авторы: aru (9 қыркүйек, 17:09 жарияланды)
Күні: 15.10.2015ж Қаралды:_____________
Мұғалім: Тлеубаева А.Т
Пән: Информатика
Сынып: 10
Сабақ №7
Сілтеме Оқулық. Интернет ресурстарын қолданады
Сабақтың тақырыбы: Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Терезелер. Тәжірибелік жұмыс.
Жалпы мақсаты Оқушыларды визуалды программалау тілдерімен, Visual Basic 6.0 программалау тілінің негізгі қызметімен таныстыру.
Визуалды программалау тілдерінің ішінде Visual Basic 6.0 программалау тілінде қарапайым программа құруды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
жаңа тақырыпты меңгереді, білімдерін толықтырады, Visual Basic программалау тілінің негізгі қызметімен танысады.
Негізгі идеялар
Қолданылатын әдістер сөздік, көрнекі, практикалық, сұрақ жауап

Құрал-жабдықтар: оқулық, карточкалар
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал туғызу
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу


2. Негізгі бөлім
Біз Visual Basic 6 версиясын – осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып – үйренуі бастаймыз. Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішімдер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастұруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады.
Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс Basic стандартттық тілінің кеңейтілген версиясы.
Visual Basic – ті іске қосу Пуск – Программы - Visual Basic - Visual Basic6 командасымен жүзеге асырылады.
Терезе үш қосымша беттен тұрады. New (Жаңа жоболар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар).
New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.
Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады.
Recent қосымша беті Existing қосымша бетне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.
Visual Basic пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады. Алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан New қосымшабетіндегі Standard EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал-саймандармен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта деп те атайды.
1. Экранның жоғарғы жағында негізгі немесе Бас мәзір деп аталатын мәзірлердің қатары орналасқан.
2. Бас мәзірдің төменгі жағында құрал-саймандар панелі орналасқан. Бұл панельде Бас мәзірдің командаларын жылдам орындайтын батырмалар шоғырланған. Егер экранда құрал-саймандар панелі көрінбесе, онда оны View-ToolBars-Standard командасын орындау арқылы шығаруға болады.
3. Visual Basic компоненттері панелі
4. Үстіне Visual Basic компоненттерін орналастырып, терезелі қосымша жасау үшін қолданылатын қалып немесе форма терезесі орналасады.
5. Форманың астыңғы жағында орналасқан форма конструкторы
6. Форма макеті терезесі
7. Проектілер терезесі
8. Visual Basic компоненттерінің қасиеттерін өзгерту үшін қолданылатын Қасиеттер терезесі орналасқан.
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта File меню тұр. Ол қолданбаларында құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.
File менюінен кейін Edit менюі келеді. Онда алмасу буферімен ойып алу, көшірмелеу және кірістру іспетті стандартты операциялар орындалады.
View менюінде әр түрлі құрауыштар мен инструментттерді қарау режимдері қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай – ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға болады.
Project менюі – жобаның жүрегі.
Format менюі командалары элементтер мен пішіндердің өлшемдері мен орналасуын анықтайда.
Run менюі командалары қолданбалы іске қосады және тоқтатады, бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды.
Tоols менюінен процедралар қосуға және олардың қасиеттеріне мән беруге болады.
Add-Ins-менюінде қондырма аталатын қосымша тиімді құралдар бар.
Wіndоws менюінде ашық терезелермен жұмыс бойынша таныс командалар.
Неlр менюі дегеніміз-Visuаі Basic бағдарламалау тілінің қайсыбір қызметтері немесе
құрауыштары ортасымен жұмыс істеу бойынша жөн сілтегіш арқылы шақырылатын командалар.
Оқушылар белсене қатысады.
Сабақ құрылымымен таныстырылады.
3. Қорытынды бөлім

Компьютермен жұмыс
Тапсырма орындау
VB ортасында практикалық жұмыс №1"Пішінді шерту"
Жұмыстың орындалу реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішін қасиетін келесідей ертеміз:
3. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:
Form1.Print "Пішінді шерту"
4. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады. Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады.
5. Жобаны сақтап қойыңдар.

Компьютермен жұмыс
Тапсырма орындау
VB ортасында практикалық жұмыс №1«Пішінді шерту»
Пішінді тышқанмен шерткен сайын «Пішінді шерту» хабарламасы шығу керек

Рефлексия
Әр оқушы бүгінгі сабақта қандай әсер алғанымен бөліседі. Әр оқушы бүгінгі сабақта қандай әсер алғанымен бөліседі.
Үйге тапсырма
Үйге берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.
Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.
Бағалау Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне қарап бағалау.
  • 0
 қаралды: 246
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама