авторы: uljan19 (6 қаңтар, 17:01 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға стандарттық бағдарлама құрамындағы блокнот және калькулятормен таныстыру, жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Саралап – деңгейлеп оқыту технологиясы, My test, Кітаппен жұмыс, Стикерлермен диалог
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Өткен материалды қайталау

Үйге тапсырмасы тестпен жұмыс
My Test бағдарламасымен оқушылар тест орындайды
1. Суретті мәтінге қосудың неше тәсілі бар?
А) 4
В)3 *
С)2
2. Қандай стандарттық бағдарламалар бар?
А) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Ойын ;
В) WordPad, Paint, Калькулятор, Мультимедиа;
С) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот;*

3.Ctrl+C пернесі қандай қызмет атқарады ?
А) көшіру*
B) орнына қою
С) қиып алу
4. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?
А) Бас тіркеме беті *
В) Кірістіру
С) Бетті белгілеу
5. батырмасы мәтіндік... етеді.
А) Курсив*
В) Асты сызылған
С) Жуан курсив.
6. батырмасы мәтіндік... етеді.
А) Курсив
В) Асты сызылған*
С) Жуан
7. Кегль деген не?
А) Әріптің түрі
В) Әріптің мөлшері*
С) Әріптің мәнері.
8. Гарнитура деген не?
А) Әріптің түрі*
В) Әріптің мөлшері
С) Әріптің түсі
9. Сызығыштың көмегімен не істеуге болады?
А) Шегіністер орнатуға*
В) Маркерленген тізімді баптауға
С) Жоларалық интервалды анықтауға
10. Абзацты түзулердің ішіндігі артығы қайсы?
А) Сол жақ шеті бойынша
В) Абзац бойынша *
С) Оң жақ шеті бойынша

Үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлу.
1-топ – «Блокнот»;
2-топ – «Калькулятор».

III. Жаңа сабақ
Блокнот және Калькулятор
Блокнот-мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған. Блокноттың қызметі – мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында Блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы – ол өте жылдам жүктеледі. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
Бастау – Барлық бағдарламалар – Стандартық – Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі. Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз. Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады. Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.
Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа программаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор сандық ақпаратты өңдеуге арналған.
Калькуляторды іске қосу: Бастау – Барлық бағдарламалар – Стандартық – Калькулятор. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастыру. Сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгіземіз.
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады, сонан соң сендер соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.


IV. Сабақты бекіту тапсырмалары
(Тақырыпқа байланысты деңгейлік тапсырмалар орындалады)
А деңгейі «Біз мәтін жаза аламыз»
Көктем
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.

В деңгейі «Тапқыр болсаң шешіп көр»
№ 1 Есеп
Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?
35/7=5
Қаздың салмағы – 5 ке тең
№ 2 Есеп
Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
(567+127)*3= 2082
Қоймаға 2082 килограмм жылқы еті әкелінді.

«Би терапиясы» арқылы сергіту сәті орындалады.
С деңгейі «Стикерлермен диалог»
1. Мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым редактор?
2. Сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі?
3. Блокнот бағдарламасын қалай іске қосамыз?
4. Сандық қосымша пернетақтаны қалай қосуға болады?
5. Тақырып жолы, Меню жолы, Жұмыс өрісі, Айналдыру жолағы қай бағдарлама элементтері?
6. Қарапайым және инженерлік болып бөлінетін бағдарлама?
7. Backspace пернесінің қызметі?
8. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?

4 – Шығармашылық деңгей - «Инфо - диктант»
«Блокнот» тобына
Блокнот бағдарламасын іске қосу үшін ………………………… ……………….. Блокнот терезесінің элементтері … ……. Блокнотты сақтау үшін …… …. ………. командасын ашып, сақтау қосымшасын шертеміз.

«Калькулятор» тобына
Калькулятордың …………….. және ……………………… түрі болады. Калькуляторды іске қосу үшін …………… ………….. ………………………….. командасын орындаймыз.

V. Қорытындылау
«Бір сөзбен» әдісі арқылы сабағымызды қортындыласық.
Берілген 12 сөздің ішінен өздеріңнің бүгінгі сабақтағы жағдайларыңды сипаттайтындай 1 сөзді таңдаңыздар.
ТӨЗІМДІЛІК, ҚУАНЫШ, ШАБЫТ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ, ҚАНАҒАТТАНУ, РАХАТТАНУ, ЗЕРІГУ, СЕНІМДІЛІК, АЛАҢДАУ, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ, ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ.

VI. Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқу, ребус жасау
VII. Бағалау
  • 0
 қаралды: 23
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама