біледі, сыни ойлана алады, қорыта білуге дағдыланады
Кезеңдері Формасы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 371
авторы: Абдуллина
29 наурыз, 17:03 жарияланды
Категориясы: Тарих
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі Рскалиева Жадыра Шамгоновна

8 класс Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті
Мақсаты: Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізін құрайтын заттарды, олардың тарихтан алар орнының ерекшелігін біліп түсінеді. Материалдық мәдениет туралы ойлау дағдылары мен топ ішінде және тақырыпқа сай өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 977
авторы: Абдуллина
23 ақпан, 16:02 жарияланды
Категориясы: Тарих
Абдуллина Динара Ысқаққызы Ақтөбе қаласы №30 орта мектеп тарих пәні мұғалімі
Қойылым барысы:
(Сахнаға Абыз бейнесіндегі қарт шығады.)
Абыз:
- Қайран халқым! Қайран қазағым! Қара басынан гөрі қараша халқын биік қойған хандарым! Қара қылды қақ жарған билерім! Қаһарлы қалыппен халқын қорғаған баһадүр батырларым! Ғасырлар бойы бастарыңа не келіп, нелер өтпеді сендердің!
(Ұзақ толғанады.)
- Жәнібек пен Керейден,
Бастау алған қазағым!
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 324
авторы: Абдуллина
23 ақпан, 16:02 жарияланды
Категориясы: Тарих
Ашық сабақ
Пән мұғалімі: Абдуллина Динара Ысқаққызы
Сабақтың тақырыбы 1867-1868 жылдардағы реформа
Мақсаты ХІХ ғ. 60- ж. Қазақстандағы басқару жүйесін өзгерту мақсатындағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.
Уақыты
Ресурстар Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 317
авторы: Абдуллина
17 ақпан, 08:02 жарияланды
Категориясы: Тарих
ҚАЗАСТАН ТАРИХЫ ПӘНІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ПЕН
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІДЕГІ ОҚЫТУ.
Ақтөбе қаласы Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Тарих пәні оқытушысы Сарбасова Роза Әбжанқызы

Білім беру жүйесінің басты міндеті "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"-дейді ҚР «Білім туралы» Заңында (8-бап).
XXI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісі жаңа технологиялық әдістермен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Олар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағұлматты нақтылауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат алудың тиімділігі төмендегідей:
Қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
Экономикалық тиімділік.
Білім сапасының артуы.
Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
Білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асады.
Адамзат баласы өзінің даму жолында 3 мәдени дәуірдің 3 типін басынан кешіреді: архаикалық, индустриалды және постиндустриалды (ақпаратты). Оған үш ағарту моделі сәйкес келеді: дәстүрлі, инструктивті және креативті. Креативті модельдің мақсаты өмір бойы өзіндік білім алуға және өзін өзі дамытуға бейімділік. Осыдан келіп, бұл білім беру моделі ақпраттық деп аталады. Ақпраттық дәуір интергративті мәдениетпен, икемділікпен, ойлаудың конвергенттілігімен, коммуникативтілікпен ерекшеленеді. Білім беру келесі міндеттерін көрсетуге болады:
Өзіндік шығармашылық пен жоғарғы сапалы жұмысқа қабілетті тұлға қалыптастыру.
Көп салалы өмір үрдісінде өзін еркін және жауапты сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.
Өмірдің әрдайымғы өзгерістеріне ғана дайын тұлға емес, сол жерде белсенді әрекет ете алатын тұлға тәрбиелеу.
Студенттерде тек өзіндік білім алу дағдысын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар өз білімін, білігін, дағдысын үнемі жетілдіріп отыратын және үздіксіз білім алуды қажет деп танитын тұлға қалыптастыру.
Студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту.
Әлеуметтік ақпараттың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған тарихшылар тез сезінді. Бұл сұрақтар оқытушылар үшін де актуалды. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауға мұғалімнің әрекетіне көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану оқытушылар мен студенттердің дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін. Әрбір тарихи дәуірге ақпаратты технологияның нақты деңгейі тән. Бұл ізденудің құралдары мен әдістерінің, ақпаратты сақтау мен жеткісудің даму деңгейіне байланысьы. Ақпараттық технологияы игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпараттық жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпаратты мәдениетін білдіреді.
Қазақстан тарихы сабағында компьютер кластарын пайдалану, бұл мұғалімнің жұмысына үлкен көмек, әрі оқу сапасын арттыруда жоғары нәтиже беруге септігін тигізеді. Компьютер текстік мәтіндік, графикалық және сандық ақпараттарды сақтайды және олармен тез әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Тілім беру саласында компьютерлендіру үлкен мемлекеттік міндетке айналып отыр. Тарихи танымының жаңаша әдіс тәсілдерімен студенттерді таныстыру және оны оқытуда пайдалану оқытушылардың басты міндеті. Біздің өмірімізге еніп жатқан жаңа ақпараттық технология мұғалімнен жаңа ақпараттық мәдениетті талап етеді. Сондықтан ол есептеу техникасымен жұмыс жасау дағдыларын игеру керек.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихы пәніне арналған электрондық оқулықтар көп. Осы электронды оқулықтады меңгеріп, оған қосымш өзінің компьютер жұмыс жасауына мүмкіндік беру студенттердің тарих білімін меңгеруіне көмектеседі. Электронды оқулықтарды жаңа сабақты түсіндіргенде, тақырып бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда, білімді жинақтау сабағында жұмыс істеу мүмкіндіктері көп. Тарих пәні есімдеді, даталарды, түрлі тарихи кезеңдерді, оқиғаларды, жер аттарын есте сақтауға бағытталған. Осыларды ретімен деректер безасын ендіріп қойса, оны қажетіне қарай белгілі ретпен таблица, диаграмма, сызба графиктер түрінде шығарып алуға, текстке енгізіп пайдалануға болады. Алдын ала жинақтаан деректер базасы бойынша оқушылар Фрейммонтаж диаграмма, таблица, график жасай алады. Мысалы, 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын өткенде оқушылар колледжде информатика пәнінен алған білімдерін осы оқиғаға байланысты деректер базасымен жұмыс жасағанд тиімді пайдаланды. Фрейммонтаж интерграциаланған офистік жүйе. Олар 1900-1917 жылдар аралығындағы Қазақстан тақырыбы бойынша жинақталған деректер базасымен жұмыс жасады. Сол жылдардағы халық саны, соғысқа жіберілген азық -түлік , ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар саны (әрбір өңір бойынша), қозғалыстан кейінгі мәліметтер бойынша диаграмма, график, сызба - таблица, слайдтар жасады. Бұл студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына, есте сақтау қабілетінің дамуына, өз еңбегінің нәтижесін тез көрінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан тарихын оқуда хронологиямен жұмыс жасау жоғары орында. Соған байланысты жылнамалар тізбегі бағдарламасын дайындауға болады. Мұнда болған оқиға күні, оқиға аты, оның қысқаша мазмұны, және классификациясы беріледі. Жазбалар хронологиялық реттілікпен, тізім түрінде сақталады. Қосымшаны белгілі бір кезеңдегі оқиғалр екі түрлі жерде қандай дәрежеде болғанын салыстыруға пайдалануға болады. Сонымен қатар тарих сабағында компьютерді - әлеуметтік процестерді модельдеу жүйесіне пайдаланылады. Студенттердің оқу - танымдық әрекеті оны белсенділендірудің қосымша деректерін қамтамасыз етуді қажет етеді. Оқу процесіне компьютерді енгізу соның бірі болып табылады. Тарих сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдалану - әрбір студенттің оқу үрдісінде белсенділігінің артуына көмектеседі. Студенттердің таным әрекетін қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі оқу материалын белсенділігі және шығармашылық әрекеті артады. Бұл кездегі маңызды кезең компьютерлік бақылау жүргізу, яғни білімді дәл уақытында экспресс - бағалау және студенттердің әрбір тақырып бойынша білім деңгейінің объективті ақпаратын алу мүмкіндігі.
Сабақта компьютерді пайдалану студенттердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға жағымды жағдай туғызады. Бағдарлама бойынша жұмыс жасап отырған оқушы өзіне қажет тарихи фактілер, оқиғалар туралы ақпаратты тез ала алады. Компьютер педогогикалық шығармашылыққа нақты мүмкіндіктер жасайды. Сабақта оқытушы студенттердің әрбір қадамын бақылайды, студенттердің білім үрдісінде ғылыми және педагогикалық қауымның әлдеқайда кең бөлігі қамтылады. Бұл қозғалыстан тарих пәні оқытушылары да бос қалмауы тиіс. Сондықтан да тарих пәні оқытушылары тарихты оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қозғалысының белсенді мүшелері болуы керек. Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы электрондық оқулық пен ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін төмендегі таблицалардан көруге болады.
Таблица №1

Электрондық оқулықпен оқытудың мақсатты бағыты.

а)таным белсенділігінің деңгейі;
ә)пәнге қызығушылығы;
б)өзіндік жұмыс қабілетінің дәрежесі
в)білімдердің актуалдануы;
г)аналитикалық ой мен дағды деңгейі; д)компьютерді меңгеру.
Тәрбиелік
а)сабақтың адамгершілікті дүниетанымдық бағыттылығы;
ә)студенттердің оқу және еңбек дағдыларын қалыптастыру;
б) сабақтың студенттердің интелектуалдық дамуына әсері.
Дамытушылық
а)оқытудың ғылымилығын жүзеге асыру;
ә)көрнекілік принципінің дәл қолдануы;
б)білім, білік, дағдыны қалыптастырудың жүйелілігі.
Ұйымдастырушылық
а)жоспарланған жұмыстың орындалуы;
ә)компьютерді пайдаланудың пәрменділігі мен мақсаттылығы;
б) пәнді, компьютерді жетік білу.
Оқытушы әрекетіне қойылатын талаптар:
Оқытушы әрекетіне қойылатын талаптар:
а)тарихи есті, танымды меңгеру;
ә)тарихи процесті түсіну, сезіну, анализ жасай білу;
б) өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізу: график, таблица, диаграмма, синхронды карта, слайд
Оқытудың мақсаты
бағыты
а)сұрақ-жауап;
ә)танымдық тапсырмалар;
б)деңгейлік тапсырмалар;
в)тест;
г)шығармашылық тапсырмалар (фрейммонтаж:диаграмма, таблица, график), слайд, қабырға газеті.
Оқыту нәтижесін бақылау әдістері:
Таблица №2
Электрондық оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімділігі.
Электрондық оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімділігі
Интеллектуалдық логикалық дағдысы:
а)салыстыру, анализдеу
ә)басты нәрсені таба білу
б)жағдайды, оқиғаны сипаттау, анықтама беру
Интеллектуалдық ерекшеліктері:
а)танымдық қызығушылық, оқу мотивациясының дамуы
ә)ақпараттық эрудиция, қаблеттілік
б)диалектикалық дүниетаным, ақыл-ой еңбегінің интенсивтілігі адамгершілік рефлексиясының, өзіне-өзі бақылаудың жоғарғы деңгейі
в)шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
Танымдық әрекет:
а)өзінің теориялық білімін және кәсіби білігін үнемі дамытып отыруға ұмтылушылық
Жеке шығармашылық элементтер:
а)ақпаратты негізінде білім мен білік
ә)шығармашылық ой
б)педагогикалық рефлекция
Нәтиже: Пәнді оқыту пәрменділігінің артуы.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет.
Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Дебердяева Т.Х . Новые ценности образования в условиях информационного общества// Инновация в образовании.3-2005
Ковальченко И.Д., Бородкин Л.И. Современные методы изучения исторических источников с использованием ЭВМ.М.:Издательства МГУ,1987.
Лещинер А.И. Компьютеры в кабинете истории.//Преподавание истории в школе.,5-6-1992
Полторак Д.И:, Ходаковский Н.И. Информационная культура преподавателя истории. Преподавание истории в школе.1-1993.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1180

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама