авторы: ayazhan2017
20 қаңтар, 23:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп-балабақшасының психологі
Қуанышева Жангүлім Ермековна




Бұл жаттығу мақсатқа бағытталған тренингі үшін үйлеседі, ол қатысушыларға өз мақсатын ұғынып, оларға жетудің кезеңдерін белгілеп, кедергілерді, ал ең бастысы – мақсатқа жету жолында қолдау беретін көмекшілерді табуға көмектеседі.
Қатысушылар жасы: 14 жастан бастап.
Өткізу шарттары: жаттығу бірін-бірі бұрыннан танитын және белгілі сенімділік деңгейі бар жасөспірімдерге арналған.
Қажетті құралдар: аспапты әні бар магнитофон, қағаз беттері, қалам, фломастер.

1 кезең.
Нұсқау.Әрбіреуіміздің өз мақсатымыз бар.Кейде біз оны ұғынсақ, кейде ұғынбаймыз, бірақ та қандай жағдайда болмасын олар біздің өмірімізге әсер етеді.Қаншалықты біз мақсаттарымызды ұғынып, оларға жетудің кезеңдерін белгілеп, ненің кедергі болып, ненің көмектесетінін жақсы ұғынсақ, тез қалаулы нәтижеге жетеміз.
Жақын арадағы 2 жылда жеткіңіз келетін мақсаттарыңызды қағазға жазыңыз. (10 минут)
Олардың ішінен ең маңыздысын таңдап алыңыз.
Ескерту.Тренингтің мақсатына байланысты мақсатқа жету 1, 2 немесе 10 жылға дейін созылуы мүмкін.

2 кезең.
Нұсқау.Қағазға өз мақсатыңызды жазып,оны бейнелейтін символды салыңыз.Түрлі түсті қарындаш пен фломастерді пайдалануға болады.(5 минут)
Енді сіздің мақсатыңызға бағытталған баспалдақты салыңыз.Оның әрбір баспасында кезеңдер, яғни мақсатқа жетудегі әрекеттер орналасады (10 минут).
Ескерту.Тренингтің мақсатына байланысты сурет салу ұзақ уақыт алуы мүмкін, сондықтан да схемалық суретпен шектелуге болады.Алынған нәтижені жұпта немесе шағын топта талқылауды ұйымдастыруға болады.

3 кезең.
Нұсқау.Біздің әртүрлі сапаларымыз бар, бізді әртүрлі адамдар қоршайды, әртүрлі жағдайлар болып жатады.Егер осы сапалардың кейбіреулері мақсатқа жетуде көмектессе, кейбіреулері, керісінше, кедергі болады.Сонымен қатар кейбір адамдар және жағдайлар мақсатқа жетуде көмектесуі немесе кедергі болуы мүмкін.
Енді суретіңіздің сол жақ бұрышына кедергілер тізімін жазыңыз: ішкі (мінез ерекшеліктері, ойлар, эмоция) және сыртқы (адамдар, жағдайлар).Оң жақ бұрышына көмекшілер тізімін жазыңыз: ішкі (мінез ерекшеліктері, ойлар, эмоция) және сыртқы (адамдар, жағдайлар).

4 кезең.
Жүргізуші өз қалауы бойынша бір адамды тренинг бөлмесінің ортасына шақырады.
Қатысушыға нұсқау.Сіз ұмтылатын мақсатыңызды елестететін қандай да бір затты таңдап, оны кеңістікте өзіңізден алыстау жерге орналастырыңыз.Енді қағазыңыздан үш кедергі мен көмекшілеріңізді оқыңыз.Топ мүшелерінің ішінен әрбір осы сапаларыңызды еске түсіретін қатысушыларды таңдап алыңыз.
Қатысушы өз «кедергілері» мен «көмекшілерін» олардың әсер етуіне байланысты орналастырады.Олар қатысушыға сөзбен және денелік түрде әсер етеді.
Ескерту.Уақытқа байланысты кедергілер мен көмекшілер санын көбейтуге немесе азайтуға болады.



5 кезең.
Қатысушыға нұсқау.Сіз қазір енжарлы рөлде боласыз.Ал сіздің көмекшілеріңіз бен кедергілеріңіз бір уақытта әрекет етіп, әсер ете бастайды.Олар бір уақытта сөзбен де, денелік түрде де әсер ете бастайды.Ендеше, менің белгім бойынша кедергілер мен көмекшілер рөліндегілер қатысушыға әсер ете бастайды: сөзбен айтады, қолынан тартады және т.б.Бұл 1 минут созылады.Белгі бойынша тоқтауы керек.
Бұл әрекеттерден кейін жүргізуші қысқаша қатысушының сезімін сұрайды.

Енді, керісінше, қатысушы белсенді рөлді иеленіп, қозғалып, сапалардың әрекетіне жауап беріп, «тыныш» немесе «қаттырақ» деп айта алады.Бұл 2 минуттай созылады.
Кейін сезімдер талдауы жргізіледі.
Көрініс аяқталғаннан кейін жүргізуші сезімдер шерингін жүргізеді:
- Қандай сапа көбірек кедергі болып, қайсысы көбірек көмектесті?
- Кедергілер мен көмекшілермен бірге мұндай жағдай өмірде қалай көрінеді?
- Көмекшілерге тағы да қандай сапаларды қосуға болады?
- Болашақта көмекші сапаларды қалай қолдануға болады?
- Көрермендер көрініс арқылы өз өмірлік жағдайларымен байланысты нәрселерді көре алды ма?
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 154
авторы: ayazhan2017
20 қаңтар, 19:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының психологі Қуанышева Жангүлім Ермековна




Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: арнайы слайд, баяу орындалатын әуен.
Жоспары:
Шаттық шеңбері:
Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып , бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.
Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Шаңырақ құру
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық
Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар — бұл » барлық жақсы қасиеттерді қамтылған, ең жоғарғы қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет бар болуы мүмкін. Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айта кетсін
Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлумын, мінезім — ашық, ақжарқынмын.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 216
авторы: Мөлдір Б
13 желтоқсан, 07:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау қаласы
Д.Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп - гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Мөлдір Талғатқызы

Сабақтың тақырыбы: И и дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: И и дыбысы мен әрпін меңгерту. Сөз ішінде сауатты оқуға көңіл бөлу
Сабақтың міндеті:
1. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру
2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
Сабақтың типі: дәстүрлі
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 883
авторы: Merlan
30 желтоқсан, 05:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырып атауы: «Періште ойыны»

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 20809

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қазан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама