авторы: fati (20 тамыз, 01:08 жарияланды)
Пән аты: Информатика
Класы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Paint редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қарапайым редактор туралы түсінік бере отырып, суретті ашу және сақтау туралы мағлұмат беру. Оқушыларды графикалық редактормен жұмс істеуге үйрету.Түзу сызықтар тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін үнемі қадағалап отрыуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
6.Бағалау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Paint графикаық редакторы:
Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.
Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.
Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері – 3D-графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.
Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мысалы сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – Paint графикалық редакторын пайдаланасыңдар жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.
Бейнелерді сендер сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыңдар.
Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздерінің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.
Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ, Paint ортасында графиканы өңдеу қағидаларын үйреніп алсаңдар, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:
• Енгізу құрылғылары (сканер,тышқан,графиклық планшет және т.б.):
• Грфикамен жұмыс істеуге араналған программалар (графикалық редакторлар).
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint ( ағылшынша сурет,сурет салу)-бұл расторлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық расторлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады.Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.
Бұл-бейненің әр нүктесін өзгерте алтынымызды білдіреді!
Пиксель (ағылшынша picture element-суреттің элементі) – росторлық бейненің ең кішкентай элементі.
Мөлшерін өзгерткенде растырлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.
• Paint батырмасы шертіңдер:
• Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдандар.
• Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезенде оны жиі сақтап отыру керек.
Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылатын есімізге түсірейік.
1. Өз суреттіңді мұғалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегін_Сынып (мысалы, Суреттер_Сәрсенбаев_5А ) бумасын құрыңдар.
2. Смайликтік суретін салыңдар.
3. Paint – Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар.
4. Өз суреттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі пішімді таңдауларың керек.
5. Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.
6. Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді (Қосымша – Кесте батырмасы) орындаңдар.
7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.
Сонымен суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады.
Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.

Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Түзу сызық сызу
Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:
1.Линия батырмасын шертеміз
2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.
3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.
5.Маустың батырмасын жібереміз
Төртбұрыштар мен квадраттар салу
Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.
2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.
3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар
4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын шертіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.
2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.
3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс және шеңбер салу
Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:
1. Эллипс батырмасын шертіңдер.
2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.
3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.
4. маус батырмасын шертіңдер.
Қисық сызықтарды салу:
1.Кривая құралының батырмасын шертеміз
2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз
3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз
5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз
Көпбұрыштар салу:
1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз
2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз
3.Бірінші сызықты саламыз
4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.
Құю (Заливка) құралын пайдалану:
1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз
2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз
3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз
Бүріккіш құралын пайдалану:
1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.
2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.
4.Бояуды бүркеміз.
Қылқаламмен сурет салу:
1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.
2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.
6.Маус батырмасынжібереміз.
Өшіргіш құралын пайдалану:
1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.
2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.
3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
4.Батырманы жібереміз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
 Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?
 Графикалық редактор деген не?
 Paint дегеніміз не?
 Суретті сақтау қандай бұйрықтар орындалады?
 Суретті ашу үшін қандай бұйрықтарды орындаймыз?
 Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
 Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
 Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
 Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
 Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Үйге тапсырма: Қарапайым графикалық редакторы.Суретті ашу,сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Бағалау:
  • 0
 қаралды: 175
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама