авторы: Aina (31 қазан, 23:10 жарияланды)
Пән: Айналадағы әлем
Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Сабақтың мақсаты: Жемістер туралы түсінік беру, түстері мен пішіндерін ажыратуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Жемістердің пайдасы жайлы түсіндіру.
2. Түзету-дамытушылық: Көру және есту зейіндерін қалыптастыру. Ұсақ моториканы дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.
3. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сөздік жұмыс: алма, алмұрт, апельсин.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілік: жемістердің суреттері, муляждар. «Жемістер» тақырыбына байланысты презентация.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Керекті құрал-жабдықтардың жеткілікті болуын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық бағыт.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарды көргенде,
Қуанып бір қаламыз.
Артикуляциялық жаттығу.
«Тіс тазалау» жаттығуы. Езулерін тартып, тістерін көрсетеді. Тілдерінің ұшымен жоғары тістерін және төменгі тістерін тазалайды.
II. Негізгі бөлім.
Өткенді қайталау.
1. Сұрақ-жауап.
- Көкөністер қайда өседі?
- Қай мезгілде піседі?
- Көкөністі қандай тағамға пайдаланамыз?
2. «Артығын тап» ойыны.
Жаңа сабақ
- Балалар, мына себеттің ішінде не бар екен?
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жемістер.
Презентация «Жемістер».
- Мынау нелер?
- Бір сөзбен қалай айтамыз?
- Олар қайда өседі?
- Алма қандай?
- Алма домалақ, қызыл, тәтті. (Қолға ұстап көреді).
- Жеміс бағындағы дәрігердің кеңесіне құлақ салайық, балалар. Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р – дәрумендері (витаминдер) бар. Бұл витаминдер сендердің ағзаларыңа өте пайдалы. Жеміс-жидектерді көбірек жесеңдер, әрқашан көңілді болып жүресіңдер. Тістерің ауырмай, берік болып өседі. Денсаулықтарың мықты болады. Тез өсесіңдер. Тамаққа тәбеттерің жақсы болады. (Кейбірінің дәмін көреді, алма, алмұрт, банан)
Сергіту сәті.
Бағымызға барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, дәмдісін,
Анамызға сыйлайық.
Сабақты бекіту.
1. Ермексаздан жемістер жасау. (Әр түрлі пішінде жасайды).
2. Жемістерді түсіне қарай топтастыру. (Балалар жемістерді көлеміне және түсіне қарай топтастырады(.
3. Жемістерді бояу.
Дидактикалық ойын «Себетке жемістерді сал».
Шашылған жемістерді жылдам теріп себетке салу.
III. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың іс-әрекетін бағалау. Мадақтау.

  • 0
 қаралды: 37
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама