авторы: Merlan
28 қаңтар, 19:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс индустриалды колледжі
химия пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Нсанова Т.К

Cабақтың тақырыбы: Металлургия. Өндірісте металды алу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
1. Металдарды алудың негізгі тәсілдері және
металлургия туралы түсінік беру.
2.Металдардың алу жолдарын химиялық
реакция теңдеулермен сипаттай білу
және өндірісті есептер шығару
дағдыларын қалыптастыру.
3. Өз бетімен жеке жұмыс жасуға,
бірін-бірі бағалауға тәрбиелеу.Кәсіптік
бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, география.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: Химиялық диктант, сұрақ-жауап,тірек- сызбамен талдау, СТО стратегиясының элементтері.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 6573
авторы: Merlan
28 қаңтар, 19:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Юбилейный селосы
Госплемстанция негізгі орта мектебі
биология пәнінің І санатты мұғалімі
Альмуханбетова Д.Ж

Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызмететрі туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылыс мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1913
авторы: Merlan
28 қаңтар, 19:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Юбилейный селосы
Госплемстанция негізгі орта мектебі
биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Әлмұханбетов Ғ.С

Гүлдің құрылысы.
Биология пәнінен 6-сыныпта «Гүлдің құрылысы» тақырыбында ойын түріндегі аралас сабақ өткіздім. Сабақта оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 6274
авторы: Merlan
28 қаңтар, 19:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО, Орал қаласы, №41 жаратылыстану-математикалық
бағытындағы мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі
Ардак Надырханова

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектердің негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жай бөлшектің негізгі қасиеті, бөлшектердің теңдігі туралы барынша толық ақпарат беру. Көрнекіліктер арқылы көрсету, деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге, мұқияттылыққа, жылдамдыққа, математикалық тілде сауатты сөйлеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, логикалық ойлау, елестете алу қабілеттерін дамыту.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2191
авторы: Merlan
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Юбилейный селосы
Госплемстанция негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Альмуханбетова Д.С.


Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Матемаика пәнінен логикалық есептер. 1-4 сынып
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 3148
авторы: Alfiya
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО Орал қаласы
Круглоозерный ОЖББ мектебі
бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы: Өз тіліңді құрметте!
Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін шыңдау.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Өз ана тілін құрметтеуге баулу.

Барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халқының тіл мерекесінің он күндігі жалғасуда. Бүгін 7-8 сыныптар аралығында өтетін «Өз тіліңді құрметте» атты «ХХІ ғасыр лидері» танымдық ойынымызға қош келдініздер!
Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,
Жөргекке былдыр қағып күлген тілім.
Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен
Жүрегіме, қаныма сіңген тілім
Жанымды жадыратқан бала тілім,
Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,
Жаралып жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана тілім - деп ойыншыларымызды таныстырып өтейін.
Мақсотова Құралай
Кушеккалиева Гүлшетай
Кенжегалиев Елжан
Төлеев Аблай
Нариманов Қайсар
Сариев Төлеген.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2067
авторы: Merlan
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Адамгершілік-асыл қасиет
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Юбилейный ауылы, Госплемстанция негізгі орта мектебінің
кітапханашы Урынбаева Эльмира Т.

Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»
Мақсаты: а) Оқушылырға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір
заңдылықтарын білуге үйрету;
ә) Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып,
оқушылардың рухын байыту;
б) Адамгершілік қасиетерді сезіне білуге және үлгі етуге
тәрбиелеу.
Әдісі: Конференция
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, нақыл сөз, кесте.
Барысы:
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Қолдарында гүл болады. Осы гүлдерді бір-біріне ұсына отырып, тілек айтады.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 6948
авторы: Alfiya
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Тема: «И пробуждается поэзия во мне…»
Цели: Прививать интерес к русской, английской и казахской литературе, учить понимать
красоту поэтического стиха и классической музыки.
Развивать навыки выразительного чтения, актерского мастерства.
Воспитывать эстетические чувства, вежливость, культуру речи.
Форма мероприятия: Литературная гостиная.
Оборудование: портреты, слайды, интерьер пушкинских времен, свечи, перо, лампадка.

Звучит вальс. Хозяйка салона у пианино. Первые слова произносятся на фоне вальса.

Айгерим: Дамы и господа! Уважаемые гости! Сегодня наша гостиная открыта для всех, кто любит и ценит поэзию. Пусть сегодняшний праздник наполи ваши сердца радостью и любовью к великим людям. Пушкин и Абай. Творчество этих людей дарит нам любовь и свет.
(Девушки в бальных танцах исполняют танец в стиле менуэта, танцоры вносят горящие свечи в красивых подсвечниках и знаменуют начало вечера)

Асель: Господа, разрешите представить вам первого гостя.
(Исполняется музыкальное произведение на домбре).

Айгерим: Звук напевной домбры переносит нас на бескрайние просторы казахской степи, где звучат стихи великого Абая.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 810
авторы: Merlan
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс индустриалды колледжі
физика-информатика пәнінің І санатты оқытушысы
Роза А.Т.

Сабақтың тақырыбы: §8.1. Электр заряды. Электрлену. Электр
зарядының сақталу заңы. §8.2. Кулон заңы.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңын электростатика заңын ашқан Кулон заңымен байланыстыра отырып айырмашылығын ескеріп, оқушыларға Кулон заңын тұжырымдау және осы заңды анықтайтын формуланы жазып оны есепке қолдана білуге үйрету. Кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мағынасын түсіндіру.
Нүктелік заряд ұғымын материялық нүкте ұғымымен салыстыру. Оқушыларға пропорционалдық коэффициент, электр тұрақтысы, диэлектрик тұрақтыларының өлшем бірліктері туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың нақты және жүйелі ойлау қабілетін, өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі бағалауын және сабаққа деген ынтасын дамыту.
3) Тәрбиелілік: Оқушылардың жауапкершіліктерін жетілдіру, өз күшіне сенім арттырып, үлкен жеңістерге жетуге тәрбиелеу.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 7757
авторы: Alfiya
28 қаңтар, 18:01 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО Орал қаласы
Круглоозерный ОЖББ мектебі
бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірімен
таныстыру.
Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке еліміздің білікті, білімді азамат
болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: ой қозғау, сөздік жұмыс
Көрнекілігі: Әл- Фараби суреті, сызбалар, кітаптар, суреттер, слайд.

Эпиграф
Тәрбиесіз берілген білім
- адамзаттың қас жауы
Әл - Фараби

Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын «Тақия тастау»
- Әңгіме қалай аталады?
- Ағайын екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?
- Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта?
- Сырдың сипатын тауып оқы?
- Ағайынды екі жігіт Сыр өңіріне қоныстанғасын, нені кәсіп қылды?
- Сыр өңірі, жері мен суы туралы қандай өлең, ән білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
«Сағыныш» сөзін кім қалай түсінеді?
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2249

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама