авторы: baurjan84 (19 қаңтар, 09:01 жарияланды)
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:


Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

1.1.8 Растырлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.
Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.
Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады.
Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды – құрал палитрасы:
• қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.
• Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.
• Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, ьейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады.
• Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктері қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.
• Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнәі анықтайды.
• Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.
• Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған.
• Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.
• Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.
• Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.
Бағдарламаоық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Филтрлеу алады.

Векторлақ графикалық бағдарламалар
Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.
Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады.
Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті – басқару қадамын өтеді. Сіз бұл контурларды қисық және нүктелердің математикалық модельдердің көлемімен пайда болғандықтан кез келген өлшем беріп құра аласыз.
Жаңа мүмкіндіктердің қатарына көптүсті градиентті бояуды жатқызуға болады. Байланысқан түстерді қызыл саршыл түске өзгерте алады. Барлық байланысқан түстер автоматты түрде өзгереді. Көпқабатты түстік интерактивтік түсті «диапозитивтер» ерекше тереңдікті қамтамасыз етеді және сіз вкеторлық бейнені векторлық графикалық файл көлеміндегі растрлық бейнеге ауыстыра аласыз.
Соңғы пакет негізіндегі ұстаным толығымен векторлық графика жйында ойын өзгертеді. Corel Xara 1.5 визуализацияға сапалы жаңа қадам жасайды. Fractal Design фирмасындағы Expression 1.0 пакеті контурды басқа да қиын векторлық графикалық бейнелерді жасауға мүмкіндіе берді. Көп жағдайда қарапайым иллюстрацияларды құру үшін Corel және Lotus бағдарламаларын қолдануға болады.
Corel Draw 8-9
Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo – Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. «Лупа» құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ – ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo – Paint-қа қасады.
Бірақ барлығы ойлағандай оңай емес. CMYK түс моделін қолданған кезде Corel Draw-да келеңсіз жағдайлар пайда болады, бірақ бағдарлама Kodak CMS түс басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.
Ең жақсы құралдарға қарамастан Corel Draw-да жетіспеушіліктер де жоқ емес. Құралдардың кең тараған жиынтығы бұл пакетте сурет салу үшін қолайлы, бірақ баспа беттері және Web беттер бұл пактті қолдану мүмкіндігін шектейді.
Micrografx Designer 7
Бұл өте қарапайым, көптеген мәтіндермен оңай жұмыс жасайтын бағдарлама. Designer пакетінің сурет салу құрал – саймандар ортасы қолдануда ең қарапайым болып табылады. Corel Xara сияқты Designer-де мәтінді редактрлеу терезесі қарастырылмаған. Қабаттардың арасын ауыстыру өте қолайсыз, бірақ әртүрлі форматтағы бірнеше бетерді қолдануға болады. Designer пакетінің құрамына растрлық филтрлар, эффекттер кіреді. Олар пиксельдерді OLE технологиясымен Picture Publisher құрылғысында редактрлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл пакет Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модулімен бірге қолдану үшін URL-ді объектреге қосты. Егер сіз жақсы сызбалар сызғыңыз келсе немесе интерактивті режимде жұмыс жасағыңыз келсе, ақпараттарыңызды өз Web бетіңізге орналастырғыңыз келсе, онда сізге осы пакетке тоқталуыңызға болады.
Macromedia FreeHand 7
Macromedia FreeHand 7 пакеті төрт түсті CMYK баспамен және Web ке арналған бінеше форматпен ерекшеленеді. FreeHand сіз нұсқаған түс тізімін ғана қолданады. Бағдарлама бірнеше кітапханалардан түстерді таңдауға мүмкіндік береді, яғни оның ішінде Pantone және Hexachrome. FreeHand сурет салу құралдары және мәтінмен жұмыс қажетті сұраныстарға жауап береді, бірақ шектелу бар. Бұл пакет интерфейсі объектіні толығымен емес, түйіндерді ғана редактрлеуге берілген. Әрбір Corel Draw-да орындалатын масштабтау операциялары, қайталаулар, жән деформациялар FreeHand құралдар жиынтығынан жеке құралды қажет етеді.
Графикалық мәліметтердің форматтары
Компьютерлік графикада бейнені сақтау үшін үш ондық форматты файлдар қолданылады. Бірақ олардың жартысы ғана стандартты «де – факто» болады. Сонымен қатар сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық файлдардан, үш өлшемді бейнелерден тұрады, бірақ басқа кластағы мәліметтерді сақтай алатын басқа форматтар бар.
TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғарғы сападағы растрлық бейнені сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . TIF). Кеңінен таралғандардың қатарына кіреді және көптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламалардың қолданысында. Монохромды ақ – қара түстен 32 разрядты CMYK түс бөліну моделіне дейінгі кең диапазонды қарастырады. 6.0 нұсқадан бастап TIFF форматында бейненің маскасы туралы мәлімет сақтауға болады. Формат көлемін кішірейту үшін LZW сығу алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының өзіндік форматы (файл кеңейтілуінің аты . PSD). Бірден – бір растрлық графиканың ақпаратын сақтауға арналған жақсы формат. Көптеген маскалар, қабаттар, канал параметрлерін есте сақтауға мүмкіндік береді. 48 – разрядты кодталған түстерді және әртүрлі түсті модельдерді қолдайды. Ең негізгі кемшілігі ақпаратты тиімді сығу алгоритімінің болмауы.
PCX. Формат Z – Soft фирмасының PC PaintBrush бағдарламасындағы растрлық мәліметтерді сақтау үшін пайда болған және бірден – бір кең таралған болып табылады (файл кеңейтілуінің аты . PCX). Көптүсті бейнелерді сақтау мүмкіндігінің болмауы, түс модельдерінің жетіспеуі және басқа да кемшіліктері форматтың кеңінен таралуына кедергі болды. Қазіргі уақытта ескірген болып табылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Формат растрлық бейнеледі сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . JPG). Файлдарды сығу дәрежелерінің арасындағы байланысын және бейненің сапасын реттеуге мүмкіндік береді. Қолданылатын сығу әдісі қажетсіз ақпараттарды жоюға негізделген, сондықтан форматты электронды жариялауларды қолдану үшін ұсынылған.
GIF (Graphics Interchange Format). 1987 жылы бекітілген (256) түсті сығылған бейнені сақтау құрылғысы ретінде стандартталған (файл кеңейтілуінің аты . GIF ). өзінің сығу дәрежесінің жоғаллығының нәтижесінде Интернеттен жақсы орын алады. Соңғы GIF 89а форматты версиясы мөлдір фонды сурет құруға мүмкіндік береді. Түстің шектелуінің нәтижесінде бұл формат электронды жариялауларда қолданыла алмайды.
PNG (Portable Network Graphics). Салыстырмалы түрде жаңа (1995 ж.) формат. Бейнелерді сақтауға, Интернетке жариялауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . PNG). Үш типті бейнені қолдайды. Ақпаратты сығу жоғалтусыз өтеді. 254 альфа – канал дәрежесі қарастырылған.
WMP (Windows MetaFile). Windows опреациялық жүйесіндегі векторлы бейнені сақтауға арналған формат (файл кеңейтілуінің аты . WMP). Анықтауларға қарағанда осы жүйенің барлық қосымшаларын қлдайды. Бірақ стандартты түстер палитрасымен жұмыс істеу құрылғысының жоқтығы және басқа да кемшіліктері файлдың қолданысын шектейді.
EPS (Encapsulated PostSeript). Формат Adobe фирмасының PostSeript тіліндегі векторлық сияқты расторлық бейнелермен де жұмыс жасауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . EPS). PostSeript тілі әмбебап болғандықтан, файлда векторлвқ және расторлық графика, әріптер, маскалар, түстік палитралар бір уақытта сақталады. Экран бетіне векторлық графикадағы мәліметтерді шығару үшін WMP форматы, ал расторлықта TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме тек жалпы жағдайда шынайы бейнені бейнелейді. Бұл EPS – тың кемшілігі болып табылады. Шындығында бейнені арнайы бағдарламалар көмегімен шығару құрылғысы арқылы ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format) Adobe фирмасымен жасалған құжаттарды өңдеу форматы (файл кеңейтілуінің аты . PDF). Бұл формат құжатты толығымен сақтауға арналған. Формат ақпараттық - тәуелсіз болып табылады, сондықтан экран мониторынан фотоэкспонирлік құрылғыға дейін бейнені кез келген құрылғыда шығара алады.
  • 0
 қаралды: 10405
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама