авторы: С Марат (21 наурыз, 16:03 жарияланды)
Қысқа мерзімді жоспар [center][/center]
Пәні: Алгебра. Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: Екі өрнектің кубтарының қосындысын және кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу.

Сілтеме: Орта мерзімді жоспар, оқулық.
Жалпы мақсаттар: а)оқулық: оқушыларға екі өрнектің кубтарының қосындысын және кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу ережесін меңгерту, бұл білімдерін есептер шығаруда тиімді қолдана алуға үйрету;
ә)дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;
б)тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты болуға, тиянақтылыққа, әділ болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері:
- Оқушылар екі өрнектің кубтарының қосындысын және кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу формулаларын дәлелдеп көрсете алады;
- ережемен тұжырымдап айтып бере алады;
- бұл ережені қолданып көпмүшені көбейткіштерге жіктеп жаза алады;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.


І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа дайындық-тарын тексеру.
б) сынып оқушыларын топтарға бөлу.
ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.
2.1. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп өту.
2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту:
1) Екі өрнектің қосындысының квадратын көпмүше түрінде жазып беріңдер.
2) Екі өрнектің айырмасының квадраты неге тең?
3) Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
4) Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі неге тең?

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сабақ материалын сынып оқушыларымен топтасып жұмыс орындау көмегімен түсіну:
Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу үшін мына формуланы қолданамыз:
а3+в3=(а+в)(а2-ав+в2)
Бұл теңдікті дәледеуді теңдіктің сол жағынан оң жағының шығатындығын көрсетіп орындай аламыз.
а2-ав+в2 өрнегі айырманың толымсыз квадраты деп аталады.
Екі өрнектің кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу үшін мына формуланы қолданамыз:
а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)
Бұл теңдікті дәледеуді теңдіктің сол жағынан оң жағының шығатындығын көрсетіп орындай аламыз.
а2+ав+в2 өрнегі қосындының толымсыз квадраты деп аталады.

IV. Топтық жұмыс:
1-тапсырма: Екі формуланы дәлелдеуді орындаңдар.
2-тапсырма: Көбейткіштерге жіктеңдер:
1) m3 -8 = m3-23= (m-2)(m2+2m+4) ;
Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолдану.
Оқушылар тапсырманы берілген ақ қағазға топтасып орындайды.
Шыққан шешімді бірінші аяқтаған топ қорғайды.
1-2 тапсырмалар нәтижелері бойынша қорытынды пікірге келу. Оқушылардың сыни көзқарастарын тыңдау.

№403 есептің 1), 6), 11) нұсқаларын постерге орындау.
Амалдарды орындаңдар:
1) х3+у3=(х+у)(х2-ху+у2)
6) p3-q3=(p-q)(p2+pq+q2)
11) 1- x3=(1-x)(1+x+x2)

№404 1) нұсқасын топпен орындау.
Амалдарды орындаңдар:
1) 27-8a3 = 33- (2a)3=(3-2a) (9+6a+4a2)

4), 5) нұсқаларын жұптаса отырып орындату.

Жалпы сыныпқа ортақ тапсырма:
№406 есептің 1), 3) нұсқаларын шығарту.

Жекелей жұмыс.
№407 есептің 1), 3) нұсқаларын орындату. Топтар арасындағы есепті бірінші аяқтауға бәсеке. Тапсырма аяқталған кезде топ оқушылары қолдарын барлығы бірлесе көеріп белгі береді. Мұғалім белгісімен топтар бір-бірлеріне ауысып, жұмыстарды тексеру жасайды.
Тексеру аяқталған соң интербелсенді тақтада екі оқушы орындап түсіндіреді.

V. Үйге тапсырма беру: §2, 2.3. тақырып, №403 (2,4), №404 (2,4), №406 (2)

VI. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
(көшбасшының бағаларын ескеру).

Бағалау критерийлері:
• топтық жұмысқа қатысуы
• сабақтағы белсенділігі
• ережелерді дұрыс айтып, есептерді дұрыс шығаруы;


Топ көшбасшысының бағалауы.
Топтардың бірін бірі бағалауы.
Оқытуды бағалау.
  • 0
 қаралды: 696
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама