авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 15:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Қ. Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп- балабақшасының кітапханашысы
Жаңабергенова Лида Өтепбергеновна



Тәуелсіздікке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткізді.
Даламыз қандай кең болса, халқымыздың да жүрегі де соңдай кең, жер қойнауы қандай бай болса, пейілі де сондай бай. Ниеттің тазалығы - сәбидің тазалығындай, ешкімге жамандығы жоқ, бейбіт қазақ елі адал ниеті мен ақ жүрегінің арқасында осындай ғажайып заманды басынан кешіріп отыр.
Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Арын аяққа таптатпаған қазақ халқы сан ғасырлар бойы еңсесін түсірмей елдігін сақтап келді. Тағылы мол тарихымызбен, ұлы бабаларымыздың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барлық қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабаларымыздың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білеміз. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан ата-бабаларымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек.
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенеміз.
«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Бұл мақсат – «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!
Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауына: «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамыры сияқты көне тариихтан бастау алатынын көрсетеді» деп қадап айтты.
Мәңгілік ел болу – бабаларыңның бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату деген-ді, енді ешқашан өзгенің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін арқашан әспеттейтін, үлгі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұатын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру.
Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа әу бастан-ақ ел бағына туған азамат деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адастырмас азаматым деп соңына ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне келген. Алда да солай бола береді.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 153
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 15:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Қ. Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп- балабақшасының кітапханашысы
Жаңабергенова Лида Өтепбергеновна



Мақсаты:
- Жол жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білуге ұмтылу;
- Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту;
- Оқушыларды зейінді епті болуға сақтыққа, саналылыққа шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бағдаршам, жол белгілері, интербелсенді тақта т.б.
Өтілетін орыны: салтанат залы.
Іс-шараның барысы:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлденді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып, - демекші құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етініздер.
Қазіргі таңда адамдар жол ережесін дұрыс сақтамауының салдарынан түрлі жол-көлік оқиғалары күннен-күнге орын алуда. Сол себепті біз өз өмірімізді сақтау үшін, басқа адамдарға қауіп төндірмеу үшін көшеде жүру тәртібін ересектер де, балалар да қатаң сақтау керек.
Көрініс: «Жолда жүру ережесі».
Ал олай болса оқушыларымыз жол ережесі туралы не айтар екен тыңдап көрейік.
1-оқушы Қызыл көз:
Мынау белгі тоқта деп,
Тұрады ылғи тағат қып.
Байқап тұрсан байыпты,
Болмайсын еш айыпты.
2-оқушы Сары көз:
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
3-оқушы Жасыл көз:
Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай,
Жолыңмен қарасты.
4-оқушы Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмен, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақын жоқ жүруге,
Қауып бар, бағдарла, көз салып жан-жақты.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 172
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 15:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Қ. Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп- балабақшасының кітапханашысы
Жаңабергенова Лида Өтепбергеновна



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу. Оларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен таныстыру. Кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге, кітапты ұқыпты пайдалануға, сақтай білуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа баулу. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қолдау, жүзеге асыру және насихаттау. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі, кітап макеті, қанатты сөздер, слайдтар.
Сабақтың барысы: ҚР мемлекеттік әнұраны.
1-жүргізуші: Кітап – нәзіктік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған», - деп Стефан Малларме айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.
2-жүргізуші: Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста мұндай шараның өткізілуі ізгілікті қадам.
1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілдеріңізді көріктендіріп, жүректеріңізге нұр құйсын! «Кітап – тарих, шежіре» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.
Кітап – әлем мөлдірлік тұнығындай,
Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар.
Кітап – тарих, шежіре сан ғасырдан
Келер күннің кітапта ұрығы бар.
АРНАУ
Бастайыншы сөзімді «бисмилла» деп,
Ассалаумағалейкум, жиылған лек!
Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,
Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп.
Мен бұрын бұндай тойды көрмеп едім.
Бұл деген – көкке биік өрлегенің.
Оқуға ел ниетін бұрып жатса,
Алынар небір асу, бел дегенің.
Кітап күні тойланып жылдан-жылға,
Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.
Кен, қазынаң кітап қой нәр беретін.
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық, дәл кітапқа тең келетін.
Кітап – сәуле, нұр берер шырағыңыз,
Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.
1-жүргізуші: Уа, жиылған халайық!
Түгел бері қарайық,
Сөзінің бар иесі,
Кітап Ханшайымына баршамыз назар салайық.
Ести алмай лебізін әсте өкініп қалмайық.
(Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады)
Кітап ханшайымы:
Мен Кітап Ханшайымымын,
Иесі – рухани әлемнің.
Әкелдім кітап патшалығының
Бәріне жалынды сәлемін!
Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,
Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын.
Рухани нәр берер бұлақпын мен,
Меніменен байиды бар танымың.
Мен рухани әлеммін,
Кітап атым,
Баға жетпес байлықпын асыл затым,
Мені көктен түсірді жаратқаным
Шын қажеті болған соң адамзаттың.
Мен кітаппын, білімнің бұлағымын,
Жауабымын сауал мен сұрағының,
Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын
Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын!
Кітап ханшайымы: - Балалар, сендер менің шығу тарихымды білесіңдер ме?
- Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар,тағы басқа көне халықтар жасапты.
Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.
Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.
Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне , тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.
Ежелгі мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған.
Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген.
Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылды.
Ал пергам патшалығы біздің дәуірімізге дейін 283-133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.
Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.
Бізің заманымыздан ІІ ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.
«Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі»Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған. «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» тағы да басқа кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады
Кітап ханшайымы: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп мен өмірге келдім.
1-оқушы: Кітап! Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы,
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
2-оқушы: Кітап – менің рухани астанам,
Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастағам.
Кітап оқып, жан дүнием байыды,
Шабытты жыр тудырамын, жас қалам!
3-оқушы: Кітап менің асыл, жақұт, сырласым,
Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.
Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,
Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.
4- оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
5-оқушы: Кітап барша адамның көз жанары емес пе? Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
6-оқушы: Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.
7-оқушы: Кітап сенің нағыз айнымас досың емес пе? Барлық білмесіңді үйретеді. Бұл – қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара, жаңғыра беретін байлық. Көрініс: «Үйшік».
8-оқушы: Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сансыз ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
9-оқушы: Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде Айлап тыным көрмеді.
Көрініс: «Оқулық дәрігері».
10-оқушы: Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
11-оқушы: Оқы талмай түй санаңа жас бөбек,
Сыр құяды, жыр құяды бойыңа.
Таза ұстап, оқы кітапты қастерле
Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты.
12-оқушы: Кітап ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласың. Қазақ халқы кітапты киелі, әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 202
авторы: Абдуллина
23 сәуір, 19:04 жарияланды
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Тауқаратұрық ауылы
«Алтын-Ай» балабақшасы
Екінші санатты тәрбиеші Рахимбаева Гульбану Отарбайқызы
Өткізілген тобы: Естиярлар «Айгөлек» тобы


Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: Математикаға деген қызығушылығын арттырып, иноватциялық технологияларды пайдалана отырып балалардың сандар жайлы түсінігін кеңейту. Әртүрлі пішіндермен жұмыс ітсеу арқылы ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, бақылау.
Қолданылған құралдар: Интеративті тақта, сандар, геометриялық пішіндер, суреттер.
Сабақтың барысы: Модульдік оқыту технологиясын пайдаланғандықтан үш құрамдық бөліктен тұрады.
Кіріспе бөлімі: «Модульге тақырыпқа енгізу»
Сөйлеу бөлімі: «Балалардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру»
Қорытынды бөлімі: «Бақылау»
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құрдасқа.
Сәлем дейміз ұстазға,
Сәлем дейміз қонаққа.
Ашық болсын айымыз,
Биік болсын тауымыз.
Тату болсын халықтар,
Аман болсын балалар!

Ұйымдастыру кезеңі:
Жыл мезгілі, апта күні, мезгіл ерекшеліктері, ауа райы, табиғат құбылыстары жайлы сұрақ-жауап жұмыстары.
Кіріспе бөлімі:
- Балалар, бүгін бізде қандай оқу қызметі? (математика)
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл оқу қызметінде танымдық қабілетімізді дамытып, қарапайым математикалық ұғымдармен, сандармен танысамыз. Қане, өткен сабағымызды тақтадағы суреттермен жұмыс жасау арқылы еске түсірейік. «4» саны туралы пысықтау , сұрақ-жауап жұмысы. Көкөністерді санау, олардың пішіндерін, неше бұрышы бар екенін сұрау.

Сөйлесу бөлімі:
Ал, балалар бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Математика еліне саяхат» Саяхатқа бару үшін бізге ұшақ қажет. Триз әдісі бойынша нүктереді қосу арқылы ұшақ құрастырамыз. Енді, осы ұшақпен Астанаға баруымызға болады. Біз бұл оқу қызметінде «5» санымен танысамыз. Ол үшін біз екі топқа бөлінуіміз керек. (Балаларды екі топқа бөлу)
1- топ: Ай
2- топ: Күн Мен сендерге тапсырма беремін. тапсырманы дұрыс орындаған топқа жұлдызша таратамын. Оқу қызметі соңында жұлдызшаларды санаймыз. Жұлдызды көп жинаған топ жеңімпаз атанады.
- Балалар жұлдыздың неше бұрышы бар?
- Біз бақшаға неше күн келеміз?
- 5 санының көршілерін ата
- 5-ке дейін тура және кері сана

Д/ойын

«Қай санды жоғалттым?»
1,2, ,4,5
1,2,3, , 5
1, , 3,4,5

Логикалық есептерді шешу.

Бұтақта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Біреуін жеп қойсаң,
Қалады неше алма? (төрт)


Тал бойында тізіліп,
Бес жапырақ тұр еді.
жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Ілініп тұр әліде ,
Жапырақтың нешеуі? (үш)

Геометриялық пішіндерден не құрастыруға болады?

Д/ойын: «Ғажайып пішін»

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ.



Қорытынды бөлім:
Логикалық есеп:

Айдында алты аққу,
Ұшып кетті бір аққу.
Барлығын санасақ,
Болады неше аққу? (бес)

Төрт қонжық орманда,
Келе жатты қорбаңдап.
Біреу шаршады,
Әрмен қарай бармады.
Нешеуі келді? (үш)

Д/ойын: «Затты санымен сәйкестендір»

Шарты: Суреттегі затты санап, сол заттың санына байланысты сандарды табу.
Ұшаққа отырып топқа қайту, жұлдызшаларды санау арқылы балаларды бағалау.

Шеңбер бойына тұрып қоштасу.
Дөңгелене тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Аман-есен болайық.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 185
авторы: dana_kusainova
23 сәуір, 17:04 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Астана қаласы, №89 Қыз жібек балабақшасы
Тәрбиеші : Дана Кенжетайқызы (ересектер тобы)


Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырлған оқу қызметі:Қарапайым математикалық негіздерін қалыптастыру.
Мақсаты:1) 7 саны мен цифрымен таныстыру
2)Балалардың ой – өрісін ,танымдық блсенділігін ,қызығушылығын арттыру .
3)Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:үлестірмелі материалдар, (Төбұрыш,дөңгелек),теледидар,әліппе – дәптер.
Әдіс - тәсіл: сұрақ, жауап,ойын,түсіндіру,көрсету.
Шаттық шеңбер:
Жеті апта күндері,
Жеті қазына білсеңіз.
Жеті қарақшы аспанда,
Жеті саны киелі,
Бәрін ойға түйе біл.
Көңілдене бәріміз,
Амандасып алайық.
Балалар өткен оқу қызметін еске түсіріп алайық.Салыстыру(сурет бойынша ұзындықтарын, қарындаштар,аңдардың суреттері).
Біз бүгін жеті лақ пен қасқыр ертегісін еске түсіреміз.Жеті лақ ертегісін балар әңгімелеп береді.(теледидардан ертегінің слад көрсетіледі) Ендеше бүгінгі оқу қызметінде жеті лақты қасырдан құтқарайық.Ол үшін қасқырдың тапсырмаларын орындайық.
Қасқырдың бірінші тапсырмасы:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар:қандай күндер?
2 тапсырма
Оң жағыңа 7 дөңгелек қой
Сол жағыңа төртбұрыш қой
Дөңгелек қанша болса, төртбұрышта сонша ма?
Қалай теңестіреміз 7=7
3 тапсырма
1.Екі торғайдың қанаты нешеу -4
2.Жеті жылқының басы нешеу -7
3.Бір иттің аяғы қанша-4
4.Үш баланың қолы нешеу-6
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
4. тапсырма
Қызыл түсті қарандашпен 6 түзу сызық сыз.
Көк түсті қарандашпен 1 түзу сызық сыз.
Қанша сызық сыздың.
Қызыл түсті қарындашпен 4 түзу сызық сыз.
Көк түсті қарындашпен 3 түзу сызық сыз.
Қанша сызық сыздың .
5.тапсырма
Суреттер бойынша санау.Реттік санау,кері санау.
1,2,3,4,5,6 . 6,5,4,3,2,1
6. тапсырма
Жаңбырдан соң жаңарып,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте түрлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат.(Кемпірқосақ)
Кемпірқосақ түстерін атайық.(7 түрлі түс)
7.тапсырма
Тәулікте неше мезгіл бар?
Ұйқыдан тұрамыз,
Жаттығу жасаймыз,
Беті – қолды жуамыз.
Балабақшаға келеміз.(Таңартең)
Оқып біліп аламыз,
Серуенге шығамыз.
Тамақ ішіп аламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз.(Түс)
Ұйқыдан тұрамыз,
Жеңіл тамақ ішеміз.
Серуенге шығамыз,
Ойынға қанамыз.(Бесін)
Серуенде жүреміз.
Ән айтамыз күлеміз,
«Апай сау болыңыз» деп
Үйге кетеміз.(Кеш)
Үйлерде шам жанады.
Маңай тастай қараңғы,
Ертегіні тыңдап.
Тәтті ұйқыға батамыз.(Түн)
- Балалар біз қасқырдың қанша тапсырмасын орындадық (7 жеті)
Біз лақтарды қасқырдан аман алып қалдық
Біздің бүгін танысатын санымыз 7 саны екен.
7 саны неге ұқсайды?
7 саны қазақта киелі сан болып айтылады
Таяқшаны алып санату
Дәптермен жұмыс
7 санын ауада тақтада жазып көрсету
-Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?
-Қандай санмен таныстық?(7 санымен)
-Сабақ ұнады ма?(ұнады)
Ендеше сыйлықтарды ала қойыңдар.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 126
22 сәуір, 21:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
«Ана - өмірдің шуағы»
«Бозанбай орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 92
авторы: aigul_1012
20 сәуір, 21:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Алишева Айгуль Умирбекқызы
Қарасай ауданы, "Н.ӘЛімқұлов атындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталықпен" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті

Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы рефлексивтік есеп
Қазіргі қоғам өз ісінің шебері, өз ойын тұжырымдай алатын, сөйлеу жетік, айналасындағылармен тіл табыса алатын, ойы жүйрік, жеке тұлғаны қажет етеді. Ол тұлға қазіргі біз тәрбиелеп отырған оқушыларымыз. «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1381
авторы: Samal19830903
18 сәуір, 16:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Муканбетжанова Самал Мизамгалиевна
БҚО Шыңғырлау ауданы Полтава ауылының
бастауыш сынып мұғалімі.

Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Е дыбысы мен әрпі.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 107
авторы: maruan
14 сәуір, 23:04 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Жанбауова Маруан Сакеновна.
Ақтөбе облысы. Жансен Кереев атындағы орта мектебі

Тақырыбы Геометриялық салулар туралы түсінік
Мақсаты Салу есептері циркуль мен сызғыштың көмегімен, ізделініп отырған нүктелердің координаттары операциялар (қосу,көбейту, бөлу және квадрат түбір табу) саны шекті болып келген өрнек түрінде жазылса ғана шығарылады.
Жалпы мақсат Циркуль мен сызғыштың көмегімен шығарылатын кез келген салу есебін бір ғана циркульмен не сызғыштың (кейде бұрыштықпен) өзімен де шығаруға болады.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 257
авторы: Гулбахыт
13 сәуір, 19:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Алиаскарова Гулбахыт Маратовна.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы
Горьковский орта мектебі.Дүниежүзі тарих

Сабақтың тақырыбы: Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары мен Грекия қала-мемлекеттері
Уақыты:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларға Грекияның орналасқан жері, табиғаты, Крит-Ахей мемлекеттері, Афины және Спарта қаламемлекеттері туралы білім беру.

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 142

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қараша 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама