авторы: gulen_98.98 (21 қараша, 21:11 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп.Қыс. Айнала күміс қар.

Сабақтың мақсаты: 1. Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.
Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін
Қалыптастыру.
2. Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру.
3. Дыбыс пен әріптің ереккшелігімен
Айырамшылығын ажырата білуге йрету. Табиғатқа
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Кеспе сурет «Қыс», Ж.Аймауытов суреті.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.

ПӘН аралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: -Үйге қандай тапсырма берілді? -Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?

Ш. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: - Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады? - Балалар, сөз неден құралады? - Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?

ІV. Мақсат қою кезені: -Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді? –Ең қызығы не?

V. Жаңа сабақ: -Қазір жылдың қай мезгілі? –жақсы. –Ендеше оқулыкпен жұмыс кітабымыздың 12 бетіндегі 9-жаттығуға қараймыз. Тапсырма бойынша сөз алдына әріп қойып жазамыз. Өзі, есті, ұрды. Үлгі: өзі-сөзі. Өзі сөзінің алдына қай қойылады, өзің қосқан әріптің астын сыз. Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал. Өлең. Айнала күміс кар: Өлеңді тібектей отырып оку
Енді не тұрыс бар?
Ал кеттік, балалар,
Бітпеген жұмыс бар.
Айнала ақ айдын,
Бәрі аппақ маңайдың.
Тазартып тастайық,
Ауласын ағайдың.
Сергіту сәті: 10 жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қара әріппен жазылыған сөздердің жазылуын біліп алу. Мына сұрақтарға жауап беру. 1. Дыбыс Д қалай түсінесің? 2. Әріп дегеніміз не? Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту. Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу.
Қыс
Ж.Аймауытов «Қыс»
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ. бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар ...
Қылаулатқан қырау бар.
Қиы қатқан бұзау бар...
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.

VI. Жаңа материалды пысықтау: - Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау. -Ал енді дыбыс пен әріп туралы ережені кім пысықтап береді?

ҮП. Бекіту кезеңі: Жұмбақ, жаңылтпаштар.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Айнала күміс қар өлеңін жатқа айту.

Қызықты математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, , санамақ, викторина, тест, ертегі есеп, өлең есеп, .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз? Әсем табиғат
3. Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
- Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы
таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын.
- Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса қоса аламыз?
- Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.
Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық. . .
4. «Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1- ағаш тапсырмасы:
«Баспалдақ» ойыны
9 -1=8 4+2=6 8-8=0 7+2=9 5+3=4-2=2 8-5=3 5+2=7 6+1=7
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)
Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
- Тағы қандай үлес қосамыз.
- Гүл егеміз.
- Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.
Қызғалдақ тапсырмасы. Бейне сұрақ. Рахат. Бақытжан.
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Раушан гүл тапсырмасы.
Математикалық санамақ айтып жарысу.
4-дегенім жақсы баға,
1-дегенің жаман баға,
- Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қане құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.
6. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 5 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (3 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 6 үйрек,
Қорада 2 үйрек,
1 үйрек тығылды
1 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (6 үйрек)
1 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (14)
15
Табақта 5 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (10 алма)
Қолымда 5 алма
3-ін бердім апама,
2-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (0 алма)
10 асықтың 3-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (7 асық)
Математика
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Суреттегі фигураларды анықтау
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
  • 100
 қаралды: 158
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама