авторы: Мөлдір Б (13 желтоқсан, 05:12 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі. Ф ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Балаларға В және Ф дыбыстары мен әріптерін таныстыру
Сабақтың міндеті:
1. В, Ф дыбыстарының айтылуын, жазылу артикуляциясын меңгерту.
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балаларды ізеттілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға, бір – бірін тексеруге дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: вагон, диван суреттері, фонарь суреті, алфавит, жеке оқушыларға арналған парақшалар, постерлер
Сабақтың әдісі: топқа бөлу, миға шабуыл, суретпен жұмыс, түсіндіру, дидактикалық ойын, дәптермен жұмыс, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, бір – бірін тексеру, кері байланыс
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сәлеметесіз бе?
- Сабаққа зейіндерін аудару
Оқу – құралдарының түгел болуына көңіл бөлу
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
Қол партада, жауырын, кеуде көтеріліп, тіке отыру, аяқ жерге тиіп тұру керек
2. Топқа бөлу
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу
Төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, шаршы
Төртбұрыш таңдаған оқушылар 1 топқа
Үшбұрыш таңдаған оқушылар 2 топқа,
Шеңбер таңдаған оқушылар 3 топқа,
Шаршы таңдаған оқушылар 4 топқа орналаса қойыңдар.
3. Миға шабуыл
Мақсаты: оқушыларды тез жауап беруге, ойын жинақтап айтуға дағдыландыру
Әр топқа бір – бірден сұрақ қойып шығу. Топ оқушылары ойларын тез жинақтап, сұраққа 1 минуттың ішінде жауап беруі керек
- Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
- Қандай жуан дауыстылар бар?
- Буын дегеніміз не?
- 3 буыннан тұратын сөз ойлап айт
II. Мағынаны тану
Мақсаты: В және Ф дыбыстарымен таныстыру, сөздегі орнын меңгерту, жазба түрін үйрету, топпен жұмыс жасату, ойлау дағдыларын дамыту, бір – бірін тексеруге дағдыландыру
1. Топпен жұмыс
Мақсаты: сурет арқылы сөйлем ойлату және сурет атауында таныс емес дыбысты таптыру
Әр топ алдына 4 сурет тасталады. Олар: вагон, велосипед, фонтан, телефон
Әр топтан бір оқушы осы суреттің атауын айта отырып, сол зат туралы әңгімелейді. Зат атауындағы таныс емес дыбысты табады.
Мысалы: Вагон – ол пойыздың бөлшегі. Вагонга отырып біз басқа қалаларға бара аламыз.Велосипед – жүру құралы. Велосипед айдау адам денсаулығына пайдалы. Фонтан - су бұрқағы. Ол көшелерде кездеседі. Фонтан адамға жақсы көңіл – күй сыйлайды. Телефон – байланыс құралы. Телефонмен адамдар бір – бірінің жағдайларын біліп тұрады.
2. В, Ф дыбыстарының орнымен, жазылу үлгісімен таныстыру
Оқушылар, В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездесседі. Мысалы, вагон, велосипед, вокзал, автобус
Ф дыбысы да орыс тілінен енген сөз. Ф дыбысы фонтан, фонар, телефон, телеграф сөздерінде кездеседі.
Енді осы дыбыстардың сөздегі орнын білу үшін оқулығымызға назар аударайық. В, Ф дыбыстары сөздің қай жерінде кезедеседі?
- Бұл дыбыстар сөздің басында, ортасында кездеседі. Ф дыбысы сөздің аяғында да кездеседі.
Дұрыс айтасыңдар! Жарайсыңдар!
3. Жазылу үлгісімен таныстыру
В әрпін жазу үшін бірінші тармағын Н әрпі секілді бастаймыз. Содан соң бір – біріне жалғасқан, оңға қарай жазылған екі шеңбер саламыз.
Кіші әрпін жазу үшін жолдың астынан бастап бір – бірімен қиылысқан екі шеңбер саламыз. Бірінші шеңбері сопақша пішінде жолдың үстінде тұрады, ал кіші шеңбері жолдың ішінде
Ф әрпін салу үшін жолдың үстінен бастап тармақша саламыз. Оның екі бүйіріне шартылай шеңбер саламыз. Кіші әрпі жолдың ішінде салынады.
Енді орнымыздан тұрып, екі қолымызды белімізге қояйықшы. Қандай әріпке ұқсаймыз?
Ф әрпіне
Дұрыс айтасыңдар!
4. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: в, ф дыбыстары бар сөздерге талдау жасай отырып, осы әріптерді жазуға қолдарын жаттықтыру
Әр топтан бір оқушы шығып алдындағы сурет атауын тақтағы жазып, дыбыстық талдау жасау, көпше түрге айналдыру
Вагон – 5 д, 5ә, 2 б, вагондар
Велосипед – 9 д, 9 ә, 4 д
Телефон – 7 д, 7 ә, 3 б
Телеграф – 8 д, 8 ә, 3 б
Осы жерде буын туралы ережені еске түсіріп кету
Тақтамен жұмыс аяқталған соң, топтар бір – бірінің жазғанын тексереді
5. Дидактикалық ойын:
Мақсаты: топпен жұмыс жасауға үйрету, ойларын ортаға салдыру, ойлау қабілеттерін дамыту
Әр топтан 1 оқушы шығып тақтамен жұмыс жасап жатқан кезде топ алдарына 4 сөз беру. Бұл сөздерден тағы қандай сөздер шығаруға болады? Оқушылар сөздің жан – жағына нұсқау шығарып жасаған жаңа сөздерін жазады
1 – топқа: Тәуелсіздік
2 – топқа: Үнемшілдік
3 – топқа: Қанағаттану
4 – топқа: Қайырымдылық
Әр топ сөз жасап болған соң, постерді келесі топқа береді, олар өздері тағы қандай сөз жасап шығарады, сол сөздерді жазады
6. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белгі қоямыз,
Оңға солға иіліп,
Бір – отырып, бір тұрып,
Орнымызды табамыз
7. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: оқушылардың сауатты жазуларын жетілдіру
Вокзал, автобус, Телефон, Велосипед сөздерін жаздыртып, осы сөздерді көпше түрге айналдыру
III. Қорытындылау
Мақсаты: алған білімдерін бекіту, кері байланыс жасау, нашар оқушымен жеке жұмыс жасай отырып, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру
1. Жеке оқушымен жұмыс
Топпен жұмыс жасағанда сабаққа қатыспай отырған нашар оқушыға жеке жұмыстар беру. Ол оқушыны анықтау үшін топ басшыларына сұрақ қою
Тобыңда жұмысқа қатынаспай отырған кім?
1 – топ оқушысына: Не? Сұрағына жауап беретін сөздер жазу
Жазу нормасы: 5 сөзден артық
2 – топ оқушысына: Неше? Сұрағына жауап беретін сөздер жазу
Жазу нормасы: 6 сөзден артық
3 – топ оқушысына: Гүл сөзіне сөйлем құрап, жаз
Жазу нормасы: Сөйлемде 4 сөзден көп сөз болу керек
4 – топ оқушысына: «Топтан бөлу классификациясын» қолдану
Берілген әріптер арасынан тұтас сөздерді тауып, астын сыздыру
Зщнкьытмсыныпзштммашинамгүлпгмвжшағашциощмысықримаяқрвижиһаз
Табу керек сөздер: сынып, машина, гүл, ағаш, мысық, аяқ, жиһаз
Бағалау нормасы: 3 сөз тапса 3-тік аға, 5 сөз тапса 4 – тік баға, 7 сөздің барлығын тапса 5 – тік баға
2. Кері байланыс
Оқушылар жеке жұмыс жасап жатқан кезде оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін сұрау
- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыстармен таныстық?
- Біз бүгін қанадй жұмыстар жасадық?
Сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау
  • 0
 қаралды: 2650
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама