авторы: Гулбакит (18 мам, 01:05 жарияланды)
Тақырыбы: Мысық-үй жануары.
Тақырыптың өзектілігі: Пештің түбінде пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың қасиетін,қыр-сырын көбіміз біле бермейміз.Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным сенiмдер әлi де бар.Онымен қоса емдік қасиеті мол деген пайымдаулар шындыққа жанаса ма?Бұл үй жануарының қандай ерекшеліктерін білеміз ?
Зерттеудің мәселесі.Менің зерттеу жобамды алу себебім:Мысықтың адамға деген пайдасы,шығу тарихын,оның басқа жануарлардан ерекшелігін атап көрсету.Неліктен қаңғыбас мысықтар көбейіп кетті?Адамның санасына байланысты ма?әлде басқа жағдайлардан ба?Сонымен бірге адам баласына үй жануарына аяушылық сезімін ояту,қатегіздікке бой алдырмау..
Зерттеу болжамы: Өзімнің тұрып жатқан үйімдегі мысықтың өмір сүру жағдайын фотоға, видеоға түсіріп,күнделікке белгілеп отырдым,кітапханаға барып материалдар жинақтадым.
Зерттеу пәні:Дүниетану
Зерттеу объектісі:Үйдегі мысық

Зерттеу мақсаты: Мысықтың шығу тарихы туралы деректер іздеу. Олардың түрлерін,ерекшеліктерін анықтау. Ауыл адамдармен сұхбаттасып қаңғыбас мысықтар неге көбейіп бара жатқандығы,мысыққа деген көзқарастары туралы пікірлерін білу.
Зерттеу міндеттері: Менің міндетім барша адамға мысықтың пайдасын көрсету. Жануарларды қорғау мәселесін қозғау.
Зерттеу әдістері:Зерттеу жұмысын талдау,жинақтау,сипаттама жасау, бақылау күнделігін толтыру ,материалдар жинау,фотоға,видеоға түсіру,сұхбат алу,мысықтың бейнесін жапсыру.
І.Кіріспе бөлімі.
Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.
Біздің эрамыздан бұрынғы ІІмың жылдықта Ежелгі египетте мысықты кеміргіштерге қарсы күрес үшін өсірген.Ол кезде мысықты құдайдың жаратқан тіршілік иесі деп қасиет тұтқан.Сол кездерде жасалған мысықтың мүсіндері куә. Храмның айналасына жерленген мысықтың мумиялары табылған. Ал орталық Европаларда мысықты перілердің қолдаушысы деп оларды отқа жағып,өлтірген.Сондықтан бұл жерлерде оба эпедемиясы лезде тарап кетті. Өйткені оны тасымалдайтын кеміргіштер көбейіп кетті.Ежелгі Орыс провославиясында мысық игіліктің белгісі және үйді сиқырлы зұлым күштен қорғайды,о дүниедегі аруақтармен тілдеседі деп иланған.Қытайдың кейбір аймақтарында,Кореи, Вьетнамда мысықттың етін жеуге пайдаланған.Ислам діндерінде мысыққа қатысты мынадай аңыздар бар.Мұхаммед пайғамбардың ақ мысығы болған.Мұхаммед пайғамбар дұға оқып болғаннан кейін мысығына қараса, ол пайғамбардың етегіне ұйықтап қалған деседі.Мысығын оятпау үшін етегін кесіп қалдырған деген аңыздар тараған.Жануарлардың ішінде мысық мешіттерге кіруге рұқсат етілген.
ІІ.Зерттеу бөлімі. Үй мысығының дене құрылысы,тіршілік жағдайы.
.Мысықтың денесінен, басқа сүтқоректілерден де байқалатын, бас, мойын, тұлға, құйрық , алдыңғы және артқы аяқтарды айқын ажыратуға болады .
Мысықтың басына назар аударсақ: екі құлақ қалқаны көрінеді. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері бірден көзге түседі.
Қорегін аулағанда дыбысын , сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән. Мысықтың денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындата-ды, тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, мысық баласын сүтпен қоректенді-реді.
Мысықтың терісінен түкті жамылғы өсіп шығады. Оны денесіндегі түкті жамылғыны аяғымен тазалап, жуы-нып отырған мысықтан анық көруге болады. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді.
Мысықтың түкті жамылғысы біркелкі түктерден құрал-маған: жуандау және ұзын түк қылшық деп, ал қысқа жұмсақ түк — мамық немесе түбіт деп аталады. Қылшық жүн түбіттің қыр-қылмауына және бірімен-бірінің ұйысып қалмауына септігін тигізеді, ал түбіт денедегі жылуды сақтайды. Түкті жамылғысы бар мысық жылына екі рет жүнін алмастырып, түлейді.
Мысықтың бұлшық еті орналасу ретіне байланысты сан алуан қызмет атқарады. Бұлшықеттер әсіресе аяқ, бел, арқа бөліктерінде жақсы дамыған, сондай-ақ ұстаған жемін шайнағанда жақсүйектерді қимылға келтіретін шайнау бұлшықеттері де жақсы жетілген.. Барлық жыртқыш жануарлар тәрізді мысық етпен қоректенеді. Мысық тышқанды немесе құсты олжалаған кезде оны тісімен жұлқылай бастайды. Ол иттісімен кемірушінің омыртқа жотасын үзіп, азу тісімен мылжалайды, ал сүйектегі етті алдыңғы жағындағы күректістерімен тазартады.
Мысық ауызға түскен қоректі тілімен қимылдатып, дәмін сезініп, сілекей бездерінен бөлінген сұйықты — сілекеймен шылайды . Сөйтіп, қорек жұтқыншақ арқылы өңешке түседі, ал өңеш қарынға жалғасады. Мысықтың мұрты - сезім мүшесі ретінде тек дыбысты ғана емес, сондай-ақ биоқуат толқынын сезеді. Оның көріп байқауы өте жоғары деңгейде. Тас қараңғыда және тыныштықта мұрты - антенна арқылы бәрін сезіп біліп тұрады.
Мысықтың иіс сезу мүшесі адамға қарағанда екі есе күшті дамыған Мысықтардың көру мүшесі адамдардың көру мүшесіне қарағанда жақсы жұмыс істейді. Өйткені олар қараңғыда да көздері жанып, біз көрмейтін заттарды көз нысанасына ала алады.Кешке қарай көздері үлкейеді. Мысық адамға тез үйренгіш. Мысықтың көзінде тапетум деп аталатын сәуле орналасқан.Тапетумі бар мысықтардың көздері жасыл түске енеді.Тапетум қабаты арқылы жарықсезгіштігі адамға қарағанда7есе арттып қараңғылау жерде жақсы көреді ,ал өте жарықта нашар көреді.Көзінің қарашығы қараңғылауда үлкейіп,жарықта тіке сопақтау болып кішірейеді.Қараңғыда көзі жанады,тасқараңғыда мысық көре алмайды.
Есту мүшесі дамығаны соншалық ,көздері жұмық кезде қасында өтіп бара жатқан тышқанның шиқылын,сыбдырын естиді. Мысықтың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 14 жыл.Бірақ Крим Пафф деген мысық 38 жыл өмір сүрді.Гиннесс рекордтар кітабына 39 жастағы Люси деген мысық енді.Мысық тазалықты сүйетін жануар.Ол күніне 10 рет жуынады және сілекейі тазалаудың тәсілі. Мысықтың ұйықтау ұзақтығы 14-16 сағатқа созылып,түсте көре алады.Үй мысығы әртүрлі дыбыс шығарады: мияулайды, пырылдайды,пысқырадыт.б.Мияулағанда адамды өзіне қаратып тамақ сұрау,бір жері ауырып тұрса, ойнағысы келсе,сыртқа шығуға сұрану т.б.Ал пырылдау кезінде мысықтың көзі жұмылып еркелейді,бір нәрсеге риза болғандай кейіп танытады,мәулендермен қауышқанда т.б Екі мысық төбелескен кезде адам құлағына жағымсыз дыбыстар шығарады.Бір нәрседен қорыққан кезде арқасын,құйрығын майыстырып,жүндерін тікірейтіп айбат шегеді.Егер мысықтың құйрығы жоғарлау болса көңіл-күйі жақсы,айналадағы ортаға жақсы көзқараста болады.Ал құйрығы әрлі-берлі қозғалып соққыланса ,қозғалып тұрса,ашуланып,жақтырмай тұрғаны.Үй мысығы шапшаң,епті аңшы деуге болады. Ол олжасын жалғыздықта аулағанды жақсы көреді.Олжасын қорқытып алмау үшін, ол үнемі үстіндегі иісін кетіру мақсатына тазалап отырады.Егер олжасын ұстап алса ,жасырын жегенді ұнатады.Зерттеулер бойынша мысық жылына ұсақ 57 кеміргіштерді аулайды екен.Содан бері зиянды кеміргіштерге қарсы күреске мысықты ұстаған.Бұған дәлел Ұлыбританиядағы премьер министердің резеденциясында қызмет еткен атақты британдық мысық Хамфриді атауға болады.Үй мысығы доппен,жіппен, қағазбен,таяқшамен,тіпті өзінің құйрығымен ойнағанды жақсы көреді.Әсіресе қозғалмалы заттармен ойнауға әуес.Олар әр түрлі жастарда да ойнай береді.
Мысық бір үйде үйренген жануармен достаса алады,тіпті тышқанменде бірақ, алайда ойнаған кезде аңшылық кезіндегі әрекетке түсіп байқаусыздан тышқанды жеп те қою ғажап емес.Ал ертегіде мысық пен ит бір-біріне жау деп те айтады.Бірақ бір үйде тұратын кейбір мысық пен ит достасады немесе бір-бірінен иесін қызғанып қас та болады.Көбінесе қаңғыс ,аңшы ,күзетші иттер мысықты көрсе талап,өлтіруге дейін барады.Ал аналық мысықтар мәулендерін қорғағанда әліне қарамай үлкен иттерге айбат шегіп ,шабуыл жасайды.Адамдар үй мысығын бала сияқты күтеді.Сондықтан үнемі адамның қасында жүргендіктен,адамның әрекеттерін істейді.Мысалы: төсек көрпеге барып жатады.Адамның тілін тез түсінеді..
Мысықтар арқасымен құламайды. Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».
Мысықтың түрлері
Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады. Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады. Көбеюі.Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн. Мысықтарда жүктілік 55-60 күнге дейін созылады. Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына 2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болған-дықтан, оның табиғи қажеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салынған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді. Мысықтарда шағылысу жылына бірнеше рет және шағылысу ұзақтығы 4-7 күнге созылады.Шағылысу кезінде мияулап,заттарды тырналап,жерге жатып аунайды.Егер дүниеге келген мысықтар ауру,нысаналы болып келсе,анасы оларды тастап кетеді.Егер ұяда кішкетай мәулендер қорғансыз қалса,әкесі анықталмаған болса, бөтен мысықтар өлтіріп кетеді. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүм-кіндігінше шикілей), балық , сүт,өсімдік. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.
Мысықтар сиқырлы жануар ма? Адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», - деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», - дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.
Халықтың мұндай наным-сенімінде құпиясы толық ашылмаған сырлар көп. Өйткені, қандай да таным, түсінік тектен-текке пайда болмайды. Соған кейбір халықтардың ескі аңыздарында мысықтың үйдегі тылсым күштермен, үй иесімен сөйлесетінінің айтылуы, жазылуы нақты дәлел. Иә, қазір де көп адам, олардың ішінде тылсым дүние сырларын зерттеушілер: «мысық адам көзіне көрінбейтін тылсым дүниені көре алады, онымен байланыста болады», - деп ой қорытады. Олардың дәлелдеуінше, мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие. Мысықтың алдыңды кесіп өтуі саған кесірін тигізейін дегенінен емес, керісінше, сені төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып, сездіргені, осылайша өзіңді қорғауға тырысқаны. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, қара түсті мысықтар өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсым күштерге қарсы тұруға өн бойында қуаты мол, әрі өте қабілетті. Сондықтан да бірқатар экстрасенстер үйлерінде тек қана қара мысықтарды ұстайды. Олай болса, қара мысықтың теріс энергияны жұтып алатын қасиетін біліп, оны ұнатпауымызды қоялық. Алайда есте болатын бір жағдай, мысық иесіне ит тәрізді сенімді де адал серік бола алмайды. Өйткені мысық әубаста жер бетінде тышқан аулау үшін емес, басқа мақсат үшін жаратылған. Яғни, оның негізгі мақсаты: бойындағы таңғажайып сиқырлы күшімен, ерекше қасиеттерімен өзі тұратын үйді жын-шайтаннан, теріс энергиядан сақтау. Егерде бөтен бір мысық үйіңе келіп, ішке енгісі келсе, оны кері қумау қажет. Себебі, ол өзінің сиқырлы қызметін жүзеге асырып, сол үйді аластау үшін іздеп келіп отыр. Бұл әрине, тылсым күштерді зерттеушілердің пікірі. Оған сену, сенбеу әркімнің өз ықтиярында. Мысықтың құпия қызметін, қасиетін зерттеп, ой-пікір айтушылардың әңгімесіне назар аударсаңыз, «мысықтар өз иесін өлімнен де арашалап алып қала алады». Бұл орайда олар Леонид Ильич Брежневтің қара мысығының оны екі рет ажалдан сақтап қалғанын мысал етеді. Бұл оқиғалар былай болған көрінеді: Л.И.Брежнев 1969 жылы Үндістанға іс-сапармен барады. Сонда Далай-Ламамен кездеседі. Ол Бас хатшыға ерекше қасиеті бар бір қара мысықты сыйға тартады. Бір күні әлгі мысық иесін жұмысқа жібергісі келмей, оны айналшықтай береді. Мысығының бір жаманшылықты сезгенін іштей ұққан Брежнев қызметтік автокөлігіндегі өзі отыратын орынға емес, басқа орынға отырады. Бас хатшының автокөлігі апатқа ұшырап, өзінің орнында отырған адам жанындағысымен бірге ауыр жарақаттанады... Келесіде қара мысығы тағы да оның жолын кес-кестеп, шыр айналып, жаманат хабарды сездіреді. Бұл жолы Бас хатшы жұмысқа бармай қойып, сол күні автокөлігі жүк машинасымен соқтығысып, жүргізушісі опат болады. Л.И.Брежневтің қара мысығы 1962жылдың көктемінде өліп, екі айдан соң иесі де көз жұмады. Медицинада пайдасы. Мысықтың соңғы кезде мысықтың шипалы емінің мүмкіншілігі ғылым зертеулермен анықталуда. Әсіресе ұзаққа созылған жүйке және психикасы бұзылған жандарға шипалы емнің әсері айтарлықтай. Мысықтар адам денесіндегі дертті емдеп қоймай, жандүниесін жадырататын шипалы әсерімен де ерекшеленеді.Егер сіз буын дерті немесе жүйке ауруына ұшырай қалсаңыз, қатесіз анықтап, ауырған тұсқа жақындатып қысыңқырап жатқызып жылытады. Мысық ауырған нүктені тауып, әрі жайғасып орналасады да, көзі жұмылып, үдете пырылдап еміне кіріседі. Мысықтың пырылдаған баяу дыбыс тербелісінің ауруды басуға ықпалы мол. Сөйтіп, ауырған дене бөлігіне тырнағын тигізіп, біртіндеп мамықтай табанымен сипап, уқалап, массаж қимылымен сырқаттың бетін қайтарып, жанын жадыратады. . Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді». Көптеген жағдайда, әсіресе жүректің ұстамасы қысылуы мен қан қысымының тым жоғарылау қаупін бәсеңдетіп, жеңілдетеді. Үй мысығы ауру иесінің жанынан бірнеше сағат бойы кетпей, су да, тамақ та ішпей тек ауру жеңілдегенде ғана тынышталады. Жалпы адамдар қан қысымы көтерілгенде мысыққа сипалатқаны жөн. Бұл, әрине қосымша пайдалы - шипалы шара. Бірақ қажетті дәріні алуға қарсылық етілмейді.Үй мысығы сіздің ағзаңызды қалпына келтіруге тырысады.Мәліметтерді талдау нәти¬жесінде бір жасқа толар-толмас шағынан ит-мысықпен ойна¬ған балалардың есей¬генде аллергиялық ауруларға шалдықпағаны белгілі болды.Дегенмен ғалымдар бүлдір¬шіндердің ит-мысықтармен жиі ойнауы олардың ден¬саулығына зиянды болуы мүмкін екенін де жоққа шы¬ғар¬майды. Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой. Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия! МЫСЫҚТАР СПИД ДЕРТIН ЕМДЕМЕК Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Соның бірі мысықтардың СПИД-пен ауыратыны. Тек, таңқаларлығы, мысықтар СПИД-тен өлмейді. Және де мысықтардың СПИД-ке қарсы иммунитеті бар. Ең бастысы, мысықтардың СПИД-і адамдарға жұқпайды. Ғалымдар гендік инженерия арқылы иммундық жетіспеушілік вирусына қарсы ген ендірілген мысықтар әлемді бұл қатерлі дерттен құтқара алады дейді. Ғалымдардың айтуынша, осы зерттеу бойынша келешекте ғасыр дертіне қарсы дәрінің ойлап табылуы әбден мүмкін.
Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Мысықтан жұғатын жұқпалы аурулар Мысық аурулары Негізінен, жұқпалы ау рулармен мысықтың балалары жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтырады. Мысықтан адамға жұ ғатын қауіпті аурулар: құ- тыру, қотыр жара, түберкулез,қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұ- рады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады. Баланы үй жануарларымен байланыстыруға мүмкін қатынастары тәрбие беру жағынан сөзсіз дұрыс. Әншейінде үй жануарлары тілалғыш және балалардаң кішкене зәбір көрседе, олармен ойнайды, Жараға инфекция кіргізіп, мысықтар тырнауы мүмкін; мысық баланың көзін жалаған да оқиғалар болды. Басқа күдік – үй жануарлары қылшығы арқылы, адамға инфекцияның неше турін жұқтыру. Жануарлар керуетте немесе баланың бөлмесінде жатпауы тиіс. Оларды жиі және мұқият жуу керек, уақтылы мал дәрігерге көрсетіп, оны егу қажеттімысықтан жұғатын аса танымал инфекциялар - ол құтырғандық және қышыма. немесе мысықтың жасаған сызаты арқылы, дәл осындай да сіреспе жұғуы мүмкін. Әсіресе бұл аяғы ауыр әйелдерге күдік әкеледі.
Қаңғыс мысықтардың көбеюі неліктен? Жалпы жаратушы мысықты адамға үйiр етiп, соның жауапкершiлiгiне жүктеген сияқты. Алайда адамның санасы өзгердi ме, әлде қолына үйреткен хайуанның обалынан қорқудан қалды ма, әйтеуiр қалада,ауылда қаңғыбас мысықтар көбейiп кеттi. Аласы, қарасы, тарғыл, жирен марғаулар беймезгiл мияулап, қоқыс салатын жәшiктердi ториды. Бәрiнiң де халi аянышты. Жүндерi жалбырап, кiр басып, аурудан жүдеген. Байқағаным, жаңа салынған тұрғын үй кешендерiнде емес, ескi үйлердiң маңында жиiрек кездеседi. Егер мысық бiр жерден айналшықтап кете алмай жүрсе, иесi де сол жерлерде тұрып жатса керек. Біріншіден адам санасынан,екіншіден хайуандардың санағын жүргізбегендіктен,арнайы қаржы бөлінбей, орын ашпаудан,қатегездіктен т.б әрекеттерден туындап отыр. Қаңғыс ит-мысықтардың көшелерде қаптап жүруіне адамдардың өздері кінәлі. Қоғамдық ұйым өкілдерінің сөзінше, көпшілік тұрғындар хайуанды кішкентай кезінде асырап, үлкейген кезде қызығушылығы басылып, қаңғытып жібереді. Ал кейбіреулер ит-мысықтарының жаңа туған балаларын қатігездікпен далаға лақтырып тастайды. Сондықтан, бұралқы төрт аяқтадыдан қазір көшеде аяқ алып жүру қиын. Адамға да қауіпті.Жалпы, мысық атаулының жағдайын кiм ойлайды? Әрине, ветеринарлық қызмет. Оның қалада бiрнеше клиникасы бар. Бiрақ мұның бәрiнiң көшедегi кезбе мысықтарға қатысы жоқ. Олардың санын бiлiп, көбеймеуiн қадағалап отырған да ешкiм жоқ. Жануарларды қорғау қоғамы белсендiлерiнiң «пана» жасаймыз деп елден қаражат жинап, даурыққаны да көңiлге қонбайды. Егер тиiстi органдар бұл жайтты қаперiне алмаса, жылына екi рет көбейетiн жабайы мысықтар қаланы,ауылды басып, әртүрлi ауруды тарату көзiне айналуы әбден мүмкiн. Бiрақ қалада мұны ойлар тиiстi мекеме бар ма екен? Менiңше жоқ.
ІІІ.Қорытынды. Осы жұмысымды қорытындылай келе алла тағала адамға мысықты үйірсек етіп жаратқандықтан,мысықтарға мейіріммен қарап,қатегездікке бой алдырмай өсіруге міндетті.Олардың біздерге де пайдасы баршылық.Егер олар жер бетінде жойылып кетсе,табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып,зиянды кеміргіштер көбейіп,әртүрлі,қауіпті аурулар таратар еді.Адамның емшісі, әрбір үйге қуаныш сыйлайды.Міне, үйдегі мысығымның түсініксіз әрекеттерін енді түсіне бастағандаймын.Зерттеу жұмысы әріқарай жалғасын табады деп сенемін. Назарларыңызға көп-көп рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер:Ол кім? Бұл не? Энциклопедиясы,
Айгөлек журналы№3 2009ж
www.astana-akshamy.kz

«Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
Т.Сұлтанқұлов «Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары»
.
  • 0
 қаралды: 1444
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама