авторы: gulshat_75 (16 қыркүйек, 21:09 жарияланды)
Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың 1мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариін ұсынамыз:
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлін айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнр көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтің «Ана» атты өлеңі оқылады.
Ана
Сен бақыттысын,
Жыламағың !
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңірінен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылднамын.
Таусылып , өз-өзіңнен шашылмағың
Байрағы берекеңд і қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасына
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді...
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
(Звучит песня «Мы желаем счастья вам», сл. И. Шаферана, муз. С. Намина.)
Мы желаем счастья вам,
Счастья В этом мире большом!
Пусть оно захолдит в дом.
Мы желаем счастья вам.
И оно должно быт таким.
Когда ты счастлив сам.
Счастьем поделись с другим.
1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз- аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орыны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар- өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау танымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армасыздар, қасиетті аналар!
2-жүргізуші: Здравствуйте, дорогие учителя, гости, девочки.
С днем 8 марта, с праздником весенним,
С первыми цветами в этот светлый час,
Милые Дамы,
От души сердечной поздравляем вас!
Мы рады приветствовать вас в нашем зале. Во время концертной программы хождение по залу не допускается.
1-жүргізуші:
Көңілін Алатаудын ақ қарындай,
Мейірімін күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, -деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне орындауындағы « » атты әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Женщины окружают нас с первых минут на¬шей жизни. Мы очень любим их и благодарны им за внимание и заботу, а главное за то, что они сделали правильный выбор — отдали нас в школу. Из ласковых рук наших мам нас приняли нежные, но порой в «ежо¬вых рукавицах» руки учителей.
А теперь мы проведем игру «Знакомство с учителями»
Наши корреспонденты будут брать у вас интервью. (Вместо микрофона вилка с яблоком)
Вопросы:
1.Как давно вы живет в нашем ауле?.
2. Мектептегі ең сүйікті оқушымыз кім?
3. Как звали вашу первую учительницу?
4. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
5.Какое стихотворение из школьной программы вы помните?
6.Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара алсыз ба?
7. Какое событие школьного детства вы больше всего запомнили?
8. Ос мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
9. О чем вы мечтали в детстве?
10.Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
1-жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті « » биіне береміз.
2-жүргізуші:
Всех поздравляем с женским днем .
С весной желанной и капелью,
И ярким солнечным лучом,
И птиц весенних звонкой трелью!
Желаем дней счастливых ,ясных.
Побольше света и добра,
Здоровья, радости, успехов,
Покоя счастья и тепла!
Мы приглашаем на сцену 10 учителей. Мы проведем с вами игру «Вот это песня!» Мы разделим вас на две команды. Для 1-ой команды спеть песню «От улыбки хмурый день светлей» как младшая группа в детском саду, а для 2-ой команды «Песня момонтенка» как мужской хор.
2-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып осы мектепте істейтін аналарымыздың осы мектепте оқитын ұл-қыздары жүрекжарды тілектерін ұсынуға сіздердің алдарыңызға келіп тұр қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Ендеше сіздерге видео көруге ұсынылады.
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар- дей отырып біз осы сахнаға тек ғана анасына барлығымыздың алдында жылы лебізін білдіруге Н. Аркеновичты шақырамыз.
2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. «Алма ойыны»
1-жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда орындауындағы « » күйі. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы « » атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші: Это праздник послушанья,
Поздравленья и цветов,
Прилежанья, обожанья,
Праздник самых лучших слов. Приглашаем на сцену завуча по воспитательной части Искакова Куаныш Сайлаубековича.
2- жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

1-жүргізуші:
В школе чудные женщины есть:
Леди, дамы, сеньоры, фемины.
Не сочтите вы это за лесть,
Любят вас джентльмены-мужчины. –приглашаем на сцену Өзбекова Әли и Масгутова Санжара с песней « ».
2-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай баршамыз орнымыздан тұрып Балнұрмен қослып «Анаға сәлем» әнін орындайық.
  • 0
 қаралды: 266
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама