Жарнама

авторы: ayazhan2017 (27 сәуір, 08:04 жарияланды)
3.«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
5.«Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз. «Менің таңбам»
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартсында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі қалқан болып табылған. Қалқан –қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы естігің келетін үш сөз.
Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
«Итке көмектесейік» Сіздің аяушылық қабілетіңіз.
Мақсаты: Сіздің жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді анықтау.
Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.
Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.
Релаксация
«Мен бақытты баламын».
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:
- «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»
Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.
- «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып , ең жақын досына сыйла»
Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.
Қорытынды:: Құрметті Оқушылар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Менің мақсатым осы шағын көрініс арқылы адалдықтың, ақтық пен пәктіктің әрқашан да жеңіп шығатынын сіздерге жеткізу.
Ақ пен қара бейнесін көрсету шағын көрініс. Соңында Ақ киінген оқушы қараларды жеңіп шығып отырған оқушыларға, мұғалімдерге тыңдаушыларға жылулық, бақыт, денсаулық мейірім, күлкі т.б сыйлайды.


ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1. Өзіңді таны – Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.
Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.
5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.
Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.
Шүкір етуді ұмытпау керек!
Ф.Тайтелиев


  • 0
 қаралды: 315
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама