Жарнама

авторы: Гулбагида Биляловна (30 наурыз, 16:03 жарияланды)
Туған ауыл, сенімен үлгі етемін,
Сенімен, мәңгімін текті елім
Сағынышым мазалайды әр күн сайын,
Жанымды өртеп, балалық балғындығым.

Туған жердің мәңгілік жыр әні де,
Жаттап өсем, жасымнан жүрегімде.
Мәңгі менің бақытым, тек өзіңсің,
Туған жерім, Отаным тірегімде.

Туған жер деп мен жырлаймын, талмаймын,
Өмірімді мәңгі саған арнаймын.
Үлес қосар болашаққа мәңгілік,
Жарқын жүзді ұландарды қолдаймын.

Өмір маған құшағын жайса деймін,
Жарқылдатып, жалынын найзағайын,
Қалыспаймын қашанда елім үшін
Махамбеттер ұстаған найза дайын.

Анық басам, ізімді туған жерде,
Адалдықпен өтеймін, қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда
Ерінбеймін, өтеуден парызымды.

Қаділі екенсің, сен неткен,
Жүрегімді әсем әнмен тербеткен.
Арман атты ұлы кеме желкенін,
Сенде көріп, нық сеніммен ер жетемін.
  • 0
 қаралды: 302
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама