авторы: Merlan (30 қаңтар, 01:01 жарияланды)
Тақырыбы: «Қыз қылығымен сүйкімді.»
Мақсаты:
- Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту;

- Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу;

- Есте сақтау қабілеттерін және елестету элементтерінің кемшіліктерін түзету.
Көрнекілік:
1) «Қыз – елдің көркі» газет.
2) Мақал – мәтелдер.
3) Қыздардың қолдарынан шыққан әртүрлі өнерлер көрмесі (тоқыма, іс, кесте, бисер, сурет).
Әдісі: сұрақ – жауап.
Түрі: дөңгелек үстел.
Барысы:
І Кіріспе.
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, ибанаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген суреттемелер берген. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің кқркі, Гүл – жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

ІІ.Негізгі бөлім.

1 – жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2 – жүргізуші:

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана
Бәрі де дер кезінде дара тұлға
Ұрпағынның ойласақ болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
1 – жүргізуші:
Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяндық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.
2 – жүргізуші:
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
1 – жүргізуші:
Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
2 – жүргізуші:
Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
1 – жүргізуші:
Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса, қыздардың өнерін тамашалайық.

Осы жерде интернат қыздарының қолымен жасаған бұйымдарының көрмесін тамашалаймыз. Әрқайсысы жасаған бұйымдары туралы мәлімет береді.
1) Ою – өрнек – Қанат Албина
2) Кесте тігу – Айдынгалиева Гулфия
3) Бисермен жұмыс – Аубакова Қарашаш
4) Суреттермен – Мухитова Айару
5) Шәй әзірлеп, шәй өнерін көрсетеміз.
1 – жүргізуші:
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен: соған тоқталайық.
- Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата – ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет – ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
1 – оқушы:

- Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз – келіншектердің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
2 – жүргізуші:
- Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсумен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
2 – оқушы:
- Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі шашы» деп қыздың шашың күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым», «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген. «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым». Ал, Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттеген:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

ІІІ. Енді мақал – мәтелдерге кезек береміз.

Мысалы:
1. «Жақсы қыз – жағадағы құндыз»
2. «Қыз қылығымен сүйкімді».
3. «Қыз ақылы шешеден».
4. «Қызға қырық үйден тыйым».
5. «Қызым үйде, қылығы түзде».
6. «Қызы бар үйдің қызығы бар».

Ән шашу: «Қазақ қызы».

ІҮ. Бойжеткен қыздарды қазақ халқы ажарына қарай жетіге бөліп қараған ғой.

1. Әдемі қыз.
2. Әсем қыз.
3. Көрікті қыз.
4. Ажарлы қыз.
5. Шырайлы қыз.
6. Сұлу қыз.
7. Ару қыз.
Осы қыздар туралы ортаға 7 қыз шығып, өз ойларын айтады.
3 – оқушы.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен.
4 – оқушы.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен
Сұлу қыз көңілді өнерімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткен сұлулықтың елегінен.
1 – жүргізуші:
Ал қазіргі отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
2 – жүргізуші:
Иә, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалы: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін – өзі ұстау этикасын білмеу, бейбас сөздер айтуы және де олардың ашық киім киуі. Әсіресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Міне, осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өкінішті – ақ.
1 – жүргізуші:
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының дос – жарандарының әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірбиесінен алынған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттерді табуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
2 – жүргізуші:
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу – қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.
1 – жүргізуші:
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпайты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

Ү.Қорытынды.

1) Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?
2) Қыз балаға қандай міндеттер жүктелген?
3) Басқа ұлттарға қарағанда қазақ отбасында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі қандай?
4) Қазіргі отбасындағы қыз баланың тәрбиесі қандай?

Бүгінгі заман жастарымыздан терең білімді, салауаттылықты, ұлттық тіліміз бен дінімізді құрметтейтін мәдениетті талап етеді. Осы талап тұрғысынан көріне білуге мемлекеттімізде барлық жағдай жасалған. Біз, ата – аналар, мұғалімдер өмірден көрген – білгенімізді жастарға үлгі – өнеге, ұлағат ретінде айта жүру парызымыз. Оларға әркез аялы алақан, мәпелеген бап керек.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
  • 100
 қаралды: 3560
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама