авторы: aru (9 қыркүйек, 17:09 жарияланды)
Мұғалім: Тлеубаева А.Т. Күні: 27.04. - 28.04. 2016ж Қаралды:_____________
Пән: Информатика
Сынып: 6 «а», «ә»

Сабақ №30
Сілтеме Оқулық информатика Арман ПВ 2013

Сабақтың тақырыбы:
Кестелерді, суреттерді, бейнені жəне дыбысты кірістіру.

Жалпы мақсаты Оқушыларды MS Power Point бағдарламасында презентацияға кестелерді, суреттерді, бейнені, және дыбысты енгізуді үйрету.

Күтілетін нәтиже: MS Power Point бағдарламасында презентацияға кестелерді, суреттерді, бейнені, және дыбысты енгізуді үйренеді.
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер сұрақ – жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыс.
Құрал-жабдықтар: Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру. «Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары» тақырыбы бойынша ауызша сұрақтар қою арқылы өткен материалды еске түсіру Мұғаліммен сәлемдеседі.
Үй тапсырмаларын айтады.
2. Негізгі бөлім
Бүгінгі сабағымызда балалар, слайдқа түрлі объектілерді кірістіруді үйренеміз. Слайдқа кесте, сурет, бейнені және дыбысты кірістіруге болады және объектілерге анимациялық әсер орнатуға болады.
1. Кестемен жұмыс:
А) Слайдқа кесте кірістіру амалы: мәзір жолынан Вставка – Таблица командасын орындап, керек баған мен жолдар санын енгізіп кесте құруға болады.

Б) Вставка – Вставить таблицу командасын орындап, пайда болған Вставка таблицы терезесінде Число столбцов өрісіне баған саны, Число строк өрісіне жолдар саны енгізіліп, ОК батырмасын басу керек.
2. Суретпен жұмыс:
А) Құжатқа сурет кірістіру үшін келесі амал орындалады: Вставка – Клип. Құжаттың оң жағында пайда болған терезеде Начать батырмасын басып, қажетті суретті таңдауға болады. Таңдаған суретің құжатқа енгізіледі. Суретті кезкелген жерге орналастыру үшін келесі амалды орындаймыз: Формат – Положение /ішінен кез-келген орналасуын таңдауға болады/.
Ә) Компьютерде орналасқан басқа суретті кірістіру үшін Вставка – Рисунок. Пайда болған Вставка рисунка терезесінен керек суретіңіз орналасқан қапшықты таңдап, қажетті суретке тінтуірмен басып, Вставить батырма-сын басу керек. Суретті Формат – Положение командасын орындап құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады.

3. Бейнемен жұмыс:
А) Құжатқа бейнені кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка – Фильм- Фильм из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен кез-келген бейнені таңдау керек.
4. Дыбыспен жұмыс:
А) Құжатқа дыбысты кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка – Звук - Звук из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен пайда болған дыбысты таңдау керек.
Мағынаны тану. (15-20 минут)
Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
Слайдқа кесте, дыбыс, сурет, бейне кірістіру. Керекті жерлерін жазып отырады.

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды.

3. Қорытынды бөлім • Кестені кірістірудің неше әдісі бар? Оларды ата.
• Суретті қандай команда арқылы кірістіреміз?
• Бейнені кірістіру командасы?
• Дыбысты кірістіру амалы? Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Рефлексия • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
• Мен білдім ... Мен үйрендім ... Маған ұнады ... Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
Үйге тапсырма Кесте, бейне, сурет қолданып «Дұрыс тамақтану-Денсаулық кепілі» тақырыбына презентация құрыңдар.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады
Бағалау Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау. Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.
  • 0
 қаралды: 291
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама