авторы: әсет (23 қараша, 02:11 жарияланды)
Тақырып: Алғашқы қоңырау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ғ.Қайырбековтың"Алғашқы қоңырау "өлеңінің мәнін ашып, мазмұнын түсіндіру.Қазақ даласына білім ошағын жаққан ағартушы ұстаз-Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері туралы оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелігі: оқушыларды еңбекке,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: мәнерлеп оқуға, өлеңді талдай білуге,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Түрі: аралас
Типі: жаңа сабақ
Әдісі:әңгімелеу,сұрақ - жауап
Көрнекілік: слайдтар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте-дей келе,ардақты ана тілімізбен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Тест жұмысын беру.
Жаңа сабақ:
Кіріспе.
Балалар,біз қазір мектепте оқып жүрміз.Мектеп білім ордасы екенін білесіңдер. Қоңырау соғылып біз сабаққа кіріп,сабаққа дайындалып жатырмыз.
Бүгінгі сабақта Ғафу Қайырбековтің"Алғашқы қоңырау "өлеңімен танысамыз.
Ақын Ғафу Қайырбеков 1928жылы Торғай қаласында дүниеге келген.Ол1952жылы Алматыда қазақ педагогикалық инстетутін бітірген. Одан кейін "Жазушы "баспасы, "Қазақ әдебиеті "газетінде жұмыс істейді.Ақын әр түрлі тақырыптарда өлеңдер, поэмалар жазған.
Қызығушылығын ояту.
-Балалар "алғашқы қоңырау "деген сөзді қалай түсінесіңдер.
Ы.Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық " өлеңі бойынша берілген сөзжұмбақты шешу.
Сұрақ: Балалар қазақ даласында ең алғаш ұстаз кім болған?
Балаларға есімі ешқашан ұмытылмайтын Ыбырай Алтынсарин жайында мағұлымат беру.
Оқулықпен жұмыс:
Ғ.Қайырбековтың "Алғашқы қоңырау "өлеңін мәнерлеп оқу.
Шығармашылық тапсырма.
Өлеңді барлығымыз бір жолдан жаттап айтайық.
Сұрақ-жауап
-Өлеңді оқығанда көз алдымызға нелер келеді?
-қоңырау,кітап,күн.
Суретпен жұмыс
-кітап,қоңырау,күн суреттерін салу.
Сергіту сәті. Білім туралы мақал-мәтелдер айту.
Жаңа сабақты бекіту Тест
Сабақты қорытындылау."Мен саған, сен маған "сұрақ-жауап ойыны.
Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бағалау.
  • 0
 қаралды: 222
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама