авторы: Merlan (20 сәуір, 18:04 жарияланды)
Оқушыларды Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсіміне байланысты жиынды ашу.
І Туды кіргізу
ІІ Әнұранды орындау
ІІІ Мектеп көшбасшысының хабарламасы
ІҮ Қабылдау рәсімі
Ү Ант беру
ҮІ Ұйымның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
ҮІІ Құттықтау сөздер
ҮІІІ Туды шығару 

1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және шақырылған қонақтар! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 2011 жылы 6 шілдеде еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын.
2 - жүргізуші: Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1- жүргізуші: Сөз мектеп көшбасшысы Сапарғали Алиханға беріледі.
Көшбасшы: Мектеп, сап түзеп, тік тұр!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!
(Ту кіргізіледі).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
1- жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға тартқан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – берекенің бір басы,
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
Қазақстан сен бір елсің жаһанға,
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.
1-жүргізуші:

2- жүргізуші: «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелері Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп отырған «Жас Ұлан» ұйымына қабалдау салттанатты жиынына дайындықтары туралы мектеп көшбасшысына хабарлама жасайды.
«Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Нуртазина Анар:
«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп көшбасшысы, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:
«Тәуелсіз еліміздің болашағы,
Туған ел мен Отанын мақтан тұтар.
Салауатты өмір салтын ұстанар,
Біз – патриот жас ұландар!» ұранымен дайын.
«Жас Ұлан» ұйымы, еркін тұр!


«Жас қыран» ұйымының белсенді мүшесі Гумарова Камила:
«Жас қырандықтар» сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп көшбасшысы, «Жас қыран» тобы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына.
«Біз – болашақ жас қыран,
Өз Отанын қорғайтын.
Білім сүйер ұланбыз,
Заңғар көкке самғайтын.» ұранымен дайын.
«Жас қыран» тобы, еркін тұр!

Мектеп көшбасшысы: Бүгін «Жас қыран» тобына қабылданғалы отырған 1 - сынып оқушыларына төсбелгі тағу 11-сынып оқушыларына тапсырылады.

Мектеп көшбасшысы: Ант беру рәсімі орындалсын.

Мен,_________________Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге,ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /АНТ етемін!/


1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған әрбір оқушыны ұйымның мақсат, міндеттерімен, ережелерімен таныстыра кетсек.
2-жүргізуші: Қоғамдық өмірде, тұрмыста адамдық келбетті сақтай отырып, ата-анасын сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
2-жүргізуші: Ана тілін қастерлеп, елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білуі тиіс.
1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – Отанының адал азаматтары.
2-жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының мүшесі – оқуда алда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1-жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, нағыз патриот.
1-жүргізуші: Білімді көкіректе нұр деп түсін.
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
2-жүргізуші: Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің.
1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларымызды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Мәлік Абайұлына, зейнеткер-ана Менсұлу Жұмағалиқызына беріледі.
2-жүргізуші: Бүгін «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданған оқуда үздік, өнерлі оқушыларымыздың бірі Қабыл алыңыз.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын.
2-жүргізуші: Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!
1-жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын дей отырып, салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
  • 0
 қаралды: 2356
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама