Жарнама

авторы: Гулжузим (30 қаңтар, 09:01 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жай бөлшектерді көбейте білуге үйрету;
жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін
пайдалана білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: бөлшекті бөлшекке көбейту,бөлшекті натурал санға
көбейту,аралас сандарды көбейту ережелерін
есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілік: есептер шығару барысында өз бетімен жұмыстануға
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру
2. қайталау сұрақтары:
1) бөлімдері бірдей аралас сандарды қалай азайтылады?
2) бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қалай азайтылады ?
3) натурал саннан аралас санды қалай азайтылады?
Жаңа сабақ:
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін,олардың алымдарын көбейтіп,алым етіп,бөлімдерін көбейтіп,бөлім етіп жазу керек.
a/b∙c/d=(a∙c)/(b∙d) Мұндағы a,с – натурал сандар немесе нөл саны,
b,d- натурал сандар.
Мысал: 1)
2)
Бөлшекті натурал санға көбейту үшін,бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп,нәтижесін алым етіп,бөлімінің өзін қолдану керек.
a/b∙n=(a∙n)/b Мұндағы n-натурал сан
Мысалы:
Аралас сандарды көбейту үшін:
оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек;
бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек;
Мысалы: 1)
2)
Аралас санды натурал санға көбейткенде,аралас сан бұрыс бөлшек түрінде жазылып,бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қолдану керек.
Мысалы:
Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса,онда көбейтінді де нөлге тең.
Мысалы:
Есептер шығару:
Сыныпта: № 740(ауызша), № 741, № 743, № 745.
Үйге тапсырма: № 742, № 744.

Бекіту сұрақтары:
бөлшектер қалай көбейтіледі?
натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеді?
аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер.

Қорытынды: Оқушылар бөлшекті бөлшекке көбейту,бөлшекті натурал санға көбейту,аралас сандарды көбейту,есептер шығаруда қолдана біледі.
  • 0
 қаралды: 3828
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама