авторы: Merlan (20 сәуір, 18:04 жарияланды)
Кеңгір өзенінің шығыс жақ қабағының үстіндегі төбеде бір топ адам тұр. Өңшең батырлар, билер мен Абылай ханның өзі. Хан кеңесін шақырудың негізгі мақсаты – үш жүздің басын біріктіріп, жеті түмен қол жинап, жоңғарға қарсы соғыс ашу. Бірақ мұнда жиналғаны үш түмен ғана еді.
Абылай хан: - Біз Бөгенбай бастаған топ бірлесе отырып, еліміздің берекесін кетірген қалмақтың қолын Барқытбелдің теріскей жағымен, Еміл бойымен қуалап, Тоқта –Барлықтан асырып тастауды жоспарлап отырмыз. Қане, кімнің разылығы, кімнің наразылығы бар, ойларыңды ірікпей ортаға салыңдар.
Қабанбай: - Мен наразымын. Қазіргі уақытта оңтүстік өлкесі отқа оранып отыр. Оны дер кезінде өшірмесе болмайды. Қоңтайшы Сайын-Бөлек бастаған он бес мың қалмақ қазақ ауылдарын шауып, қанға бөктіріп жатыр. Алдымен Қаратауды, Сыр мен Түркістанды азат ету керек. Одан кейін Барақ сұлтанға у беріп өлтірген сұмнан кек алып, шаршы топтың алдында жазалауымыз керек.
Абылай: - Ау, жақындағы жауды жайратпай, алысты неге көкседің, Дарабоз?
Қабанбай: - Қаратау – қарашаңырақ болса, Түркістан –ту тіккен орда. Сыр бойы – қашан да сынасар жерің. Осы үшеуі жау қолында жатқанда, ауыл арасының жеңісін тойламаққа жиналғандарыңды түсінбедім. Қалмақтар неге ғана осы үш жерге ат басын тірей береді? Өйткені ырыс пен байлық сол жақта. Ұлы жүз бен қарақалпақтың қалмақтан таяқ жеп жатқаны анау. Оларға көмек бермесек, елдігімізден не қайыр? Мен не де болса, оңтүстікке ат басын бұрамын.
Абылай хан: - Мен өз шешімімде қалғанды жөн көрдім, Дарабоз!
(«Дарабоздікі дұрыс», «Қабанбайдың айтқаны жөн» деген дауыстар естілді.)
Бұқар жырау:
- Әй, Абылай, Абылай!
Сен, мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің.
Қалқақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құлы едің.
Сен жиырма беске келгенде,
Алтын тұғыр үстінде ақ сұңқар құстай түледің.
Дәулет қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа,
Бақ үйінде түнедің,
Алыстан тоят тіледің...
- Ағайынды өкпеге қиса да, өлімге қиған кім бар еді? Қазір қазақта Төле биден үлкеніміз жоқ. Сол қадірлі қартымыздан ұят болды. Менің тілімді алсаңдар, жорықты Төле биден бата алудан бастаңдар. Мен бұл жолы Дарабоз жағындамын.
Абылай хан: Бәрекелді, Бұқар қартым. Ауып бара жатқан жүкті орнына қойдың. Сенікі жөн. Төле биден бата алып, екі түмен әскермен бас сардарымыз Қабанбай батыр бастап, ертең-ақ оңтүстікке аттанамыз.
  • 0
 қаралды: 946
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама