авторы: ramuk_b
4 шілде, 21:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Сәбит Мұқанов (1900-1973 жж.)

Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең-жырға, ертегі-әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын-аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе татар тілдері араласып келетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше, дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне шорқақ, білмейтін татар оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Бұл – қараңғыда нұр жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді.
 пікірлер: 0
 қаралды: 3273
авторы: ramuk_b
4 шілде, 21:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Жамбыл Жабаев (1846-1945жж.)

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып-соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
 пікірлер: 0
 қаралды: 2703
авторы: ramuk_b
23 маусым, 22:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Бейімбет Майлин (1894-1938жж)

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жетігі жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:

Өмірімде көргенім күңдік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? –

деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.
 пікірлер: 0
 қаралды: 3788
авторы: ramuk_b
19 мам, 21:05 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878-1956жж.)

Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.
 пікірлер: 0
 қаралды: 5538

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қазан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама