авторы: bibigul6509 (28 желтоқсан, 19:12 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Сілтеме : Жоспар, 7-сынып Алгебра оқулық А.Е.Әбілқасымова ,К.Д.Шойынбеков,
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формуласымен таныстыру, осы формулаларды қолданып, өрнектерді түрлендіруді үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың формула қолдану, дәрежеге шығару білімдерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Тақырыпты толық меңгереді,ерекшеліктерін пайдалана отырып есептерді шешуді ұсына алады
Түйінді идеялар:
Оқушылардың бүгінгі сабаққа білетін білімдері арқылы кіру:
Оқушылармен диалог құру арқылы сыни ойлауға үйрету,берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету;
Оқушыларды топпен бірлесе отырып, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі бағалай білуі.
Оқыту әдістері:
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы,Оқытуды басқару және көшбасшылық диалогтік оқыту, бағалау, АКТ "Миға шабул," Ыстық орындық"
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
2.Қайталау
Мына формулалардың ішінен қатесін тап:
(а-b)(a+b)=a2-b2 a2-b2=(а-b)(a+b) a2+ b2= (а-b)(a+b)
№ 157 (х-0,6)(0,6+х)+5-х2= х2-0,36+5- х2=4,63
№154. Көбейткіштерге жіктеңдер. Мына формулаға келтіріп: a2-b2=(а-b)(a+b)
Қатесін тап:
с2-0,64=(с-0,64)(с+0,64)
16- у2=(4 - )(4+ )
169-m2=( __ -m )(__ + m)
Мағынаны тану
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Интербелсенді тақтада берілген слайдта көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау,әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты табу керек. Бұл тапсырманы оқушы орындай отырып, тақырыпты өз бетімен игереді, түсінбеген жерін түртіп алады және ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады. Топпен жұмыс жасау арқылы мынадай тұжырымға келеді.
(а+b)(a+b) көбейтіндісін қарастырайық: (а+b)(a+b) = (a+b)2 (А) тең болатыны белгілі.
Ал осы өрнекті көпмүше түрінде жазсақ қалай жазылады екен? Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы (а+b)(a+b) =аа+ аb+ аb+ bb = a2+ 2аb+ b2 (В) екі формуланың сол жақтары тең болған соң оң жақтарыда тең болады (a+b)2 = a2+ 2аb+ b2 (1)
Бірінші формуланың тұжырымдамасы:
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты, екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өренктің квадратының қосындысына тең

Ереже мәтіні Формула түрінде
Екі өрнектің қосындысының квадраты (a+b)2
бірінші өрнектің квадраты a2
екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі 2ав
екінші өренктің квадратының В2
Қосындысына тең
Екі өрнектің айырымының квадраты
(a-b)2 = a2- 2аb+ b2 (2)
Екінші формуланың тұжырымдамасы:
Екі өрнектің айырымының квадраты бірінші өрнектің квадраты,минус екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өренктің квадратының қосындысына тең.
Қарама қайшылықты табу
Екі өрнектің қосындысының квадраты Екі өрнектің айырымының квадраты
(a+b)2 (a-b)2
(a+b)2 = a2+ 2аb+ b2 (a-b)2 = a2- 2аb+ b2
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтада жаттығу жұмыстары көрсетіледі
Оқушылар орындарынан тұрып жаттығуды қайталап бойларын жазады
Ой толғаныс
Оқулықпен жұмыс .Есептер шығару.
Көпмүше түрінде жазыңдар
(m-5)2=m2- 2m5+52= m2- 10m+25
( -m+5)2-орнын ауыстыру
( -m-5)2=(-(m+5))2=(m+5)2= m2+ 10m+25
Сабақты бекіту :"Ыстық орындық" арқылы
Әр топтан ортаға оқушы шығып бүгінгі сабақ жайлы айтады.
Үйге: Оқу формулаларды, ережелерді жаттау,есеп беріледі
Бағалау:Бағдаршам бағалау парағы
Рефлекция :Стикерге жазу.
  • 0
 қаралды: 320
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама